Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет3/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   321
Құрметті оқырман!


Халыққа арналған тауарлар дайындайтын салалардың арасында 
жаңа ұйымдық құрылымдар: концерндер, қауымдастықтар, 
акционерлік қоғамдар және т.б. құрамына қосылған кәсіпорындарда 
әртүрлі киім өндіретін тігін өнеркәсібі жетекші орынға ие. 
Киім дайындау – күрделі процесс. Бұйым сапасы мамандар мен 
жұмысшылардың біліктілігіне байланысты. Жаппай өндіріс 
киімдерін шығаратын кәсіпорындар техниканың, технологияның 
және өндірісті ұйымдастырудың жоғары деңгейімен сипатталады, 
бұл осы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге ерекше талаптар 
қояды. 
Шығармашыл әрі жоғары нәтижемен еңбек етуге қабілетті, жаңа 
техниканы пайдалануға епті жоғары білікті кадрларға деген 
қажеттілік тез өсуде. Бүгінгі таңда өндіріс практикалық және 
теориялық жағынан жақсы дайындалған, жалпы білім беретін және 
арнайы пәндер бойынша терең білімі бар, техникалық мәдениеті 
жоғары мамандарға айтарлықтай деңгейде мұқтаж. 
Тігін өндірісінің технологиясы механикаландырылған өндіріске 
айналып бара жатыр. Оның тиімділігі арнайы машиналар мен 
жабдықтарды қолданумен байланысты. Өндірістің ұйымдық 
нысандары өзгереді, кәсіпорындарды, әсіресе модельдер әзірлеу, 
өндірісті дайындау, киім пішу, тігу кезінде және әрлеу 
операцияларында автоматтандыру деңгейі артады. Киім пішу 
өндірісінде қазірдің өзінде, жеке тапсырыс бойынша киім дайындау 
кезіндегі сияқты, материалды төсеммен пішуден жеке пішуге көшу 
байқалуда. Төсемде пішудің тартымды баламасы ретінде 
материалды жоғары жылдамдықпен жеке пішудің мәні айтарлықтай 
өсіп келеді. 
Жылдам пішуге арналған қондырғыларды қолдану, материалдың 
екінші немесе тіпті үшінші қабатын төсеуге қарағанда, ұтымдырақ 
болады. Жаймаларды төсеуге және бөлшектерді ажыратуға қажетті 
уақыт пішу уақытына тең болады. 
Арнайы тігін машиналарының, жартылай тігін автоматтарының
тігін қондырғыларының және кешенді жұмыс орындарының 
қолданыста болуымен қатар, компьютерлермен басқарылатын 
технологиялық модульдер деп аталатын модульдер пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет