1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

ИТЕҒҰЛОВА САЯ
дай келісті бір үй салып алуларыңа молынан же-
теді, – деп қызы мен күйеу баласының қолына 
ұстатты. 
Ақсұлудың анасы тәрізді емшілік қасиеті бол-
мағанымен Сейітмұхамбеттің де көрегендік қасие- 
ті бар болатын. Ана жылы бауыры Нұрмағанбет-
тің жалғыз ұлы Жанділлә ұлды болатын шағында 
мынадай оқиға болған. Сейітмұхамбет ұйықтап 
жатып түс көреді. Түсінде аулада үлкен дастархан 
жаюлы тұр екен. Үсті түрлі дәмге толы. Дастар-
ханның төменгі жағында бір ер бала асық ойнап 
отыр екен. Сейітмұхамбет қасына барып: «Балам, 
атың кім?» деп сұраса, бала «Бегалы» деп жауап 
береді. Ұйқыдан ояна салысымен Сейітмұхамбет 
«Қостанай, қайдасың?» – деп бауырының үйіне 
тартып отырады. Келсе, келіні жас босанып отыр 
екен. Сейітмұхамбет балаға батасын беріп, «Бега-
лы» деген есімді қойып, үйіне қайтып оралады.
Қыркүйектің жайма-шуақ күні болатын. Лиза 
Сайраны мектептен алып келе жатып, әкесінің 
үйіне соққан. Әкесі күндегісінше төргі бөлме-
де жатыр екен. Қызынан: «Артыңда тұрған қай 
бала?» деп сұрады. Лиза: «Сайра ғой» – деп жауап 
берді де, қызын атасына қарай итеріңкіреп қой-
ды. Атасын жақсы көретін Сайра қасына жақын 
барған. Немересінің маңдайынан, екі көзінен, екі 
құлағынан, екі бетінен, иегінен сүйіп, «мейірім 
енді қанды» деді де, үнсіз қалды. Сол күні кеш-
ке қарай Сейітмұхамбет ұстаның бұл жалғаннан 
көретін жарығы таусылып, о дүниеге сапар шекті.
Мая онжылдықты алтын медальмен бітіріп
медициналық институттың емдеу бөлімінде оқып 
жүрген. Аналарын жалғыз қалдырмау үшін Аға-
нас пен Лиза әкелерінің қара шаңырағына көшіп 
келді. Ал әкелерінің асын бергеннен кейін, әке 
аманатын орындап, жаңа үйдің іргетасын қалады.


АНА ТАҒДЫРЫ
61
Он сегіз жасында тұрмыс құрып, Ағанастың бес 
бауырын, одан қалды өзінің бес баласын аяғына 
тұрғызу үшін ауыр бейнетті ерімен бірге көтеріп 
жүрген Лизаның денсаулығы сыр бере бастаған 
шақ. Қайын інісі Аманғос мектепті алтын ме-
дальға, ал дәрігерлік институтты үздік дипломға 
бітірген болатын. Бұл күні аудандық емхананың 
маңдайалды дәрігерлерінің бірі. Жүрген жерінде: 
«Ағанас бізді оқуға жібергенде қалтамызға ақша-
ны толтырып беріп, шығарып салып тұрып, «Егер 
оқуға түспесең үйге қайта оралма» деп аттанды-
ратын. Оқудан талай қиналған шағымда Ағанас- 
тан қорыққаннан тастап кете алмадым. Ағамның 
арқасында дәрігер болып жүрмін» – деп отыра-
тын. Аманғос Лизаны облыстық ауруханаға жібе-
руге ұсыныс айтты.
Ақілгек әдеттегісінше үй тірлігімен күйбеңдеп 
жүрген. Төргі бөлмеден Бибігүл жүгіріп шығып: 
«Әже, мамама бес сағат ота жасап, бүйрегінен тас 
алыпты. Ота жақсы өтіпті. Жансақтау бөлімінде 
жатқан екен, бүгін көзін ашыпты, енді жалпы па-
латаға көшіреді екен...» – демесі бар ма? Қызы ау-
руханаға аттанғаннан бері Ақілгектің көңілі күпті
болып жүрген. «Қария адам текке шошып кетер» 
деген оймен Лизаға ота жасайтын болғанын Аға-
нас үй ішіндегілерге сездірмесе керек.
«Құлыным, құлыным... Сенің жолыңда мен 
құрбандық болайын. Жалғызым... сенің садағаң 
болайын» деп отыра кетті Ақілгек. Тосын хабар-
дан қатты шошынды ма, әлде азабы мол өткен 
күндердің салдары тиді ме, осы оқиғадан кейін-ақ 
Ақілгек өз-өзіне келе алмай, ауыра берді. 
Құлағы жөнді естімей, көз жанары да солғын 
тартып, өмірден баз кешкендей халде жүрген ана-
сына Лизаның жаны қатты ашитын. Бірақ қолдан 
келер дәрмен жоқ. Ата-анасынан ерте айрылып


62
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
соңынан ерген сіңлісін ақтық сапарға жалғыз ат-
тандырған қаршадай сәби, қатал ағайындарының 
есігінде жүріп, жауынның астында, желдің өтінде 
майысса да, мойымаған бойжеткен, кәрі енесі мен 
тентек қайын ағасының бабын тауып, келген жұр-
тына тектілігін танытқан сыйлы келін, отағасы-
ның бетіне бір жел болып тимеген адал жар, өмір 
бойы перзентінің жағдайын жасап, соның жолын-
да басын бәйгеге тіккен ардақты ана – Ақілгек 68-
ге қараған шағында өмірден озды.
«Ақілгек тәрізді аяғымыздан тік жүріп өлсек, 
арман жоқ. Артында жоқтаушысы бар. Жасамаған 
жасын, көрмеген қызығын бала-шағасына берсін. 
Ақілгектікі той ғой...» десті үлкендер жағы. 
Лиза мен Ағанас аналарын арулап жер қойнына 
берді. Садақаларын да жақсылап атқарды. Шалы 
да, өзі де елге сыйлы адамдар еді. Садақаларына 
ел-жұрт түгел жиналды. Көп адам жүрген жер-
де аяқ киім алмаспай тұрсын ба?! Бір кемпірдің 
мәсісінің басына киген калошы алмасып кетсе 
керек. Әлгі кемпір: «Жетім кемпірдің садақасына 
келемін деп аяқ киімімнен айрылып қалдым-ау», 
– депті долданып. Ел адамдары долылық пен шай-
паулықты жақтырмайды. «Мың асқанға бір тосқан 
бар деген. Сен боқ мұрын ұлдарым бар деп күпін-
бе? Құдай кеудеңді басайын десе, қазір-ақ басады. 
Ақілгекті жалғыз қызы барша құрметімен аттан-
дырып отыр. Мына түріңмен сенің өлігіңді көметін 
де адам табылмас!» – деп тойтарып тастайды. 
Бұл әңгімені естігенде Лиза қатты қиналды. 
Алтын басты әйелден бақыр басты еркекті артық 
санайтын ескі танымға ренжіді, өзінің төмен етек 
қыз болып туылғанына налыды, кезінде әке-ше-
шесінің бір ұлды асырап алмағанына өкінді. 
Ата-анасы шолжаңдатып өсіргенімен Лиза 
өзінің жалғыздығын жасынан сезетін-ді. Сон-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет