О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, көпшілікпен тіл табысып



Pdf көрінісі
бет48/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, көпшілікпен тіл табысып, 
қарым-қатынас жасай білетін, талап қойып, оны орындата білетін 
Г.С. Мыңбаева өз әріптестері арасында да, студенттер арасында да 
беделді. Атқарып отырған қызметіне лайық.
5. Мінездемені талап етуші ұйымның атауы
. Бұл бөлікте 
мінездеменің не мақсатпен берілгендігі немесе қай ұйымға берілгендігі 
жазылады. Мысалы,
Мінездеме жеке еңбек шартын ұзарту үшін берілді. Мінездеме 
диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді. 
Мінездеме Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің 
қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді.
Мінездемені талап етуші ұйымның атауы толық, ресми түрде аталуы-
на сәйкес жазылады.
6. Мінездеме беруші туралы мәлімет.
Бұл бөлікте мінездеме беруші 
мекеме басшысының ресми қызметі, аты-жөні, тегі жазылып, қолы
қойылады. Қол қоятын адам бірнешеу болса, олар иерархиялық тәртіп- 
те, ал олардың қызмет дәрежесі бірдей болса, әліпби ретімен беріледі.
Мысалы,
Химия факультетінің деканы, профессор 
Ж.А. Әділбеков
 
(қолы)
Аналитикалық және сирек
элементтер химиясы кафедрасының 
меңгерушісі, профессор 
М.К. Наурызбеков
 
(қолы)
7. Мінездеме берілген күн, ай, жыл.
Бұл бөлікте мінездеме берілген 
күн, ай, жыл көрсетіледі. Мінездеме берілген күн мінездеме беруші ту-


71
Орынғазы Әбутәліп
ралы мәліметтен кейін 1 интервал жіберіліп барып, парақтың сол жақ 
бөлігінде жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы,
1999 жыл 26 мамыр.
8. Қосымша.
Егер мінездемеде қосымша болатын болса, ол жайында 
парақтың соңында жазылады. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет