101
2 СЕКЦИЯ
«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ
ҚОЛДАНУ»
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ – ЕРЕКШЕ МАҢЫЗДЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА
Бажикова Бақтыгүл Оңғалиқызы
Ақтау технологиялық
қызмет көрсету колледжі
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда экономикалық, экологиялық, әлеуметтік
жағдайлардың әсер етуінің салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар саны көбеюде. Мемлекет
осындай балаларға көп мән беріп, назар аударуда.
Зерттеудің өзектілігі, маңыздылығы - арнайы білім беру мекемелерінде интелектуалдық
проблемалары және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың
өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты.
Өзгелерге
білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт.
Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму.
Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол
әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол
кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік
болары анық.
Сөз басын талантты педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма
Қыраубаева апайымыздың айтып кеткен ұстаздық жауһар жазбаларынан үзінді келтіре отырып
бастауды жөн санап отырмыз.
Тағылым берер, ұстаздық жолдың ұлағатын сездірер алтын
көмбе – ой орамдары кез келген ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Әрі осы жинақтағы әдіс-
тәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар, әр сабағына шығармашылықпен пайдаланып,
түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына үміт арттық.
Мақсаты
-
өздігімен дамитын, өз бетінше қандай да болмасын жағдайға шешімін таба алатын
ТҰЛҒАНЫ қалыптастыру.
- әр баланы мүмкіндігі мен қабілеті бағыттап оқыту.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттірді орындау қажет:
-
баланың қабілеті, қызығушылығы мен даму деңгейін ескере отырып, оқуға деген
дағдысын қалыптастыру;
-
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген баланың қызығушылығын жоғарылату;
-
тұлғаның жан-жақты дамуының негізі ретінде баланың ақыл-ой,
жеке және
шығармашылық дамуын жетілдіру, кәсіпке баулу.
Бұл әдістемелік баяндама мүмкіндігі шектеулі балалармен арнайы кәсіптік білім беру
бағытта жұмыс жасайтын оқытушыларға арналған.
Әдістемелік және инновациялық технологиялар білім беру сапасын арттыруға, болашақ
түлектердің кәсібі мамандақтарын толық игеріп, сұраныс нарығының
талаптарына сәйкес
жоғары бәсекелік қабілетті болуына қажетті әдістемелік және инновациялық технологиялар
бойынша жұмыстарын ұйымдастыратын, жоспарлайтын, бақылайтын және жүзеге асыратын
колледждің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Барлық
саналы баланың білім алып, ел қатарлы өмір сүруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Арнайы білім берудің де негізгі талабы мүмкіндігі шектеулі балаға сауатты оқу мен
жүйелі тәрбие беру екенін алға қояды. Әйтсе де, жаратылыстың заңдылығына байланысты,
бәрі мінсіз емес.
Тағдырдың жазуымен әркімнің басындағы жағдайы әр қилы болатыны белгілі. Елімізде
осындай жандарды бағып-қағып,
тәрбиелеп, білім беруді де мемлекетіміз өз қамқорлығына