О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет43/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Арыз қандай жағдайларда жазылады?
2. Арыз кімге жазылады?
3. Арыздың құрылымы қандай?
4. Өтініш түріндегі арыз дегеніміз не?
5. Шағым түріндегі арыз дегеніміз не?
6. Түсініктеме түріндегі арыз дегеніміз не?
Тілдік бірліктер:
• арызда көрсетілген мәлімет
• заңсыз әрекет
• қызметкердің заңсыз әрекеті
• белгіленген тәртіпте
• азаматтардың құқығы
• қиын жағдай
• өкінішке орай
• тексеру жүргізуіңізді 
• арыз бойынша тексеріс
• шара қолдану
• қалыптасқан жағдайға байланысты
• мәселені қарастыруыңызды
• шара қолдануыңызды
• жолға қоюыңызды


65
Орынғазы Әбутәліп
1-жаттығу: 
Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
 
Өтініш, сұраймын, тұратын, тіркелген, факультет деканы, кафедра 
меңгерушісі, шара қолдануыңызды сұраймын.
2-жаттығу.
Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. заң талаптарына / қызметкердің / қайшы келеді / іс-әрекеттері. 
2. күнге дейін / қалып отыр / өтінішім / бүгінгі / менің / жауапсыз. 
3. заңды / шешімі / емес / жиналыстың. 
4. атқара алмай / міндетін / отыр / дұрыс / өз. 
3-жаттығу.
Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Талдықорған қаласы №5 ықшамауданында орналасқан 37 үйде 2000 
жылдың 20 қаңтарынан бері ... . 
2. ... бірнеше рет хабарласқанымызбен еш нәтиже шыққан жоқ. 
3. №5 ықшамауданында орналасқан 37 үйдің жылумен қамтамасыз 
етілуі үшін ...., жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін ретке келтіре алмай 
отырған лауазымды адамдарға .... сұраймыз.
Керекті тілдік бірліктер:
жылу берілмей отыр, тиісті орындарға, 
нұсқау беруіңізді, шара қолдануыңызды.
4-жаттығу.
Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.
Тәртіп бұзу
Неправомерные действия
Еңбек тәртібін бұзу
Жилищное право
Заңға қайшы әрекет
Нарушение трудовой дисциплины
Ұстау
Административное взыскание
Тұрғын үй құқы
Нарушение дисциплины
Әкімшілік жаза
Задержать
5-жаттығу.
Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
1. заң талаптарына / қызметкердің / қайшы келеді / іс-әрекеттері. 
2. күнге дейін / қалып отыр / өтінішім / бүгінгі / менің / жауапсыз. 
3. заңды / шешімі / емес / жиналыстың. 
4. атқара алмай /міндетін / отыр / дұрыс / өз. 
5. отыр / орындаудан / бас тартып / міндетін / өз. 
6. бойынша / сұраймын / жүргізуіңізді / тексеріс / арыз. 
7. расталған жоқ / жазылған / арызда / мәліметтер.


66
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ç
Тапсырмалар:
1) Асхана тамағының сапасының төмендігі туралы арыз жазыңыз.
2) Петропавл қаласы сүт зауытының директоры Т.С. Пірімбетовтің 
атына дүкендегі сүт өнімінің нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
3) Қалалық санэпидстанция бастығы атына ауладағы санитарлық 
жағдайдың нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
4) Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты арыз үлгісін 
жазыңыз.
h


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет