интеллектуалдық процеске назар аударғаны – құптарлық іс. Алайда өте
жалаң түсіндіргендіктен, жоғарыда аталған зерттеушілердің ұстанымдары
онан əрі қарай дами алмады. Бұл – өте өкінішті жайт. Хокарттың өзі қайтыс
болғаннан
кейін
шыққан
кітабының
кіріспесінде
2
психологиялық
түсіндірмелерді эмоциялық кеңістікке қайта енгізу үшін интеллектуалды
кеңістіктен шығарып алады. «Психологиялық мектепке тəн кемшілікке...
түсініксіз эмоциялардан... алынған нақты идеялардың қателігін» қосады.
Өкінішке қарай, айқын көрініп тұрған айырмашылықтарына қарамастан,
оған осы процестерді қосу арқылы біздің логикамыздың көкжиегін
кеңейтудің орнына, оларды түсініксіз эмоциялық үрдіске алып келетін
интеллектуалды талпыныс жасалды.
Діни антропологияның барлық тарауларының ішінде мифология саласын
зерттеуге көп көңіл бөлінбеді. Теориялық көзқарас бойынша жағдай елу
жыл бұрынғыдай, яғни бейберекет қалпында қалып отыр. Мифтер əлі де
қиял-ғажайып, қандай да бір эстетикалық əрекеттердің нəтижесі немесе
салттық жоралардың негізі сияқты бір-біріне қарама-қайшы əдістермен
түсіндіріліп
келеді.
Мифтік
бейнелер
дегеніміз
–
кейіптелген
абстракциялар, құдайға теңестірілген батырлар немесе «құлаған» құдайлар.
Қандай гипотеза болмасын, таңдау мифологияны жеңіл қойылымға я
болмаса жұтаң философиялық болжамға дейін төмендетіп жібереді.
Мифтің шын мəнінде не екенін түсіну үшін қарабайырлық пен
қызылсөзділік арасында таңдау жасауымыз керек пе? Кейбіреулер адамзат
қоғамы өздерінің мифологиясы арқылы барлық адамзатқа ортақ махаббат,
жеккөрініш яки кек сияқты негізгі сезімдерін көрсетуге я болмаса өздері
түсіне алмаған астрономиялық, метеорологиялық һəм соған ұқсас
құбылыстарға түсінік беруге тырысады деп есептейді. Бірақ қоғам
бұлардың барлығын тəжірибеге негізделген (эмпирикалық) түсініктер
арқылы ұғындыруға болатынын білсе де, неліктен сондай күрделі, қиын
жолды таңдап алған? Бір жағынан, психоаналитиктер мен көптеген
антропологтер мəселені табиғи не космологиялық (
Достарыңызбен бөлісу: