Сұрақ: Рамазан айында әйел кісілерге боянуға, түрлі лак немесе жақпаларды 39. қолдануға бола ма? Жауап: Расында оразаны сырттан ішке кірген нәрселер бұзады. Сондықтан қолға, бетке
жағылған түрлі жақпаларды, лак т.б қолдану оразаға кедергі емес. Алайда аталмыш майлар,
лактар су өткізбейтін болғандықтан құлшылық үшін алынатын дәреттен бұрын сүртіп не өшіру
қажет болады.
Сұрақ: Көзге, құлаққа және мұрынға дәрі тамызу оразаны бұза ма? 40. Жауап: Көзге дәрі тамызу оразаны бұзбайды. Ал мұрынға және құлаққа дәрі тамызу оразаны
бұзады. Демікпе ауруымен, аллергиямен ауыратын кісілер тыныс жолдарын ашу үшін спрей
қолданатын болса және спрейді мұрынға шашқанда өңеш арқылы ішке кірмей мұрын
қуысында не тыныс жолдарында қалатын болса ораза бұзылмайды. Деседе оразаның бұзылу
қаупі жоғары болғандықтан мүмкіндігінше сәресіне дейін не ауыз ашқаннан кейін дәрілерді
қолданған дұрыс.
Сұрақ: Оразада тамаққа жіберіп алмай тіс пастасымен ауыз тазалауға бола ма? 41. Жауап: Тіс пастасын пайдалануға болады. Алайда мәкруһ болып есептеледі. Тіс пастасымен
тісті тазалаған кезде оның дәмі толықтай ауыздан кетпейінше түкірікті жұтуға болмайды. Тіс
пастасының асқазанға түсуі –
оразаны бұзады. Тазалап болған соң ішке су кетіп қалмауын
қадағалай отырып, мұқият ауызды шайқау қажет. Тіс пастасының орнына сүннет болып
табылатын мисуакты қолданған абзал.
Сұрақ: Соңғы кездері тісім жиі қанап кете береді. Қанаған мезетте аузыма түкірігімді 42. жинап түкіріп тастаймын, кейде ұмытып кетіп жұтып қоямын. Осындай жағдайда оразам бұзыла ма? Жауап: Егер тіс қанаған жағдайда қанның көлеміне қаралады. Дәмі білінбейтіндей дәрежеде
түкіріктен аз мөлшерде болса ораза бұзылмайды. Себебі мұндай жағдайдан сақтану қиын.
Алайда қанның көлемі түкірікпен бірдей не одан көп болса және оны жұтатын болса ораза
бұзылады. Кейін қазасын өтеу қажет болады. Сондықтан қолдан келгенше сақтанған жөн.