О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу-



Pdf көрінісі
бет49/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу-
әдістемелік басқарма бастығының қолымен расталған мінездеме 
қосымша беріліп отыр. 
Ал қосымша бірнешеу болатын болса, жолдама хат дайындалып, сон-
да көрсетіледі. Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда:
• 
Белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
• 
Білімі туралы құжат көшірмесі;
• 
Бұрынғы мінездемелер көшірмесі немесе одан алынған үзінді;
• 
Анықтамалар жіберіледі.
Ескерту!
1) Кейбір жағдайларда мінездеменің жоғарғы жағында мекеменің 
фирмалық белгісі (логотипі) көрсетілген арнайы бланкілерде де жазы-
лады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының 
қолымен расталады.
2) Кейбір жағдайларда құжат атауынан бұрын мінездеме берілуші 
туралы қысқаша мәлімет жазылып барып, мінездеме берілетін түрі де 
болады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мінездеме қандай құжат?
2. Мінездеменің неше түрі бар?
3. Мінездеме қандай жағдайда беріледі?
4. Мінездеменің құрылымы қандай?
5. Мінездеменің ерекшеліктерін ата.
6. Мінездеменің мақсаты не?


72
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

1-үлгі.
 Қызметтік түрі 
Мінездеме
Әлиханов Қуаныш Өмірбекұлы 1981 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, 
Аягөз ауданы, Баршатас ауылында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 
Қазақстан Республикасының азаматы.
1998 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы әл-Фараби 
атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны 2003 жылы 
үздік дипломмен бітірген. 2003 жылы Қазақстан-Британ техникалық 
университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қабылданды. 
Қ.Ө. Әлиханов – оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман. Сабақ- 
тарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді. Қазіргі сабақ 
жүргізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін практика жүзінде белсене қолданады. 
Ол кафедраның тәрбиелік іс-шараларына үнемі қатысады, сонымен 
қатар студенттермен жеке оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүйелі түрде 
өткізіп тұрады. Алматы қаласында өткен «Абай тағылымы» атты ғылыми 
конференцияға қатысты. Мақалалары бар.
Қ.Ө. Әлиханов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Берілген тап- 
сырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Мінезі ашық. Студенттер мен 
әріптестерінің арасында беделді. Сынды дұрыс түсінеді. Ол қазақ, орыс, 
ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі 
мол. 
Мінездеме оқытушылықтан аға оқытушылыққа өту үшін беріліп 
отыр.
Мінездеме беруші:
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д., профессор
К. Құрманбай 
25 мамыр, 2010 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет