63. Жауап: Ия, бұзады. Себебі, Әбу Хурайрадан жеткен хадисте ораза кезінде әйелімен жыныстық
қатынас құрған кісі (с.ғ.с.) осы жайында хабар бергенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол кісіге сол
күннің каффаратын өтеуді бұйырған.
Сұрақ: Жүніп (ғұсылсыз) адамға ораза ұстауға бола ма? 64. Жауап: Ораза дұрыс болу үшін ғұсыл шарт емес. Сол үшін адам ұйқысынан жүніп болып
оянып, таң намазына дейін ғұсыл құйынып үлгере алмаса, оразаға ниет етеді де, алдымен
аузын бекітеді. Кейіннен, таң намазын оқу үшін ғұсыл құйынады
.
Бірақ, ғұсыл алғанда аузы
мен мұрнына суды терең тартпайды.
Сұрақ: Ораза ұстаған адам күндіз ұйықтап ихтилам (ұйықтағанда түс көріп, 65. сұйықтық бөліну) болса оразасы бұзылады ма? Жауап: Аузы берік адам күндіз ұйықтап ихтилам болса оразасы бұзылмайды. Бірақ, ғұсыл
алуы парыз.
Сұрақ: Бала босанған әйел ораза ұстаса бола ма? 66. Жауап: Босанған әйел нифас қаны тоқтағанға дейін ораза ұстай алмайды. Нифас дегеніміз
бала босанғаннан кейін келетін қан. Ол 40 күнге дейін созылуы мүмкін. Сондықтан бұл
уақыттарда ораза
ұстамай кейін қазасын өтейді. Бұл дініміздің әйел кісілерге арналған
жеңілдігі.
Сұрақ: Рамазанда әйел кісі хайызынан таң намазына дейін тазарса не істейді? 67. Жауап: Егер әйел кісі Рамазан айында хайызынан таң намазының уақыты кіргенге дейін
тазарса, ораза
ұстау міндет болады. Яғни ниет етіп оразын жалғастырады.
Сұрақ: Оразада әйел кісі хайызынан таң намазы кіргеннен кейін тазарса не істейді? 68. Жауап: Рамазан айында әйел кісі хайызынан таң намазы кіргеннен кейін тазарса, ораза
ұстамайды. Алайда Рамазанның құрметі үшін әрі айналасындағы ауыз бекіткен адамдарға
құрмет ретінде ас ішпегені абзал. Рамазаннан кейін сол күннің қазасын өтейді.