Советы родителям: «Принципы разумного воспитания детей»



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата22.08.2023
өлшемі408,14 Kb.
#105453
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
БАЛАЛАРДЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕЛЕУ

3-
4,5 балл. 
Сіздің бала тәрбиесіне деген дайындығыңыз орташа. 
Балалармен өзара әрекеттесу кезінде қақтығыстар туындауы мүмкін.
3 баллдан төмен.
Сіздің бала тәрбиесіне деген дайындығыңыз төмен. 
Балалармен болуы мүмкін жанжалдардан құтылу үшін шұғыл түрде өзіндік 
білімді, психологиялық-педагогикалық мәдениетті көтеру қажет.
Ата-аналық қатынас тесті
Сіз өзіңіз келісетін пайымдауларды дөңгелектеңіз.
1. 
Мен әрқашан өз балама тілектестік білдіремін.
2. 
Мен өз баламның не туралы ойлайтындығын білуге міндеттімін деп 


12 
санаймын.
3. 
Мен өз баламды сыйлаймын.
4. 
Меніңше, менің баламның мінез-құлқы нормадан айтарлықтай 
ауытқыған.
5. 
Шынайы өмірлік мәселелер балаға зақым келтірсе, одан баланы 
алысырақ ұстау керек.
6. 
Мен балаға жақсы ықыласты (симпатия) сезінемін.
7. 
Жақсы ата-ана баласын өмірлік қиыншылықтардан қорғайды.
8. 
Менің балам маған көбіне сүйкімсіз болып көрінеді.
9. 
Мен әрдайым өз балама көмектесуге тырысамын.
10. 
Балаға деген суық қатынас оған үлкен пайда әкелетіндігі сияқты 
жағдайлар болады.
11. 
Мен өз балама қатысты ыза-өкінішті сезінемін.
12. 
Менің балам өмірде ештеңеге қол жеткізе алмайды.
13. Меніңше, басқа балалар менің баламды келемеждейді.
14. 
Менің балам кінәлауға лайықты әрекеттерді жиі жасайды.
15. 
Баламның психологиялық дамуы кейін қалған және өз жасына сәйкес 
жеткілікті дамымаған.
16. 
Балам менің ызамды келтіру үшін өзін әдейі ұнамсыз ұстайды.
17. 
Менің балам барлық жаман нәрсені «сіңіріп» алады.
18. 
Қанша тырыссаң да менің баламды жақсы мәнерлерге үйрету қиын.
19. 
Баланы қатаңдықта ұстау қажет, сонда ол парасатты адам болып өседі.
20. 
Менің баламның достары біздің үйге келгені маған ұнайды.
21. 
Баламның ойыны мен жұмыстарына мен қатысамын.
22. Менің балама жаман нәрселер әрдайым «үйір».
23. 
Менің балам өмірде жетістікке жетпейді.
24. 
Таныстардың ортасында балалар туралы айтқанда баламның басқа 
балалар сияқты ақылды және қабілетті болмағаны үшін ұяламын.
25. 
Мен өз баламды аяймын.
26. 
Мен өз баламды оның құрдастарымен салыстырсам, олар менің балама 
қарағанда тәрбиелі және ақылды сияқты.
27. Өзімнің бос уақытымды баламмен рақаттанып өткіземін.
28. Баламның есейіп, ер жеткендігі мені жиі қынжылтады, және оның бала 
кезін мейіріммен еске аламын.
29. Өзімнің балама жиіркенішпен және қастықпен қарайтынымды жиі 
байқаймын.
30. Мен өмірде қол жеткізбеген дүниелерге менің балам жетсе екен деп 
армандаймын.
31. Ата-аналар баласына тек талап қоймай, сондай-ақ өздері оған 
бейімделіп, оған құрметпен қарауы керек.
32. Мен баламның барлық өтініштері мен тілектерін орындауға 
тырысамын.
33. Отбасылық шешім қабылдау кезінде баланың пікірін ескерген дұрыс.
34. Мен баламның өміріне аса қызығушылық танытамын.
35. Балам өз талаптары мен наразылықтарында өздігінше дұрыс 


13 
істейтіндігін мен жиі мойындаймын.
36. 
Балалар ата-аналарының қателесетіндігін алдын ала біледі.
37. Мен баламмен әрқашан санасамын.
38. Мен балаға достық қатынаста қараймын.
39. Менің баламның еркелігінің басты себебі – өзімшілдік, қыңырлық және 
жалқаулық.
40. 
Баламен демалысыңды өткізсең, дұрыс демалу мүмкін емес.
4l. Балада тыныш және алаңсыз балалық болу – ең маңыздысы.
42. Маған кейде балам жақсы нәрсеге қабілеті жоқ сияқты болып көрінеді.
43. 
Мен баламның қызығушылығын қолдаймын.
44. Менің балам кімнің болсын ашу-ызасын тудырады.
45. Мен өз баламның күйзелісін түсінемін.
46. Менің балам мені жиі ашуландырады.
47. Бала тәрбиесі – бірыңғай жүйке тоздыру.
48. Балалық шақтағы қатаң тәртіп өр мінезді дамытады.
49. Мен өз балама сенбеймін.
50. Қатаң тәрбие бергені үшін балалар кейін өз ата-аналарына алғыс 
білдіреді.
51. Кейде меніңше, мен өз баламды жек көретін сияқтымын.
52. Менің баламның артықшылықтан гөрі, кемшілігі көп.
53. Мен өз баламның қызығушылықтарын қолдамаймын.
54. 
Менің балам өздігінше бірдеңе істеуге қабілетсіз, ал егер істейтін 
болса, онда ойдағыдай болмайды.
55. 
Менің балам өмірге бейімделмей өсуде.
56. 
Менің балам маған осы қалпында ұнайды.
57. 
Мен баламның денсаулық жағдайын мұқият қадағалаймын.
58. 
Мен өз балама жиі таң қаламын.
59. 
Баланың ата-анасынан ешқандай сыры болмау керек.
60. 
Баламның қабілеттері туралы пікірім жоғары емес және мен оны 
баламнан жасырмаймын.
61. 
Бала өзінің ата-анасына ұнайтын балалармен дос болу керектігі аса 
маңызды.
Оң жауап 1 баллмен бағаланады. Әрбір шәкіл бойынша баллдарды 
қосыңыз.
1. Баланы қабылдау – шеттету:
3, 5, 6, 8, 12, 14, 15, 16, 18, 20, 23, 24, 26, 
27, 29, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 51, 52, 53, 55, 56, 60. 
 
2. 
Қауымдасу: 
21, 25, 31, 33, 34, 35, 36.
3. 
Селбесу (симбиоз):
1, 4, 28, 32, 41, 58.
4. 
Бақылау:
2, 19, 30, 48, 50, 57, 59.
5. 
Баланың сәтсіздіктеріне деген қатынас:
9, 11, 13, 17, 22, 54, 61.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет