О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Жолдасым – Асқаров Жәнібек Оралұлы 1962 жылы туған



Pdf көрінісі
бет31/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

Жолдасым – Асқаров Жәнібек Оралұлы 1962 жылы туған, 
Ұлым – Асқаров Айдын Жәнібекұлы 1990 жылы туған,
Қызым – Асқарова Айсәуле Жәнібекқызы 1992 жылы туған
т.б.
15.
Жеке іс парағының соңына да толтырушының мекенжайы, үй те-
лефоны, толтырылған күні көрсетіліп, қолы қойылады. 
Мысалы, 
Алматы қаласы, Ақсай-1 ықшамауданы, 4 үй, 34 пәтер. 
Үй телефоны: 2-24-54-68. 15 наурыз 2010 жыл.


43
Орынғазы Әбутәліп
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы қай уақытта, қандай 
жағдайда толтырылады?
2. Кадрлар жөніндегі іс парағын толтыру үшін өзіңіздің қандай 
құжаттарыңызды пайдалана отырып толтырасыз? Атап өтіңіз.
3. Кадрлар жөніндегі іс парағының ерекшелігін атаңыз.
Ескерту!
Жеке іс парағы жылма-жыл толықтырылып, жаңаланып отыруына 
байланысты, кейбір жеке іс парағында: азаматтығы, жеке куәлік нөмірі, 
ӘЖК және СТТН нөмірлерін көрсетіңіз деген пункттер де кездеседі.
РНН – СТТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі).
СИК – ӘЖК (Әлеуметтік жеке код).
ИИН – ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі).
1-жаттығу.
Берілген қосымшалар арқылы келесі сөздерден қызмет 
иесін айқындаңыз. 
-шы / -ші
-кер / -гер
Қызмет
Қызмет
Жұмыс
Қайрат
Тергеу
Заң
Оқу
Кәсіп
Жазу
Іс
Сурет
Қаржы
Ән
Бап
Тыңдау
Тәлім
Би
Әдіс
Ем
Қалам
Шаңғы
Дәрі
Демеу
Зейнет
Қолдау
Қылмыс
Көмек
Жұмыс
Аударма
Айла
2-жаттығу.
Көрсетілген әскер түрінің қазақша аудармасын тап?
1) «ВВ» – внутренние войска.
2) «ВДВ» – воздушно-десантные войска.
3) «П» – пехота. 
4) «МП» – морская пехота. 


44
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
3-жаттығу.
Төмендегі кәсіп, мамандық атауларының қазақша балама-
сын жазыңыз.
1) врач-стоматолог
2) правовед-юрист
3) мажилисмен
4) директор фирмы «Арай»
5) председатель ТОО
6) первый заместитель Министра
7) помощник ректора
8) Аким Созакского района Южно-Казахстанской области
9) главный специалист
10) ведущий научный сотрудник
11) младший научный сотрудник
12) секретарь-референт
13) руководитель организации
14) заведующий кафедрой
15) проректор университета
16) учитель средней школы
17) исполнительный директор
18) оперативный работник
19) чрезвычайный и полномочный Посол
20) программист
21) координатор
4-жаттығу.
Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Ана тілім – ... . 2. Орыс тілін ... . 3. «Парасат» орденімен ... . 4. 
«Даңқ» ... марапатталдым. 5. Әскери қызметке ... . 6. Әскери қызметке ... . 
7. Физика-математика ғылымдарының ... .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет