тұрғын үй қорына 4190 адам, совхоздарға — 3150 адам және 13800 адам колхозшылардың
үйлеріне тығыздалу тәртібімен орналастырылды.
Осылайша, халықтардың қоныс аударуы 40-шы жылдардың соңына дейін жалғасты.
Осындай
хронологиялық тәртіпте соғысқа дейінгі кезеңде және Ұлы Отан соғысы жылдарында
халықтарды Қазақстанға күштеп көшіру процесі жүрді. Халықтарды Қазақстанға
депортациялау сталинизмнің жазалау саясаты жағдайында өтті. Сол қиын,
сыни жылдары
қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың аман қалуына қарапайым қазақ халқының
жанашырлығы мен гуманизмі көмектесті.
Достарыңызбен бөлісу: