90
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Салтанат атасының әңгімесін ұйып тыңдап
отырған. Бірақ, бұл әңгіме оған біртүрлі аяқтал-
май қалғандай көрінді. Атасы айтқан көк бөрі
бейнесі мен өзі ертегілерден оқып жүрген ақымақ
қасқыр бейнесі бір-біріне мүлдем қайшы, кереғар
бейнелер. Ақымақ, ашкөз қасқыр турлы ұғым
оқыған
ертегілерінен, көрген мультфильмдері-
нен балаң санасына берік орнап қалған Салтанат
атасының айтқан аңыз әңгімесінен кейін әрі-сәрі
күйге түсті.
«Ата, көк бөрі туралы тағы да айтып берші,» -
деді ол сол ойланған қалпы.
«Ата-бабаларымыздың танымында көк бөрі
Көк Тәңірінің нұры, жеңімпаздықтың символы,
ерліктің тұлғасы болып табылады»
- деп жалға-
ды әңгімесін атасы. «Өмірдегі жақсылықтың
бәрі тәңірінің нұрынан жаралады, нұр – тіршілік-
тің бастауы» деп түсінетін халық үшін адалдық,
әділеттілік, шыншылдық, қайсарлық тәрізді асыл
қасиеттердің нышаны да көк бөрі болып танылған.
Бүгінгі таңда мынау ұланғайыр жерді қазақ халқы
мекендеп отыр. Осы атамекен бізге бабаларымыз-
дан мирас етіп берілді. Ел аузында атақты Қаз да-
уысты Қазыбектің жиені Абақ керей Жәнібектің,
Есет батырдың жебеуші көк бөрілері болған деген
аңыз бар. Керей Жәнібек ұйықтаған кезде үстінде
екі бөлтірік ойнап жүрсе, Есет батырдың езуін ар-
лан жалап тұрады екен деген аңыз бар. Ел наны-
мы бойынша, бұл батырлардың бойындағы ерен
күш пен қайсарлық жоғарыдан, Тәңірінің өзінен
бастау алып тұр. Бөрі – Тәңірінің ерекше ілтипа-
тын жеткізуші, - деп сөзін түйіндеді атасы.
«Жастау кезімде ұсталық кәсіппен шұғыл-
данғанымды білесің.
Домбыра жасауға лайық
АНА ТАҒДЫРЫ
91
ағаш іздеп, ауыл – ауылды,
жыра – жыраны аралап ке-
тетінмін. Ер адамның басына
нелер келіп, не кетпейді. Бір
жолы тұманды кеште жолдан адасып, иен далаға
түнеуіме тура келді. Ел арасындағы «қасқыр ала
жіпті аттамаймын деп жаратушыға серт берген.
Сондықтан шылбырлы атты жарып кетпейді» -
деген нанымды білетінмін. «Халық айтса, қалт
айтпайды» деген оймен мен де атымды шылбыр-
лы күйде қалдырдым. Ертесіне таң ала кеуімнен
шылбырын сүйретіп қоя берген атымды ерттеп
мініп, жолға шықтым. Түн қараңғысында байқа-
маған болсам керек, қойлы ауыл таяқ тастам жер-
де жатыр екен. Ауылға жақындағанда әбігерге
түсіп жатқан ауыл адамдарына жолықтым. Бірне-
ше қораға қасқыр шауып, шопандарды шығынға
батырыпты. Абыржыған шопандарға қариялау
кісі «көк бөрінің аузы тиді, көк Тәңірі қолдайды.
Мал өсіп, жандарың аман болады» деп басу айтып
жатыр екен. Кейін
әлгі шопандардың қойлары
егізден төлдеп, шығындары тез-ақ жабылып кет-
кенін өз көзімен көргенім
бар,» - деп атасы әңгімені
өмірдегі өз басынан өткер-
ген жайтқа әкеліп тіреді.
«Ата – бабамыз қасқыр-
дың тісінде, терісінде үл-
кен магиялық қасиет бар
деп есептеген. «Иттің иесі
болса, бөрінің Тәңірі бар»
деген мақал да осындай
ұғымнан келіп туындаған.
Біз тәрізді үлкен кісілер әлі