96
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Қазақ халқы «келіннің аяғынан, қойшының та-
яғынан» деген мақалды тегін айтпаған. Бөде Қо-
раластардың шаңырағына бөденедей жорғалап,
қырғауылдай қорғалап келіп қонған бақ пен бере-
кенің ұйытқысы болды.
Қайын атасы жауырыны жерге тимеген балуан,
сөзге шешен, ел арасына билігін жүргізген арқа-
лы адам болатын. Жастайынан болыс болып, ат
үстінде жүрген қарияның егде тартқан шағында
бұрынғы сән – салтанатын
жоғалтпауын да осы
Бөде қадағалап отыратын. Келініне риза болған
қайын атасы да ақтық демі соққанша мұны «Бөде,
Бөде» деп еркелетумен кетті.
Бөде отағасымен алпыс жыл отасып, соңғы са-
парына өз қолымен аттандырған. Саналы ғұмы-
рында біреудің ала жібін аттамай, талай беделді
қызметтерді абыройлы атқарған ардақты азама-
ты алты күндей ғана төсек тартып жатты. Сол
алты күн ішінде «Бөде, бөде» деп мұны сыбыр-
лап қана шақыратын. Бірге өткізген алтын уақыт
үшін рақметін, дүниеге
әкелген алтын асықтай
ұл-қыздары үшін алғысын, сол шаңырақтың, сол
әулеттің, тіпті тұтастай бір ауылдың инабатты
келіні бола білгені үшін ризашылығын осылай
білдірген... Кейін бірнеше жылдар бойы шалы-
ның «Бөде, Бөде» деген даусы құлағына еміс-еміс
естіліп жүрді.
Бөде әженің ойын қоңырау сыңғыры бөлді.
Жылдағы әдетінше ең алғашқы болып құттықтап
келген Бақыт келіні екен. Өзі бір көсегесі көге-
ретін, өмірден көрген – түйгені мол,
сыйлы да
сыпайы жан. Бөде әжені Бақыт келіні әрдайым
қадірлеп, алдынан кесе өтпей, сыйлап отырады.
Әжей тұрған жерде «одан жоғары отырмаймын»
деп, кішілігі мен кісілігін танытады.
АНА ТАҒДЫРЫ
97
Бақыт келіні дегенде Бөде әжейдің де шығарда
жаны бөлек. Абысынды – ажынды екі қария аза-
маттарының ат жалын тартып, ел басқарып жүр-
ген шағындағы көрген – түйгендерін бір – бірі-
не сыр қылып шертіседі. Өткен күндердің әдемі
естеліктеріне сапар шегіп, көңілдері бір көтеріліп
қалады.
Бүгінгі күн Бөде әженің талай жылғы бейнетінің
зейнетін көретін күні. Міне,
есіктің қоңырауы
тағы соғылды... Жүздеріне күлкі ойнаған балала-
ры мен келіндері, қыздары мен күйеу балалары,
немерелері мен шөберелері есіктен кіріп жатыр,
кіріп жатыр. Құшақ – құшақ гүлдерді көріп, қо-
шемет сөздерді естіп әжейдің жүзі бал-бұл жанып
отыр. Құттықтап келе алмай, телефон арқылы ізгі
ниеттерін жеткізіп жатқан ағайын-туыс қаншама.
Бөде әженің жүйрік көңілі тағы да өткен күн-
дердің аулына қарай құйғыта жөнелді. Әпкесі Би-
тан екеуі күбі пісіп, құрт қайнатқан бұла күндері
мен ата – анасының алты қанат ақ боз үйі көз ал-
дына тұра қалды. Ол кісілер Битан екеуінің ғана
емес, тұтастай бір әулеттің ата – анасы болған
адамдар еді – ау. Кейін өзі түтін түтеткен шағында
осы ата-анасынан алған тәлімін ұстанып өтті.
Қонақтар кеш қарая тарқасты. Басқа күндері
әжей күнұзаққа жанындағы немересінің былды-
ры мен бейқам ойынына қарап көңілін алданды-
рып отыратын. Кей күндері уақыт шіркін сағыз-
дай созылып өтпей қоюшы еді. Ал бүгін кештің
қалай батқанын да сезбей қалды.
Ымырт үйіріле Бөде әже тағы бір мәрте тасбих
тартып, жаратушы
иесінен отбасының аман-
дығын тіледі. Тілегіне өз құрсағынан шыққан ба-
ла-шағасының ғана емес, ағайын-туғанның, жек-
98
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
жат-жұрағаттың да амандық-саулығын қосады.
Тіпті, көрші келіншектің баласы туралы да тілек
етуді ұмытқан жоқ. «Өзі бір көсегесі көгеретін
жан. Баласы науқасынан жазылып, сөйлеп кетсе
екен» деп бір күрсініп те алды.
«Қарты бар үйдің - қазынасы бар» деген осы – ау...
Достарыңызбен бөлісу: