О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет45/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

1. Қызметтік мінездеме –
мінездеменің айрықша кең тараған әмбебап 
формасы.
Мінездеменің бұл түрі қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу 
қажет болған жағдайда жазылады. Негізінен, бос орынға, оқу орнына, 
жоғары қызметке ұсынылғанда т.б. беріледі. Қорытынды бөлімі құжат 
мазмұнын түйіндейді.
2. Аттестациялық мінездеме
белгілі бір қызметкерді қызмет ор-
нын тексеру барысында комиссия құрамының жүргізген аттестация 
қорытындысына орай жазылады. 
Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне 
байланысты бір-екі нақты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін 
қорытынды сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді не-
месе ұсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,
ҚОРЫТЫНДЫ: 
Атқарып отырған қызметіне лайық.
ҚОРЫТЫНДЫ: 
Атқарып отырған қызмет орнына лайық емес.


68
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ҚОРЫТЫНДЫ: 
Қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға 
лайық.
ҚОРЫТЫНДЫ: 
Кәсіптік дайындық деңгейін, басшылық 
қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, Н.С. Нұртазаевты конкурс- 
тық негізде Статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға бо
-
лады – 
деген түйінді сөздер жазылады.
3. Жеке (функционалды) мінездеме 
адамның жеке басының мінезін, 
білімін, кәсіби шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазыла-
ды. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап 
көрсетіледі. Мысалы, 
«Еңбек келісімін ұзарту үшін
».
Жауапты адамның, яғни мінездеме иесі қызмет істейтін мекеме 
басшысының қолы қойылғаннан кейін, қажет болған жағдайда мөр 
басылады. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парақтың соңына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет