Әдебиеттер
1. Құнанбаева С.С. Шет тілдерін оқытудағы замандану тенденциясы. Қарағанды, 2001
2. ГальсковаН. Д. Шет тілін оқытудағы заманауи әдіс. М. Аркти 2000
3. Касымова Г. М. Коммуникативная компетенция в обучении ИЯ. Алматы,2001
4. Қазақбаева Д. Құзыреттілік тәсіл нәтижеге бағдарланған білім беру негізі // Білім
берудегі менеджмент. 2009. № 4. С. 6469.
5. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений//
В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов. - М.: Школа_Пресс, 1998. - 512 с.
6. Терентьева Т. П. Профессионально-педагогическая компетентность учителя //
Педагогика: традиции и инновации: материалы IV междунар. науч. конф. (г. Челябинск,
декабрь 2013 г.). — Челябинск: Два комсомольца, 2013. — С. 193-196.
7. Белошниченко Е. Құзыреттілік педагогикасы: проблемалары, ізденістері, шешімдері //
Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2011. № 1. С. 1016 .
ТУРИСТІК-ӨЛКЕИАНУ ЖҰМЫСЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ПАТРИОТТЫҚ БІЛІМ
БЕРУДІҢ ҚУАТТЫ ҚҰРАЛЫ
Шопанов Сарсен
Маңғыстау туризм коледжі
Қазіргі Қазақстанның тамаша ерекшеліктерінің бірі ішкі және сыртқы туризмді
дамытуды мойындауы. Бұл тақырыпты ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдаған Жолдалаулары мен басқа да сөйлеген сөздеріне үнемі айтылуда. «Нұрлы жол
– болашаққа бастар жол» Жолдауында да елімізде туризм индустриясын дамытудың
маңыздылығына тоқталады. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің
Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың 2019 жылға арналған жол картасында да
«Маңғыстау – маңғаз өлке» экскурсиялық турын өткізу туралы мәселе келтірген. Міне
елімізідің назар аударып отырған туризм-өлкетану саласы білім беру ұйымдарында бастау
алатыны, туризм туралы алғаш түсінік мектеп және колледж табалдырығынан берілетіні
белгілі. Сондықтан осы кездесуде сіздерді туризм-өлкетану қызметі неге керек деген мәселеге
назар аудартамын.
Енді сол ұйымдастырылған білім беру ұйымдарында оқушы немесе студенттермізді
туризм және өлкетануға тарта отырып азаматтық тәрбие беруді қалай ұйымдастыруымыз керек?
Осыған тоқталсақ. Паттриоттық білім беру осы төрт негізде қалыптасады.
1.Туған өлкені
тану
2.Тарихи
тұлғаларды
тану
3.Тарихи-
ескерткіштерді
жәдігерлерді тану
4.Туған жерінің
табиғатын тану
98
1.
«Туған жер, өзің дегенде,Жүрегім әр кез елеңдер.Бір сезім билеп алады, Жүрегім
дүрсіл қағады»,- деген өлең жолдары кім-кімді де тебіренпей қоймайды. Туған жер... Туған ел...
Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр
адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен
пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім,
мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай
тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Туған жер... Сан ғасырдан бері көптеген
жырларға, әндерге, дастандарға арқау болған мәңгі тақырып. Әр адамға кіндік қаны тамған жері
ерекше ыстық болатыны заңды құбылыс. Дүние есігін алғаш ашып, аяулы ата-ананың ыстық
ықыласына бөленіп, асыр салып ойнап, өскен орда.Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен,
бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Туған
жері, туған елі туралы, тарихы мен мәдениеті туралы әрбір азаматтың хабардар болғаны жақсы,
ал егер мақсаты Отанымыздың өткені мен бүгінін баяндап, халықты отансүйгіштікке
шақыратын бағдарлама жарық көрсе, тіптен керемет емес пе? Осындай игі бастаманы Елбасы
ұсынды. Бұл ұсыныс республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде көшбасшының «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жарық көрді. Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген
сүйіспеншілік кішкентай өлкеден, қаладан, алғаш қадам басып, ата-ананың ыстық ықыласына
бөленген отбасынан, алғаш қолыңа қалам алып, әріп таныған мектебіңнен, бірге ойнап-
ренжіскен достарыңнан басталатынын айтып өтті. Өскелең ұрпаққа, жастарға дұрыс бағдар
беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлт болашағы үшін жасалатын міндетті жұмыстардың бірі.
Туған елге деген сүйіспеншілікті жастардың бойына дарытудың алуан түрлі жолы бар,
солардың бірі – еліміздің тарихи өлкелерін таныту, құнды жәдігерлерімізбен таныстыру.Ұлан-
ғайыр еліміздің кез-келген аймағынан ежелгі, ортағасырларға және жаңа заманға қатысты
тарихи жәдігерлер мен деректерді көптеп кездестіруге болады.Туған өлке әрбір адамға ыстық
өлке болуымен қатар, халқымыздың басынан кешкен сан ғасырлық тарихтан сыр шертетін асыл
мұра. Кең байтақ қазақ жерінде қанша тарих, қанша сыр, бізге бірі белгілі, бірі белгісіз аңыз-
әңгімелер, оқиғалар жатыр десеңізші. Әрбір қарапайым адамның өмірінен тамаша туынды
жазуға болатын болса, ел маңдайына біткен ерекше тұлғалар, ел бастаған, қол бастаған қанша
азаматтар мен азаматшалар туралы сыр да кең дала қойнауында. Қазақстанның жарқын
болашағының іргетасын қалайтын жастар, өскелең ұрпақ екені белгілі, және сол ұрпақтың
саналы, көзі ашық, өткені мен болашағын айқын танитын болуы абзал.
2.
Тарихының тамыры тереңге тартқан Маңғыстау жері талайларды тамсандырған.
Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған ғажап өлке.
Ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талатын қазақтың кең байтақ даласына не
жетсін!
Маңғыстау жері – көне мәдениеттің куәгері. Өлкеде археологиялық қорықтар, 11 мыңға
жуық аспан астындағы тарихи ескерткіштер, мыңнан астам тасқа қаланған жазбалы суреттер
бар. Қасиетті мекен 362 әулиесімен танымал: Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей, Кавказ, Иран,
Түркия елдерінен келіп, зиярат етушілердің орталығы.
Маңғыстау... Бұл атауды естігенде соңғы кездері көп адамдардың санасында ашылып,
игеріліп жатқан мұнай мен газ кен орындары ғана тұрады. Ал, осынау ежелгі мекен тек
пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген Кіші жүз
қазақтарының тарихына да бай.
Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен
игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән
өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады.
Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға
береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз
құдіреті арқылы толғап жеткізеді. «Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы.
Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас»,-деп Қуаныш Сұлтанов
«Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның
99
шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние. Жазушы 1939
жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы),
Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар
көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған. Тектінің
ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның
көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіш
әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер»,
«Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт
мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын
мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең
алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы
кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең
шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас
өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі
шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани
өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.
Маңғыстаудың табиғаты мен тарихын жария еткен, өлкемізден шыққан тұңғыш
журналист Маршал Әбдіхалықовтың ерен еңбектері туралы тоқталып өтсем деймін.
“Өткендерін еске алған – өскендіктің белгісі; өткендерін ұмытқан –өшкендіктің белгісі”,
– деп халық даналығы айтқандай, барын базарлай білуі, мақтан тұтып, қадіріне жету- өсетін
елдің қасиеті, жақсылық нышаны. “Көркем әдебиетті тек ұлы ақын-жазушылар жасамайды.
Оның ұлылы-кішілі, ірілі-уақты өкілдері болады. Әдебиет тарихы әр кезеңде әдебиетке
атсалысқан, оған өзінше аз да болса үлесін қосқан ақын-жазушыны ұмытпайды, ұмытуға тиісті
де емес” – деген Т. Кәкішевтің пікірі Маршал Әміржанұлы Әбдіхалықовтың да әдебиеттегі
еңбегіне арналғаны сөзсіз. Ердің жасы елудің үстінде, нағыз шығармашылық кемелдену
кезеңіне келгенде бақилық болған талантты жазушы өзінен кейін өз алдына жеке зерттеуге
лайық қомақты әдеби мұра қалдырды.
3.
Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың
көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі
дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, адамзат баласының өткен
тарихын жазады. Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи
деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық,
этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде ауызша және
жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған
жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай
деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр
жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер
негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту дәстүрін жандандыру кеңінен
қолға алынуда. Оның мысалы ретінде бүгінде ауызша деректер мен жазба деректерді өзара
сабақтастыра отырып қазақ халқының шежіресін жазу ісінің қарқынды түрде жүріп жатқанын
айтамыз.
Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат
қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Осы жерде балалар, біздің ойымызда
«мұрағат дегеніміз не болуы мүмкін?» деген сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын
«Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме» деген жауаппен толықтырсақ,
жазба деректердің қай жерде мұқият сақталатынына толық көз жеткіземіз. Әрине балалар,
тарихи мәселелерді зерттеуде мұрағат қорларындағы тың деректерге негізделген әрбір
шығарманың құны да жоғары, ақиқатының да шынайы айтылатынын білуіміз керек.
Әңгімемізді бұдан әрі тарқатсақ, қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы
адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылымның – археология деп аталатынынан хабардар
боламыз. Археология грек тілінен аударғанда «көнені зерттеу» деген мағына білдіреді. Яғни,
археология ғылымы тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі дәуірдегі адамдардың
100
қоғамдық өміріндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтайды. Сондай-ақ, балалар, жер бетінде
түрлі халықтар өмір сүргеннен кейін олардың айналысатын кәсібі мен өзіндік мәдениеті
болатыны белгілі. Осыған байланысты, түрлі халықтардың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін
зерттейтін ғылымды – этнография деп атайды. Этнография гректің этнос – «халық», графия –
«жазу, үйрену» деген сөздерінен құралып, «халықтар сипаттамасы» деген мағынаны білдіреді.
Этнографиялық зерттеулер арқылы біз әрбір халықтың өзіне тән салт-дәстүрлері мен тұрмыс-
тіршілігіндегі өзіндік ерекшеліктермен танысып, олардың шығу тегі туралы кең мәліметтер
аламыз. Ал, мұндай мәліметтерді зерттеп, жинақтайтын мамандар – этнографтар деп аталады.
Тарихи дерек көздерінің негізі болып табылатын этнографиялық мәліметтер археологиялық
қазба жұмыстары кезінде ашылған ертедегі адамдардың мекен-жайларын, тұрақтары мен
зираттарынан табылған заттарды зерттеп, өзара салыстыру арқылы алынады. Тарихи деректің
тағы бір түрі антропологиялық дерек көздері екенін жоғарыда айтып өттік. Осыдан келіп
«антропология дегеніміз қандай ғылым?» деген орынды сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың
жауабын берер болсақ, адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсілдерінің пайда
болуы мен сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымның – антропология деп
аталатынына көз жеткіземіз. Яғни, антропология ғылымы адамның бет пішіні, түр-түсі мен дене
құрылысындағы айырмашылықтарды бөліп қарастырады. Осындай айырмашылықтарға қарай
адам баласы жер бетінде еуропалық , моңғолдық және негрлік болып үш нәсілге бөлінетінін
естен шығармауымыз керек. Ал, антропологтар ежелгі дәуір адамдарының бет бейнесін өзара
салыстыра келгенде біздің ата-бабаларымыздың алдымен еуропалық нәсілге жатқанын,
кейіннен моңғол шапқыншылығы салдарынан болған этникалық өзгерістерге байланысты
моңғолдық нәсілдің басым түскенін айғақтайды. Жоғарыда аталғандардан басқа тарихшылар өз
зерттеулерінде нумизматика және геральдика ғылымының деректерін пайдаланады. Оның
ішінде нумизматика теңгелерді, яғни ақша тарихын зерттесе, геральдика түрлі елтаңбалар мен
мөрлерді зерттейтін тарих ғылымының қосалқы салалары болып табылады. Міне осы
Азаматтық тәрбие алған оқушы немесе студент нәтижесінде,
Өз Отанын, өз халқын, өз өлкесін сүйетін, Өз бетімен әрекет ете алатын және жанұя мен
қоғам алдындағы өз істеген ісіне жауап беретін, Мамандықтар әлемін бағдарлай отырып,
туристік дағдыларды қолдана алатын саналы түрде орындайтын тұлға болып қалыптасады.
Ұсыныстар.
Өлке туралы Экскурсиялар, саяхаттар геологиялық және археологиялық жұмыстар
ұйымдастыру.
Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түрлі патриоттық сайыстар, байқаулар
ұйымдастыру.
Туристік-өлкетану үйірме жұмысын жандандыру.
Мәдени мұра, тарихи тұлғалар туралы деректі фильмдер, бейне-роликтер, буклеттер,
альбомдар және т.б. жасақтау.
Өлкетану пәнін тарихи-мәдени орындарда өткізу (тарих, география, музыка, әдебиет
пәндер)
Достарыңызбен бөлісу: |