14
ашу, өшігу, ызалану, жек көрушілік сияқты жағымсыз сезімдерді сезінесіз. Сіз
балаңызды жолы болмаушы деп санайсыз,
оның болашағына сенбейсіз, оның
қабілеттерін төмен бағалайсыз және балаңызды жиі кемсітесіз.
Қауымдасу
шәкілі бойынша жоғары балл (7-8 балл) – сіз баланың өміріне
бүкпесіз қызығасыз, оның қабілеттерін жоғары бағалайсыз,
даралық пен
бастаманы марапаттайсыз, онымен тең болуға тырысасыз. Бұл шәкіл бойынша
төменгі балл (1-2 балл) – сіздің балаға қатысты қарама-қайшы ұстанымда
екендігіңізді білдіреді.
Селбесу (симбиоз)
шәкілі бойынша жоғары балл (6-7 балл) сіз өзіңізбен
және
балаңыздың
арасындағы
психологиялық
арақашықтықты
айқындамағандығыңыз туралы
қорытынды жасауға болады, оған әрқашан
жақын болуға, оның негізгі орынды қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оны
сәтсіздіктерден қорғауға тырысасыз. Осы шәкіл бойынша төменгі балл (1-2
балл) –
бұл керісінше, сіздің балаңызбен арадағы психологиялық
арақашықтықты айқындап, оған аз қамқорлық көрсететіндігіңіздің белгісі.
Бақылау
шәкілі бойынша жоғары балл (6-7 балл) балаға қатысты өзіңізді
өте
өктем ұстап әрекет жасайсыз, одан сөзсіз құлақ қоюды талап етіп, қатаң
тәртіптік шектеулер қоясыз. Әрқашан балаға өз ерік-қалауыңызды мәжбүрлеп
таңасыз. Бұл шәкіл бойынша төменгі балл (1-2 балл),
керісінше, балаңыздың
әрекеттерін сіздің тарапыңыздан бақылау жеткіліксіз екендігін білдіреді.
5-
шәкіл
бойынша жоғары бағалаулар (7-8 балл) – балаңызды кішкентай
жолы болмаушы ретінде санап, оған зердесі төмен тірі ағза ретінде қатынаста
екендігіңіздің белгісі.
Баланың қызығушылықтары, әуестіктері, ойлары мен
сезімдері сізге маңызсыз болып көрінеді, сіз оларды елеп-ескермейсіз. Төменгі
балл (1-2 балл) сіз балаңыздың сәтсіздіктерін
кездейсоқтық деп
санайтындығыңызды және оған сенетіндігіңізді көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: