1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

67
ІV ТАРАУ
Өттің, дүние
Бала күнінен бұла өскен Лиза өмірінің күзі 
осындай ызғарлы, нөсерлі болып өтеді деп ойла-
маса керек. Ағанас төрт жыл төсек тартып жатқан-
да небір қиындықты басынан өткерген. Ақша 
тапшылығын былай қойғанда, жаны ашитын 
жақынның тапшылығы өзегін өрттей қарыған. Бір 
жолы Ағанасты ауруханаға жатқызуға тура келді. 
Қимыл-қозғалысының тіптен нашарлап қалған 
шағы. Қасында қарап жүретін адам болмаса, өзді-
гінен жүріп-тұрарлықтай қауқары қалмаған. Кіш-
кентай немере, қорадағы мал, үйдің өзге де тірлігі 
бір өзіне қарап тұрғандықтан Лиза Ағанастың қа-
сына ауруханаға жата алмайды. Анасының қина-
лып отырғанын сезген Жанболат:
– Мама, папамның қасына түнде мен жатайын. 
Түске дейін мейірбикелер қарай тұрар. Ал түс ауа, 
мектептен келгеннен кейін қасына Сайра барады, 
– деп өз ойымен бөліскен.
Әлі буыны бекімеген екі баласын аяса да, басқа 
амалы болмағандықтан Лиза да келісті. Ағанас 
ауруханада айға жуық жатты. Күз айы. Түн ұзақ, 
кеш тез түседі. Сайра мектептен келе сала, да-
йын тұрған шайын шала-шарпы ішіп әкесінің қа-
сына кетеді. Содан ымырт үйірілген шаққа дейін 
әкесінің жанында отырады. Күн жарықта ауруха-
наның ауласына жетелеп шығып түрлі жаттығу-
лар жасатады екен. Ал қараңғы түсе Мұқағалидің 
өлеңдерін оқып беріп, көңілін аулайтын көрінеді.
Жанболат әкесінің қасына кешкі асын ішіп 
болған соң барады. Мектепті бітіретін жылы. 
Сабағына ерекше даярлануы керек. Сондықтан 
мұның жүгі тіпті ауыр. Ауруханадан таңсәріде 
тұрып мектепке тура тартады. 


68
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Лизаның үйде құр сүлдері ғана жүреді. Қашан 
Сайра үйге кірмейінше «Жанболат ауруханаға 
қалай жетті екен? Қызыма жолда бір бұзақылар 
кездесіп қалмаса екен?» – деп жанын шүберекке 
түйіп отырғаны.
Бірақ қиналыстың көкесі Лиза үшін Ағанас 
қайтыс болғаннан кейін басталды. Ол жалғыз-
дықтың нендей азап екенін енді ғана түсінді. Кей 
кездері балалары үйде жоқ уақытта түпкі бөлме-
ге кіріп жылап та алатын. Мұндай сәттерде іштей 
әке-шешесімен сөйлеседі. Оларға «Мені неге ерте 
тастап кеттіңдер?» деп сағынышын шертеді.
«Бауырларыңа білім беремін, оларды қатары-
ның алды қыламын деп жаныңды күтпей еңбек 
еттің. Шүкір, олар білікті маман атанды. Енді өз 
балаларыңа қажет уақытыңда неге жалқауланып 
жатып алдың? Бізді тастап келмеске аттанғаның 
не қылғаның?» – деп Ағанасқа назын айтады. 
Лиза балаларына әрдайым: «Ағанаспен бірге 
өткізген отыз жылым отыз күндей өте шықты. 
Адам мынау жалғанда бір-біріне қонақ екен. Қо-
нақтың қайсысы бұрын кетерін ешкім білмейді. 
Күйбең тірлікте біздің де ренжіскен кездеріміз 
болды. Ғұмырының соншалықты келте болаты-
нын білсем, құр өкпеге бой алдырмай, Ағанаспен 
тек күліп қана өмір сүрер едім» – деп отыратын.
Лиза ерте тұрмыс құрғандықтан жоғары білім 
ала алмады. Кейін Ағанастың қолқалауымен пе-
дагогикалық институттың сырттай оқу бөліміне 
түскен. Бірақ балаларым жылап қалады, үнемі 
жолсапарда жүретін жарымның жағдайы болмай 
қалады деп, үйден ұзап шыққысы келмей, сессия- 
сына бармай қалады. Баланың жағдайын өзінің 
жеке басының мүддесінен биік қоюды анасынан 
үйренген Лиза үйден ұзап шықпаймын деген 
шешім жасайды. Дегенмен, еңбек жолында өзінің 


АНА ТАҒДЫРЫ
69
қабілеттілігін танытқан Лизаны қызметтес жол-
дастары қатты сыйлайтын. Қаншама жыл аудан-
дық сотқа халық қосшы биі болып сайланып, сот-
тың әділ төрелік шығаруына өз үлесін қосып жүрді.
Бір-бірімен дәм-тұзы жараспай ажырасып, ке-
йін бір-бірін көрместей болып, қарғап-сілеп жүр-
ген жастарға қарап:
– Ай, ақымақтар-ай. Ертең ұлы өседі, қызы 
өседі, жаман қатын елмен теңеліп шыға келеді. 
Жаман еркек балаларынан ұялғаннан арағын тас- 
тайды. Аз ғана шыдаса болар еді,» – деп отыра-
тын.
Ары кетсе бес-алты жыл тіресер. Жастар бір-
бірінің мінезіне бес-алты жыл шыдаса, ары қарай 
түсінісуі оңай болады. Тіл табысып, тату-тәтті 
тұрып кетеді, – дейтін үнемі.
Лиза бала күнінен бірге өсіп, жақын әпкесіндей 
болып кеткен көршісі Ақтеңгемен сырласқанды 
ұнататын. Оған Ағанас марқұм туралы:
– Менен шаршаса, менен аулаққа кеткісі кел-
се, неге өзге әйел алып-ақ кетпеді екен. Ана жаққа 
барып жатып алғаны несі?! – деуші еді әзіл-шыны 
аралас. 
Ақтеңге мен Оразбай сонау Сейтім ұстаның 
алғаш көшіп келген заманынан бері қатар келе 
жатқан көршілері. «Оразбай мен Ақтеңгенің 
бірі ағамдай, екіншісі апамдай болып кетті. Бар 
туысқанымның орнына жүріп, қуанышымды 
шын жүректен бөлісті, қайғыма ортақтасты. 
Осы кісілердің арқасында туған аға-апамның 
жоқтығын сезінбеген кездерім де көп болды - деп 
кейінірек қызы Гүлмираға Лиза сырын ашқан.
«Оны маған неге айтып жатырсың?» - деген 
қызына: «Сендердің ойларыңда жүрсін дегенім 
ғой» деді өзінің бұл фәниде ұзақ жүрмейтінін сез-
гендей.


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет