1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет32/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

ҰСТАЗ
Ой-толғау
Күні кеше мектеп табалдырығында білім 
нәрімен сусындап, ұстаздардың алдынан дәріс 
алып жүрген бүлдіршін қыз едім. Бүгін өзімнің 
де ұстаздық қызмет атқарып жүргеніме жиыр-
ма жыл болыпты. «Осы жиырма жыл ішінде бір 
шәкірттің жүрегіне өнегемді құя алдым ба екен, 
бір баланы әдебиет атты ғажайып әлемге бойла-
та алдым ба екен?» деген ой мазалайды. Өйткені, 
менің өмірімде құдіретті сөз өнерін бойыма ақ 
сүтімен сіңірген, алғашқы ертегілерімен қиялым-
ды шыңдаған абзал анаммен бірге әдебиет әлемі-
не жетелеген үш ұстазым болды. 
Үш ұстаз, үш әлем, үш тұлға. Ия, мен үшін ат-
тары үлкен әріппен жазылатын үш тұлға. Олар-
дың ең алғашқысы Мұратова Раушан апай бола-
тын. Бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға енді 
көшкен кезімізде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 
сабақ берген алғашқы пәндік ұстазым. 


АНА ТАҒДЫРЫ
101
Раушан апай сабақты түсіндіргенде балалар тү-
гел ұйып тыңдаушы еді. Апайымыз сабаққа кел-
генде кейде қатал болып көрінетін. Өзі шәкірт-
теріне тақырыпты жаны қалмай түсіндіретін және 
шәкірттерінен сабаққа дәл солай көңіл бөлуін та-
лап ететін. Басында мен Раушан апайдан қатты сеске- 
нуші ем. Апай қатуланып қарағанда білгенімді 
айта алмай қалған кездерім де болды. Балалық 
қой, сабаққа апайдан қорыққаннан ғана дайын-
далған сәттерім де жиі болып тұратын. Бірақ, бір-
те-бірте апай мазмұндаған әңгімелер өзіне баурап, 
апайдың қатулы қабағынан мейрім шуағын көре 
бастадым. Ең алғаш рет «ұстаз болсам, Раушан 
апайға ұқсасам» деген ой бас көтерді. 
Ол кездері мектепте пәндік олимпиадалар жиі 
болып тұрады. Озат оқитын оқушыларды пән 
мұғалімдері қабілетіне қарай белгілі бір пәндерге 
баулиды. Ұстаздардың ішінен өз пәнінен олимпиа- 
даға қатысуды да осы Раушан апайым ең бірінші 
болып ұсынды.
Раушан апайдан кейін бізге қазақ тілі мен әде-
биеті пәнінен Елемесова Лиза апай сабақ берді. 
Лиза апайдың үлкен қой көздері мейірім шашып 
тұратын. Апайдың маған қараған жанарынан мен 
ерекше бір жылылықты, жақындықты сезінетін-
мін. Кейінірек, жоғары оқу орнында білім алып 
жүріп каникулға келгенімде анаммен мектептегі 
мұғалімдер туралы сыр бөлісіп отырып, «қазақ 
тілінен сабақ берген Елемесова Лиза деген апай 
болды. Ол кісіні есімі сізбен аттас болғасын ба 
жақсы көретінмін» дегенім есімде. Сонда анам: 
«Ол Сейтім атаңның сыйлас інісі, жақын досы 
болған Көпенов Үмбет атаңның қызы. Атаң 
өле-өлгенше аузынан тастамай, «жарықтық Үм-
бет» деп отыратын. Лизаның анасы Сарқыт апа-
мыз да келісті кісі еді. Екеуі де өмірден ерте кетті» 
деген, көзіне келген жасты іркіп. 


102
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Сол Лиза апай менің жүрегімдегі Раушан апай 
оятқан сөз өнеріне деген құштарлықты дамытты. 
Шығарманы жазу жолдарын үйретті. Ойды еркін 
жеткізуге баулыды. Арнайы мәтіндер беріп, тілдік 
талдаудың қыр-сырымен таныстырды. 
Маған қазақ тілінен дәріс берген келесі ұста-
зым - Мұңайтпасова Нәйлә апай. Нәйлә жоғары 
оқу орнын енді бітіріп келген жас ұстаз болатын. 
Менің сөз өнеріне деген қызығушылығымды 
бірден байқаған зерделі жан басқа шәкірттердің 
ішінен өзіне жақын тартты. Нәйлә апайға мен әп-
кем тәрізді сырымды ашатынмын. Жаңа бүршік 
жарған жауқазындай балаң жырларымды оқыта-
тынмын. Өз кезегінде Нәйлә апай да менімен өмір 
туралы, қыз тағдыры туралы сыр бөлісетін. 
Алғашқы өлеңдеріме әділ пікірін білдіріп, көп 
ізденуім, көп оқуым қажет екенін үнемі ескертіп 
отыратын. Мектеп бағдарламасында жоқ кітап-
тардың тізімін беріп, соларды оқуымды талап 
ететін. Әдебиет теориясындағы анықтамалардың 
мазмұнын түсіндіріп, шығармаға сюжеттік талдау 
жасауға баулитын. 
Кескін – келбеті, мінез – құлқы бір-біріне ұқ-
самайтын үш ұстазымның бойында мені баурап 
алған бірдей қасиет бар болатын. Ол – ана тіліне 
деген махаббат, өз пәніне деген құрмет, шәкіртіне 
үйретсем деген құлшыныс еді. 
Қазір қарап отырсам, мені әдебиет әлеміне бау- 
лыған үш ұстазым да текті тұқымнан тараған 
перзенттер екен. Шалқар жұртшылығы Мұратов- 
тардың, Көпеновтердің, Мұңайтпасовтардың 
есімдерін құрметпен атайды. Ал қасиетті Шалқар 
топырағында бұл тұлғалардың іздері сайрап жа-
тыр десем артық айтқандық болмас.


АНА ТАҒДЫРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет