Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет63/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
 
1.
Шубина И.В. Мобильные технологии в организации образовательной и научной 
среды вуза / IV Шубин. - Текст: прямой, электронный // Молодой ученый. - 2016. - № 7,6 
(111,6). - С. 268-271. 
2.
 
https://bilimdinews.kz/?p=9463
 
3.
Kelly D. Lessons Learned from the McLearnCon 2011 Backchannel [Электронныйресурс] 
URL: 
http://www.learningsolutionsmag.com/articles/705/lessons-learned-from-the-mlearncon-2011
 
4.
 
https://moluch.ru/archive/135/37927/
 
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
Еңсегенова Жанбота Серікқызы 
Аренова Асыл Хадыржановна
Ш. Есенова атындағы Каспийский мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
Студенттердің өмірге белсенді көзқарасының бағыты педагогтің ықпал етуі арқылы 
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары олардың мүмкіндігін 
ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, 
үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үрдісінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы 
түрде іске асады. Тәрбиенің ең бастапқы формалары педагогтің студенттермен мазмұнды 
қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, 
оларға арналған тапсырмаларды орындау негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған 
педагогтік жұмыс еңбексүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына 
тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді 
дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. 
Студенттерде ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге әрекет ету, бір нәрсемен 
шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда 
болады. Мұның бәрі де студенттің жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге 
белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырып отырады.


132 
Cтуденттерді адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен 
түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-
қатынас (тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау, кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын 
адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б.), ұжымда тәрбиелеу, студенттердің өзара бірлескен 
қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт 
өкілдерін қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, 
немқұрайлылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай 
қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог студент жа
стардың бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды 
мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын көрсетеді. Рухани-
адамгершіліктің қалыптасуының жоғары деңгейі адамның ішкі жан дүниесі, өзіндік сана 
сезімінің дамуы болып табылады. Өзіндік сана-сезімнің реттегіш рөлі оны практикалық іс-
әрекеттің субъектісі деп қарастырудан, жеке өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, 
құндылығын, мұратын, мінез-құлқын ұғынуы мен бағалауынан көруге болады. Сондықтан 
студенттердің рухани-адамгершілік сана, сезіммен бірлікте қарастырылатындықтан, олардың 
өзіндік санасы туралы теориялық білімі ғана қалыптаспай, өмірлік бағыт қалыптастырып, 
практикалық тұрғыда жетілдірудің міндеттері шешілуі тиіс.
Соңғы жылдары тәрбие мақсатын анықтауда «үш деңгейлік» әдіснама негізге алынды. 
Оның үшінші деңгейі гуманистік парадигма тұрғысынан қарастырылып, адам өмірінің мақсаты 
мен мән-мағынасы оның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігін таныту арқылы ашылады 
деп тұжырымдалады. Сондықтан үшінші деңгейдегі мақсат – тұлғаға бағдарлану негізінде тек 
баланың алған тәлім-тәрбие мазмұнын қайталау емес, оның табиғатына және өз тәжірибесін 
толық сезіну тәсілдеріне бағытталған болуы шарт. Осыған байланысты ғалымдар 
Г.К.Нұрғалиева, 
А.А.Бейсенбаева, 
Р.К.Төлеубекова, 
А.А.Калюжный, 
Б.К.Құдышева, 
А.К.Қаплиева және т.б зерттеулерінде баланың адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекетіндегі 
адамгершілік сана-сезімі, дағдысы, өзіндік «Мен» бейнесі ұлттық және жалпы адамзаттық 
құндылық қасиеттерімен ықпалдасып, субъекті ретінде танылуға, құндылық бағдарының 
қалыптасуына, басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынаста өзіндік «Менін» саналы түрде 
көрсетуге ықпал етеді деген. Ғалым Г.Қ.Нұрғалиеваның пікірінше, адамгершілік, ізгіліктің 
сапалық мәнін айқындайтын ұғымдардың бірлігі – құндылық деп тұжырымдайды. 
Студенттердің бойында адамгершіліктің адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық 
пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді іс-
әрекет үрдісінде бірлесе отырып дамытуды көрсетті. Қорыта келгенде, жоғары оқу 
орындарындағы педагогикалық үрдісте студенттердің рухани-адамгершілік нормалары: өз 
бойындағы адами қасиеттер, мейірімділік, қайырымдылық, ар, ұят, абырой, парыз, жомарттық, 
батылдық, шыншылдық, сыпайылық, әділдік, үміт сенімдерін дамыту болып саналады. 
А.Қ.Қаплиева салауатты өмір салты негізінде адамгершілікке тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп, 
оларды жүзеге асырудағы мүмкіндіктерді жан-жақты ашып көрсете алған. Зерттеуші рухани-
адамгершілік белгілі адамгершілік құндылықтар жүйесі негізінде жүзеге асатындығын айта 
келе, адамгершілік құндылықты тұлға өзінің іс-әрекетінде, қарым-қатынасында, игерген өмірлік 
тәжірибесінде пайдаланып, өзінің табиғи болмысын байыта алатын, мәдени байлықтарды 
меңгерген, соған сәйкес әр түрлі іс-әрекеттер, сезім, сана, мінез-құлықта, қоғамдық қатынаста 
тұлғаға тірек болатын сенімдер жүйесі деп санайды [1]. Г.А.Ерғалиева рухани-адамгершілік 
құндылықтар жүйесінің педагогикалық негіздері, студенттердің рухани-адамгершілік 
құндылықтар негізінде өзін-өзі тану, тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтап, құндылықтарға 
жіктеме беріп, жалпы адамзаттық құндылықтар, жоғары сапа деңгейіндегі құндылықтар және 
рухани-адамгершілік құндылықтар деп үшке бөледі. Рухани-адамгершілік құндылықтарға 
мәдениет, саясат, әдебиет, Отан Ана, Жер, дін, ар-ождан, парыз, ерік, жігер, күш, махаббат, 
қайырымдылық, мейірімділік т.б. жатқызған [2].
А.Т.Утебаева орта буын оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, 
өзіндік психологиялық ерекшеліктерін, ауыл мектебінің оқу-тәрбие үрдісі ерекшеліктері 
жағдайында оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қарастырған [3]. 


133 
Ғалымның еңбегінде баланың рухани-адамгершілігіне әлеуметтік орта, отбасы мүшелері, 
достарының белгілі мөлшерде әсері ашып көрсетілген. Р.К.Төлеубекованың зерттеу 
жұмысында оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негіздері 
жан-жақты қарастырылып, білім беру жүйесінде оларды жүзеге асыру бойынша ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар жасалған [4]. А.С.Әмірова, Г.А.Кайбулдаеваның зерттеулері мектепке 
дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін зерттеуге арналады [5], [6]. Соның 
ішінде ғалым Г.А.Кайбулдаева айналадағы құбылыстарға адами сипат беру, оларды 
«жандандыру» арқылы қабылдау тұлғаны рухани дамытудың психологиялық тетігіне 
жататындығын айтады. Адам өміріне лайықты қатынас құру үшін, оны Рақымдылық, Сұлулық, 
Ақиқатқа негіздей білу керек. Өмір туралы, өмірлік құндылықтар жүйесі жайында толғануды 
кейде рухани қызметі, тұлғаны қалыптастыру жүйесінің ең маңызды құрылымы деп санады. 
Б.Сүлейменова өзінің «Бастауыш сынып оқушыларын қазақ батылар жыры арқылы 
адамгершілікке тәрбиелеу» атты тақырыптағы зерттеу жұмысында адамгершілік тәрбиесін 
моральмен байланыстырып, гумандық, қайырымдылық, патриоттық және интернационалдық 
сияқты қасиеттердің мазмұнын ашады. Зерттеуші бастауыш сынып оқушыларының 
адамгершілік дамуы және тәрбиенің өзіндік тоғыз ерекшелігіне сипаттама береді [7]. Зерттеуші 
Р.А.Джанабаева «Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми 
негіздері» атты еңбегінде адамгершілік-этикалық қасиеттерге тұлғаның адамдарға, ұжымға, 
қоғамға адами көзқарасын сипаттайтын қасиеттерін; адамның моральдық-этикалық келбетін 
анықтайтын қасиеттерді; тұлғаның адамдармен қарым-қатынасын сипаттайтын қасиеттерді 
жатқызған [8]. А.А.Таутенбаеваның жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде 
студенттердің ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақ және ағылшын 
халықтарының мәдени құндылықтарын салыстыра пайдалану материалында қалыптастыруды 
негіздеген. Ол жалпы адамзаттық құндылық, жоғары сапа деңгейіндегі ХХІ ғасыр 
құндылықтары, әлеуметтік-мәдени құндылықтар, ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтар 
деп жіктеп, жалпы адамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды 
нәтижесі болып табылатындығын тұжырымдаған [9]. 
Б.Қ.Игенбаева рухани адамгершілік құндылықтарды білім мазмұнына енгізу тәсілдерін 
жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктерін ұсынады:
1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу;
2. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал 
ететіндей бағытта ұйымдастыру;
3. Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу [10]. 
Қорыта айтқанда, тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесі тұтастай алғанда өте күрделі 
көп қырлы үрдіс. Оның адам өмірінде толықтығы, қарама-қайшылығы жағынан отбасынан, 
қоғамнан, мәдениеттен, еліміздегі мәдени-тарихи дәуірде қалыптасқан халықтың тәжірибесінен 
және адам санасынан бөліп қарастыру мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет