129
Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;
Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;
Оқыту құралдары ретінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жұмыс істеу
тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, сыныппен. Белгілі ғалымдар Ж. Пиаже («Психогенездік білім»
1961) және
Л.С.Выготский («Оқыту
үрдісінде
балалардың
ақыл-есінің
дамуы»
1935) ұйымдастырылған жаңа білімге немесе жаңа әрекетпен оқыту бойынша қызмет
жағдайында ғана педагогтар оқыту үрдісін тиімді дамытуына үміт артатындығын өзінің
жұмыстарында жазды. Демек кез-келген оқыту, тек білім беруден басқа түзете-дамыту
жұмыстары болатын көрнекті - тәжірибелік сиқырлы іс-әркет, ол виртуалыдық іс-әрекет
деңгейіндегі интерактивті технологияларды- компьютерлік ойындарды қолдану болып
табылады. Дефектология саласындағы зерттеулер арнайы білім беру жағдайларындағы негізгі
міндеттерді шешу үшін педагогикалық процесінде АКТ- нің тиімділігі арнайы педагогпен
келесі бағыттар бойынша жұмыс өткізудің сапасына тәуелді деп анықталды. Сабақта түрлі әдіс-
тәсілдерді қолдану мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі шектеулі
балалардың танымдық, эмоцияналдық, коммуникативтік дамуына жетілдіруге үлесінің зор
екендігі практика жүзінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінен көруге болады.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың
психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:
Ø Әдістемелер арқылы іс- әрекет барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды
әрекеттері дамып, қалыптасады;
Ø Ақпараттық интерактивті технологияларға қызығушылықтары артып, зейін
шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді қалыптастыруға ықпалы зор;
Ø Психологиялық интерактивті жаттығулар, әдістер арқылы мүмкіндігі шектеулі
балалардың қиялын ұштауға қанаттандырады;
Ø Дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы қолданыла көрсетілген
көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақ мерзімді сақталып, есте сақтау процесінің дамуына
септігін тигізеді;
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың
психологиялық- эмоцияналдық сферасы жағынан тиімділігін қарастырсақ:
Ақпараттық технологияларды қолдануда тиімді интерактивті әдістерді пайдаланып,
мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділігін арттыру;
Релаксациялық- медитациялық жаттығуларда ақпараттық технологиялық құралдарды
қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ішкі психологиялық ахуалдарын
тұрақтандыру; Вербальді емес психологиялық сферасын тұрақтандырып, қалыптылыққа
негіздеп, дамыту;Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі
балалардың коммуникативтік сферасын дамыту жағынан тиімділігін қарастырсақ:
Қоршаған ортамен, ұжыммен, топпен жұмыстанып, бірлесе әрекет жасауға;
Вербальді, вербальді емес қарым- қатынасын түзете- дамытып, ортада өз «Менін»
қалыптастыруға;
Сондықтан да инклюзивті білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды
мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай дайындап, пайдаланып, пәндер бойынша
бағдарламаларын құрастырып, түзете- дамыту жұмыстарын жүргізсе, мүмкіндігі шектеулі
жандардың заман талабына сай тұлға қалыптастыруға септігі зор екендігі белгілі. Инклюзивті
оқытуда мұғалім жаңа технологияларды игеріп, оқушы танымы мен қызығушылығын
арттыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі зор.
Достарыңызбен бөлісу: