Сұрақ: Рамазан айында кімге ораза тұтпауға рұқсат
етіледі?
25.
Жауап:
Алыс сапарға жолға шыққан жолаушыға, ораза ұстаса ауруы асқынып кететін
науқасқа,емізулі анаға және жүкті әйелге Рамазан оразасын тұтпаса болады.
Сұрақ: Ораза тұтпау рұқсат етілген кісілер ұстамаған
оразасының қазасын өтейді ме?
26.
Жауап: Иә. Жолаушының сапары аяқталған соң, науқас жазылған соң, ана баласын емшектен
шығарған соң және жүкті әйел босанып, нифас қанынан тазарған соң қазасын өтейді.
Сұрақ: Сапарда яки ауруына байланысты оразаны уақытында тұта алмай,
27.
Рамазаннан кейін де уақыты бола тұра тұтпаған адамға ажал келсе не істеуі керек?
Жауап:
Алладан кешірім тілеп, тәубе жасайды. Артында қалған ұрпақтарына тұтпаған оразасы
үшін әр күніне екі мезгіл бір міскінді, жарты сағ (2 кг) бидай (ұн, талқан) немесе бір сағ (4
кг)
құрма немесе арпамен тамақтандыруды өсиет етеді.
Сұрақ: Рамазан айында есінен танған адамның үкімі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: