110
111
«Жақсы болды-ау, қуана бер, құлынщақ!
Атаң қандай аңғарымпаз кісі еді!
Әне, Арман, анау туды көрдің бе?»,
«Иә, ата, аспан түстес төртбұрыш».
«Балам, қыран – иесі ылғи төрдің де,
Күн нұрында жатыр елдік көп ырыс.
Ашық көк түс –
еркіндіктің белгісі,
Ал өрнектер – қазағымның нақышы.
Ұлтын дәйім сүю керек ер кісі,
Керек емес бізге Қытай, АҚШ-ы.
Әнұранға келер болсақ, ол өзің,
Күнде ішіп тоймай жүрген сумен тең.
Ұмытпауың
керек оның әр сөзін,
Ал ұмытсаң, өзің ішкен умен тең.
Үш жақұтты білмей қалсаң кенеттен,
Опасызсың, жатсаң-дағы ақталып.
Бабаңның ел деп көз жұмғаны бейнеттен,
Жүрегіңде тұрсын мәңгі сақталып!
Бұл рәміздер – Қазақстанның тірегі,
Есте сақта, жадыңа қой желімдеп.
Сендей барлық жас өркеннің жүрегі,
Соғу
керек туған елім, жерім деп!
Қарыздармыз туған жерге мәңгіге,
Тәуелсіз боп атқан ақ таң үшін».
«Ұқтым, ата, шырқап жүрем әнді де,
Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым!».
Достарыңызбен бөлісу: