Бала тілегі
Мен ұйқыдан ертемен
Сенің нәзік даусыңды іздеп тұрамын.
Шай ішкенде бәріміз
Іштей үйге патша тағын құрамын.
Сәби еткен өзіңе
Тағдырыма тәубә деп бас ұрамын
Көрмей кеткен әкешім
Қызықты сен көрсең екен сұрарым.
Сен қонаққа кеткенде
Елегізіп, тұрар орын таппаймын.
Көзіме ұйқы жеткенде
Саулығыңды бір тілемей жатпаймын.
Мақтанышың болам деп
Ұзақты күн өзімді – өзім баптаймын.
Тәңіріме табынып,
От басының амандығын жаттаймын.
110
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Ортамызда жүре бер
Жүзге келіп, жаулық салып басыңа.
Қызықты өмір сүре бер
Немереңді жиып алып қасыңа.
Келін жұмсап келісті
Ене болып, төрде отырып тасы да,
Тілегімді қабыл ал
Арнап жазған елу деген жасыңа
03.12.1993ж.
ХХХ
Сен кеткелі үш жыл өтті бүгін дәл
Келбетіңді қалғалы да көз көрмей.
Жүрегіңнің тоқтаса да дүрсілі
Мынау дала, мынау аспан, мынау жер
Сол қалпында қалып жатыр өзгермей.
Қайғы-мұңға жолыққанда қиналып,
Әлі адамдар соққы жеуде тағдырдан.
Әлі көрем сәбилердің жүздерін
Әкелері аттанғанда келмеске
Бір кездегі мендей болып дағдырған.
Әлі уақыт өтіп жатыр зымырап,
Қысты көктем алмастырып, түнді күн
Тұрлауы жоқ, тоқтамы жоқ тірлікте
Қанша пенде үйірінен адасып,
Жоғалтып ап іздемеді кімді кім?!
Әлі адамдар бұрынғыша қоштасып,
Әлі сәби пәк көңілден күледі.
Бәрі сауда болып кеткен заманда
Тәубашылдар ырыздығын теріп жеп,
Епті жандар ебін тауып іледі.
Біздің үй де сол баяғы орнында,
Әлі сені еске аламыз қамығып.
Әлі менің тамшылайды көзімнен
Қыстың ұзақ таңы дал ғып атқанда
Сағыныштың егіз шығы жабығып.
АНА ТАҒДЫРЫ
111
От басына жиналғанда бәріміз
Әлі күнге алысамыз сені еске.
Білінсе де жанымызда жоқтығың
Қиын алыс бір сапарда жүргендей
Сене алмаймыз кетті деуге келмеске
Әлі тәңірі жаңа сынын тосуда
Күтпегенді жүрген сәт көп көз көріп
Баяғыша дөңгеленген өмірде
Жаңалық жоқ, жалғыз ғана әкетай.
Кетті менің сәби жаным өзгеріп.
5.01.1995ж.
ХХХ
Әйел – ана ұлттың санын өсірген
Әйел – елші сан дауылды өшірген
Әйел – көпір сәбилерін жетелеп,
Бір ғасырдан бір ғасырға көшірген
Әйел – ару сезім еккен көңілге
Әйел – сәуле нұрын шашқан өңірге
Әйел – емші сызат түскен жүректі
Қолмен сылап, қайта қосар өмірге.
Әйел – жалын от маздатқан ошаққа
Әйел – серік қол ұсынған қосаққа
Әйелдерді әлпештейік ұмытпай
Қанша қауырт, жұмысбасты болсақ та!
ХХХ
Асыл анам, шаңырақтың діңгегі,
Көп тер төгіп, бізді тарттың ілгері.
Сенен өнген алты балаң жаратқан
Аман қылса, алты ел болмақ іргелі.
Асыл анам, бізді өсірдің бұла қып,
Тілек айтсаң, бізге амандық сұрадың.
Білмесімді ақылыңмен білдіріп,
Жетпесімді қолмен өзің құрадың.
Пендесіне тағдыр жасар кесімін,
Ерте ашты әкем о дүние есігін.
112
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Шалқып, тасып сен отыршы төрінде,
Балаң жасар талай думан – кешінің!
Деген сөз бар «Бала көңілі – далада»,
Арман қуып біз де кеттік қалаға.
Сағынышқа жүрегіңді жаулатсақ,
Сәбиіңді кешіре гөр, жан ана.
Асыл анам, жүрсем-дағы жырақта,
Еркелеткен үнің келер құлаққа.
Тосудамын шомылатын сәтімді,
Өзіңдегі мейірім атты бұлаққа.
12.09.1997
ХХХ
Маған керегi - сенiң тiрлiгiң,
Өзiң кеткелi солғын тiрлiгiм.
Өзiң кеткелi қатты шаршадым,
Өксiп жыладым iздеп қанша күн.
Өзiң ұшқалы нұрсыз жанарым,
Ашып барады iзi жараның.
Жаным жаралы, көңiл қаралы,
Ажал уыты бойға тарады.
Өзiң аттанып, бiздi тастадың,
Қамқор болады сенен басқа кiм?
Сенен басқа кiм айтар ақылын,
Жоғым түгендеп, түзер ақырын?
Кiмге еркелеп, кiмге шағынам?
Кiмге сүйенiп, кiмге бағынам,
Кiмнен табамын мейiр бұлақты,
Неге тәңiрiм сенi құлатты?
Неге тәңiрiм алды ертерек,
Кiмге сүйенем ендi еркелеп,
Әлде өзiм бе сенi құлатқан,
Шалыс сүрiнiп өмiр сынақтан?!
Көптеу салдым ба саған салмақты,
Кешiр, Анашым, кешiр ардақтым?!
Қалай ақтармын сенiң сүтiңдi,
Кiмге көрсетем ендi күтiмдi?
Өксiк, өкiнiш өртеп барады,
АНА ТАҒДЫРЫ
113
Анам, өзiңсiз әлем қаралы.
Анам, өзiңсiз бәсең үндерiм,
Жалған ойыным, жалған күлгенiм.
Бүгiн мерекең, жоқсың арада,
Сенi отырмыз iздеп, Жан ана
Тiлек орнына құран арнадық,
Бейнең орнына ауа қармадық.
Кеттiң сездiрiп дүние жалғанын,
Сәтке оралсаң болмас арманым.
Әттең ол елден жол жоқ қайтатын,
Онда елшi жоқ сәлем айтатын.
Көзден моншақтар жатыр құйылып,
Туған күнiң деп, келдiк жиылып,
Бос тұр, анашым, төрде орының,
Жайлы болғай-ды жатқан қорымың.
3.12.2002ж.
Достарыңызбен бөлісу: |