Мұсылмандары діни басқармасы ақТӨбе облыстық орталық «НҰР Ғасыр» мешіті



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата10.08.2023
өлшемі6,37 Mb.
#105168
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—21 в 13.34.05



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтөбе қаласы –
 
2020 жыл
 
ҚАЗАҚСТАН
 
МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
 
АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ «НҰР ҒАСЫР» МЕШІТІ
 
ҰСЫНАДЫ


ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ 100 СҰРАҚ
 
 
 
Сұрақ: «Саум», яғни «ораза» сөзінің анықтамасы қандай?
 
1.
Жауап:
 
«Саум»
араб тілінде барлық нәрседен тыйылу деген мағынаны білдіреді. Ал, 
шариғаттағы мағынасы таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ниетімен ішіп
-
жеуден және 
төсек қатынасынан тыйылу.
 
Сұрақ: Рамазан оразасы қашан парыз болды? 
 
2.
Жауап:
Рамазан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мадинаға һижрет еткеннен кейін һижраның
екінші жылы, шағбан айының бірінші дүйсенбісінде парыз болды. Бұл миләди жыл санағымен 
623 жылдың 7 ақпанына сәйкес келеді. Осы
сәттен бастап мұсылмандар Рамазан айында парыз 
оразаны ұстай бастады. 
 
Сұрақ: Алла Елшісі 
(с.ғ.с.)
өмірінде
 
неше жыл ораза ұстаған? 
 
3.
Жауап: 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінде тоғыз рет ораза ұстаған.
 
 
Сұрақ: Ислам дініндегі оразаның үкімі қандай?
 
4.
Жауап:
 
Рамазан айында ораза ұстау әрбір балиғат жасына толған, ақыл
-
есі
дұрыс мұсылман
ер 
мен әйелге парыз. Құранда:
«
Уа иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз 
етілгендей

ораза сендерге де парыз болды, бәлкім сақтанарсыңдар
», –
деген. (Бақара, 183). 
Рамазан айынан басқа уақытта тұтылған ораза ерікті болып есептеледі
.
 
Сұрақ: Оразаның қандай түрлері бар?
 
5.
Жауап:
 
Оразаның бірнеше түрі бар. Олар: парыз, уәжіп, сүннет, мәндуб және мәкрүһ 
оразалары. 
 
Сұрақ: Ораза
 
қай
 
уақыттан қай уақытқа дейін ұсталады?
 
6.
Жауап:
Таң намазының уақыты кіргеннен бастап күн батқанға дейін. Сақтық үшін таң 
намазына 10 минут қалғанға дейін сәресін ішіп ауыз бекіткені абзал. Ақшам намазының 
уақыты кіргенде ауыз ашады.
 
Сұрақ: Рамазан айындағы оразаға ниет етудің үкімі және ниет етудің уақыты бар
 
ма?
 
7.
Жауап: 
Оразаға
ниет ету –
парыз. Құранда:
«
Олар ғибадатты

нағыз Аллаға шынайы 
ықыласпен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары және зекет берулері үшін әмір 
етілген
»,

делінген. Рамазан оразасына ниет ету ақшам намазынан басталып, ораза ұстайтын 
күннің сәске, яғни таң уақыты кіргенге дейін жалғасады.
Ал

сәресі уақытында ниет етпей 
ұйықтап қалған жағдайда, таңертең еш
нәрсе ішіп
-
жемеген болса

бесін намазына дейін ниет 
етуіне болады. Десе
де ең дұрысы
түнде, сәресі уақытында ниет ету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет