келіседі.
Мифологке өзінің негізсіз (күмəнді) жағдайын лингвистің ғылыми
зерттеуден бұрынғы кезеңімен салыстыр деп кеңес беру жеткіліксіз. Олай
істейтін болсақ, біз тек бір қиындықтан екінші бір қиындыққа ауысқандай
күй кешеміз. Нақты мəселелері шешілген күннің өзінде, мифті неліктен тіл
сияқты қарастыра алмауымыздың салмақты себебі бар. Миф дегеніміз –
тіл. Ол бəріне мəлім болу үшін айтылуы керек. Бұл – адамзат тілінің бір
бөлігі. Өзінің ерекшелігін сақтап қалу үшін біз мифтің тілге ұқсайтынын,
бірақ одан айырмашылығы бар екенін дəлелдей алуымыз керек. Бұл жерде
лингвистердің ескі əдістері де көмекке келуі мүмкін. Тілдің өзін бір-біріне
ұқсас, бірақ əртүрлі заттар арқылы да сараптауға болады. Бұл, Соссюрдің
ойынша, біріншісі тілдің құрылымдық аспектісі, екіншісі тілдің болуының
статикалық аспектісі болып саналатын
Достарыңызбен бөлісу: