ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін, неміс тілінде оқып, түсінісе алу деңгейінде білемін немесе
қазақ және орыс тілдерін жетік білемін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде меңгергенмін. 8. Ғылыми дәрежеңіз, атағыңыз: ресми атауын жазасыз.
Мысалы,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 9. Ғылыми еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз: бұл пунктте тех-
ника, өнер т.б. салада ашқан жаңалығыңыз немесе қомақты еңбегіңіз жа-
зылады.
Мысалы
, 2002 жылы «Рауан» баспасынан шыққан «Қазақша- орысша сөздіктің» авторымын. Көлемі 10 баспа табақ. 10. Еңбек жолы тармағында: жоғары және арнаулы оқу орындарын-
да оқыған жылдары, Қарулы күштер қатарында болған жылдары және
негізгі жұмысы мен қосымша істеген жұмыстары көрсетіледі. Оқу ор-
нын көрсеткен кезде түскен, бітірген уақыты, Қарулы күштер қатарында
болған уақыты толық және жұмысқа орналасқан уақыты мен одан шыққан
немесе басқа жұмысқа ауысқан уақытыңыз күні, айы және жылы жазы-
лады. Мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, жоғары және арнаулы оқу
орындары, сол кезде қалай аталса, сол атауы жазылады. Әскери қызметі
мен атағы, әскери округ сол кезде қалай аталса, сол бойынша жазылады.
Мысалы,
30 тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті. 1 қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алма - ты мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты. 3 қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.