114
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
ХХХ
Шын көңілмен жаны ашыған кейіпті,
Шынымды айтсам, Сізден ғана көріппін.
Адамдардың ішіндегі асылым,
Жаны жайсаң,
көңілі кең, көріктім.
Маған деген шынайы бір қамқорлық
Ісіңізден, көзіңізден сезілер.
Мені іздеп сенделдіңіз жалғанда
Сізді іздеп қанша жерді кезіп ем.
Сырымызды айтқызбай-ақ ұғыстық,
Сыйластықты аңсағанбыз осындай.
Жаны егіз, ал жолдары жалқы боп,
Кеткендер де бар – ау мәңгі қосылмай.
ХХХ
- Көңілге күз кірді дегенде,
Жүрекке мұз тұрды дегенде,
Жалғандық, жауыздық жабылып,
Жанымды жүз
тілді дегенде,
Жарқ еткен болдыңыз жарық күн
дегенде, - бәрінен жалықтым.
Бойымды зіл-зала басқанда,
Ойымнан тыныштық қашқанда,
Ертеңнен үмітім үзіліп,
Өмірден түңіліп, сасқанда,
Қалт етпес болдыңыз қамалым,
дегенде, - таусылды амалым.
Құтқарған жалғыздық дертінен,
Өршіген өсектің өртінен.
Қайтадан өмірге ынтығып,
Қайтадан тірлікке елтігем.
Селт еткен болдыңыз сезім – нұр
деймін мен, - бақытты кезім бұл!
АНА ТАҒДЫРЫ
115
ХХХ
Тәңірдің
өзі біздерге
Қарасайын деген бе?
Екі жүрек зарыққан
Жарасайын деген бе?
Көңілге қонған кірбің-бұлт
Тарасайын деген бе?
Бұл екеуін жасаған
Көп сынады деген бе?
Соқпағында тағдырдың
Көп құлады деген бе?
Зарын татып жалғанның
Көп жылады деген бе?
Ата-бабам аруағы
Рахым қылсын деген бе?
Шөліркеген жүректер
Жақын жүрсін деген бе?
Бірге батып шаттыққа,
Бірге күлсін деген бе?
Құмға
айналған жігерден
Гүл өсірсін деген бе?
Үкілеген қыз бенен
Ұл өсірсін деген бе?
Махаббатпен, шаттықпен
Бір өсірсін деген бе?
...Табыстырды үміт – тін
Үзілейін дегенде.
ХХХ
Ашуға толып денем,
Санамда өліп өлең.
Мен үшін шаттық енді
Шалғайға қашты дегем.
Қайраңға шөгіп кемем,
Назарым түсіп төмен.
Жалғыздық дерті шындап
Бойымды басты дегем.
АНА ТАҒДЫРЫ
117
Еңсені тұрған басып.
Құтылдық азап, мұңнан
Сіз бен біз табысқалы.
Өзімді, өмірімді
Сізге мен табыстадым.
Ризамын тағдырыма,
Ризамын Тәңіріме.
Әуелден жаратқанның
Көнген ек әміріне.
Соқсақ та басымызды,
Ауыртып тауға, тасқа
Жолығып, енді бірге
Келеміз қадам бастап.
Ән
кірді көңіліме,
Ән кірді өміріме
Жетелеп әкеттіңіз
Арманның өңіріне.
Сенгенім, сүйгенім – Сіз,
Жоқ менде еш бөтен ой
Адамдар армандайтын
Бақ деген осы екен ғой...
Бақ деген осы екен ғой!
ХХХ
Адам жоқ жайдары жаны,
Мен үшін жалғанда сіздей.
Ләйлі мен Мәжнүннің өзі
Сүйе алмас бір-бірін біздей.
Сізбенен тербеліп әнге
Сезіндім өмірдің мәнін
Күн сайын ұқтырып жүрсіз
Сүйейтін бір жанның барын.
Қосағым, сүйгенім, досым,
Сыр
ашар сырласым да Сіз
Қадамды басамыз бірге,
Әрқашан Сіз қасымдасыз.