61
Орынғазы Әбутәліп
Түсініктеме түрінде жазылатын арыз
– белгілі бір оқиғаға бай-
ланысты мәселенің дұрыс шешілмей, жәбірленушінің
болған оқиғаны
нақты түсіндіре отырып қарсы арыздануы. Мысалы: Көліктердің
соқтығысуына байланысты, болған оқиғаға
куәгерлерді тарту арқылы
нақты деректермен дәлелдеу.
Арыздың жазылу тәртібі:
Арыз А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағананың бойына кімге
жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып кімнің жазғаны және қағаздың
ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады.
Одан кейін
тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.
6
Құрылымы:
1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы,
лауазымы, аты-жөні,
дәрежесі / атағы).
2. Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).
3. Құжат атауы (арыз).
4. Негізгі мәтін.
5. Жазылған мерзімі.
6. Арыз иесінің қолы немесе арыз мазмұнымен келісушілердің қолы.
Негізгі мәтін
кіріспе сөзден басталады.
Мысалы
,
«Менің сізге арыз беру себебім».
Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған
негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында күнделікті қызмет этикасын
сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі
жазылады. Мысалы,
«Айтылғандарды ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймын»,
«мәселені шешіп беруіңізді сұраймын»
т.с.с.
Ескерту!
Ұжымдық арызда арыз мазмұнымен келісушілердің аты-жөні,
қолдары
иерархиялық тәртіппен, я болмаса әліпби тәртібімен жазыла-
ды. Қол қоюшылар өте көп болатын болса, онда арызға қол қою парағы
тіркеледі.
Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда,
келісім туралы
қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, «Келісемін», «Қарсы емеспін».
Бұл жерде де күні жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.