5 қазан, 1981 ж. – 5 қараша, 1983 ж. Совет Армиясы
қатарында болдым. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы
№115 әскери округте қатардағы жауынгер, кіші сержант, сержант
қызметін атқардым.
Еңбек жолы тармағындағы мәліметтер еңбек кітапшасындағы
мәліметпен немесе толтырушының еңбек жолын айғақтайтын басқа да
құжаттарда көрсетілген мәліметпен бірдей болуы керек.
11. Сайланбалы органдарға қатысуы:
бұл тармақта егер жеке іс
парағын толтырушы республикалық, облыстық, қалалық, аудандық т.б.
сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырыла-
ды. Қатыспаған болса,
қатысқан жоқпын
деп жазылады.
12. Мемлекеттік марапаттар:
бұл тармақты марапатталғандар ғана
толтырады. Бұл тармақта қашан және немен марапатталғаны көрсетіледі.
Марапатталмаған болса,
марапатталған жоқпын
деп жазылады.
13. Әскери қызметке қатысы:
бұл пунктте, ең алдымен, әскери
қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады.
Мысалы,
әскери қызметке міндеттімін, әскери қызметке міндетті
емеспін.
Егер әскери қызметке міндетті болса, бұдан кейін әскери атағы,
командалық, саяси, әкімшілік, техникалық құрамы, әскер түрі жазылады.
Мысалы,
Алматы қаласы Калинин аудандық әскери комиссариат
-
тан берілген әскери билет НС №3361048
. Құрамы:
сержант
. Әскер
түрі:
командалық.
14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы:
бұл
пунктте әйел адамдар сол кездегі жағдайына сәйкес
тұрмыстамын,
тұрмыста емеспін
деп, ал ер адамдар:
үйленгенмін, үйленбегенмін
деп көрсетеді. Отбасы мүшелері туралы жазылатын тармақта өз отбасы
болса, жолдасының, балаларының аты-жөні және туған жылы, ал жеке іс
парағын толтырушы қызметкер үйленбеген немесе тұрмысқа шықпаған
болса, ата-анасының, туған бауырларының аты-жөні, туған жылы жазы-
лады.
Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |