Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет59/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
 
1. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар: Оқу құралы - 
Өскемен, 2005 
2. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар- Алматы, 2006. 
3. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы 
қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы 
4. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған 
мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010 
5.Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал .Әлеуметтік педагог .№4 2010ж 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА 
ЖАҒЫМДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТА ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Утешова Гулмира Очиловна 
О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі
 
Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде – 
қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі 
балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені 
айқын көрсетілген. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол 
жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (педагог-дефектологтың, логопед, балаларды 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық 
құралдардың болуы) алға қойылған. Ерекеше қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде 
мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Инклюзивті білім алатын балаларға білім 
беруде ең басы ескеретін дүниеміз – жағымды психологиялық орта қалыптастыру. Инклюзивті 
білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға жағымды 
психологиялық орта қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Жағымды психологиялық орта 
қалыптастыру мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір 
баланың білім беру - тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы 
мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау. 


126 
Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетудің екі бағытын 
көрсетуге болады:
1.
Өзекті – балада осыған дейін пайда болған қиындықтарды шешуге бағытталған; 
2.
Перспективалы
 
– оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға 
бағытталған. 
Перспективалы ортада жағымды психологиялық орта қалыптастырудам педагогтар мен 
әрбір оқушыдан келесі ережелерді сақтауды талап етеді. 
1.
Білім алу процесіне оқушылардың әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге 
негізделген жеке қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік беру. Сыйластық қарым-қатынасты оқу 
процесінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл өміріміздің мәні мен мағынасы деген философиялық 
түйін ұстанып, сабақтың негізіне айналдыру керек. Дана қазақ «Сыйға – сый, сыраға – бал!», 
«Сыйлағанның құлы бол!» деп бекер айтпаған. Өзгені сыйлау арқылы біз өзіміздің ішкі 
дүниемізді ашып қана қоймай, оны дамыта, тереңдете түсетіндігіміз ақиқат. Сонымен қатар 
педагогтарға сенім арта түседі. Адамға шүбә мен сенімсіздік емес, сенім артқан жөн.
Оқушыларға «Сіз» деп қиылғанның өзі шәкіртті өзімізге қарай тартпай ма?
2.
Қарым – қатынаста қысымнан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану. Сабақ беруде 
халқымыздың «Жақсыдан жылы шығады», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жүзі жылыдан 
түңілме», «Жылы -жылы сөйлесе – жылан інінен шығады, суық-суық сөйлесе – мұсылман 
діннен таяды» деген аталы сөздерді ұмытпаған абзал. Сондықтан да қысымға негізделген 
әрекеттерді педагогикалық қызметтен алып тастау керек, өйткені олардың игі нәтижеге апаруы 
неғайбыл нәрсе. 
3.
Әрбір оқушы мен бүкіл топ болып жұмыс жасауға мүмкіндік беру және бір – біріне 
көмек беруге баулу. Оқу процесінде оқушылардың барлығы да өздерінің ортақ іспен 
айналысып, маңызы бар проблеманы шешіп жатқандығын есте ұстауы қажет. Сол себепті де 
жанындағыларға көмек беру – бірлескен жұмсытың нәтижелігін арттырады деп тұжырымдаған. 
Ал педагог оқу процесі барысында әрбір оқушы мен топтың жұмысын, оның нәтижелерін 
қуаттап, қолдап, қолпаштап отыруы қажет. 
4.
Әрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу. Әр мәселе бойынша әрбір 
адамның өзіндік пікір қалыптастыратындығы хақ: «Қанша адам бар болса, пікірлер де 
соншама» деп бекер айтылмаған болар. Сайып каелгенде, 
білім дегеніміз әр адамның өзіндік 
түсінігі, пікірі, ұстанымы, тұжырымдамасы, көзқарасы, пайымдауы, уәжі, ойлары, 
ұсыныстары, дәлелдері. 
Сондықтан да, білім алу процесінде оқушылардың өзіндік көзқарас 
қалыптастыруға ұмтылуын ынталандырып, әрекеттерін қуаттаған жөн. Педагог оқушылардың 
кез келген өзіндік ұстанымын қабылдау қажет. Тіпті шәкірттердің пікірі қолданыстағы 
пікірлерге қайшы болсада. Педагогтың бұл жердегі негізгі ұстанымы «Мен Сізбен келіспеймін, 
алайда Сіздің пікіріңізді сыйлаймын!» болғандығы шарт. 
5.
Жағымды (позитивтік) және конструктивтік көзқарас ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де 
(өзгенің пікірі мен көзқарасы) сөкпеу, даттамау. Жұмыс барысы мен нәтижесінде туындайтын 
сәтсіздіктердің алдын алу, оларды болдырмауға ұмтылу, ал сәтсіздік болған жағдайда кімнің 
кінәлі екендігін іздемей, оның себептерін талдап, болашақта оны қайталамаудың жолдарын 
қарастыру. Педагог бірінші кезекте «жараға жабысқан шыбын» сыяқты болмай, оқушының 
бойынан, оның іс-әрекетінен, жасаған жұмыстарынан қате іздемей, керісінше, жақсы мен 
жағымды қасиеттерге, сәтті шыққан жерлерге назар аудару қажет. 
6.
Оқушылардың қателесу құқығын толығымен мойындау. Қателесуден еш қорқпау 
керек: «Тек еш нәрсе жасамайтын адам ғана қателеспейді» деген нақылды бәріміз де естен 
шығармауымыз қажет. 
Қатені өрескелдік, төтенше жағдай, шектен тыс қылмыс деп түсінуден ауылымызды аулақ 
салайық! Өйткені сабақ дегеніміз үйрену алаңы, полигоны. Ал мұнда біз қатені дұрыс түсініп, 
оны үйренудің ажырамас бөлігі деп есептеп, «қатесіз үйрену мүмкін емес» деген принципті 
ұстануымыз керек. Сонда ғана оқушылар қателесуден қорқпайтын, пікірін ашық білдіретін 
болады. 


127 
7.
Педагог сабаққа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылық 
қабілеттерін ашыуға мүмкіндік бер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет