Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет145/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

говорить
(айту) жəне 
говорит
(ол айтты). Бірақ 
th
(сақау
т) дыбысын еркін қолдануға болады, өйткені бұл дыбыс фонемдердің
орыстілді жүйесінде жоқ.
Тура осындай мəселе жазбаша формада таңбалардың басқа жүйесінде де
байқалатындықтан, біз мəселенің анық-қанығын анықтайтын салыстыру
жасау үшін жазуды да пайдаланамыз. Негізі:
1. Жазбаша формада пайдаланылатын таңбалар ерікті болып саналады;
мысалы, 
t
(т) əрпі мен оны білдіретін дыбыс арасында байланыс жоқ.
2. Əріптердің мəні толықтай болымсыз жəне дифференциалды. Бір адам
«т» əрпін əртүрлі жазуы мүмкін:
Бір ғана талап: 

(т) дыбысы үшін берілетін таңба оның жазбаша қарпінде

(
л), d
(д) т.б. дыбыстардың таңбаларымен шатасып кетпесе болды.
3. Жазбаша формадағы мəндер əріптердің берілген санынан тұратын,
белгіленген жүйе ішіндегі өзара қарама-қарсылық арқылы ғана жұмыс
істейді. Үшінші ерекшелік екіншісіне ұқсамаса да, онымен тығыз
байланысты. Өйткені екеуі де біріншісіне тəуелді. Графикалық таңба ерікті
болғандықтан, оның формасының мəні елеусіз немесе жүйеде ғана


шектелген мəні бар.
4. Таңбаны құру əдісі соншалықты маңызды емес, өйткені ол жүйеге əсер
етпейді (бұл 1-сипаттан да шығады). Мен əріптерді ақ не қара сиямен
бедерлеп немесе сыналап, қаламмен я болмаса қашаумен жазсам да,
осының бəрі олардың мағынасына еш əсер етпейді.
4. Жалпылама қарастырылған таңба
Осы уақытқа дейін айтылған нəрселердің барлығы тілде тек
айырмашылықтар бар деген тұжырымға келіп тіреледі. Одан да
маңыздысы: əдетте айырмашылық деп араларында өзгешелігі анықталған
болымды терминдерді айтады, бірақ тілде 
болымды терминдерсіз
айырмашылықтар 
ғана бар. Біз таңбаланушыны немесе таңбалаушыны
қабылдасақ та, тілдің тілдік жүйеге дейін ешқандай идеясы да, дыбысы да
болмайды. Тек қана жүйеден шыққан тұжырымдамалық, дыбыстық
айырмашылықтары болады. Таңбада болатын идеяның не дыбыстың, оның
айналасындағы басқа таңбаларға қарағанда, маңыздылығы төмен. Бұған
дəлел: егер жанындағы термин өзгерсе, бұл терминнің мəні оның
мағынасына немесе оның дыбысталуына əсер етпей-ақ өзгере береді.
Бірақ таңбалаушы мен таңбаланушыны жеке-жеке қарастырған жағдайда
ғана тілдегі терминдерді болымсыз деуге болады. Таңбаларды бірге
қарастырған кезде ғана ойымызда болымды терминдер пайда болады.
Тілдік жүйе дегеніміз – əртүрлі идеялармен қатар, əртүрлі дыбыстардың
бір-бірімен үйлесім табуы. Бірақ акустикалық дыбыстардың белгілі бір
мөлшері ойлар жиынтығынан құрылған дəл сондай мөлшердегі
қысқартулармен жұптасқан кезде, мəн жүйесі пайда болады. Бұл жүйе əр
таңбаның ішіндегі дыбыстық əрі психологиялық элементтер арасындағы
тиімді байланыс қызметін атқарады. Таңбаланушы мен таңбалаушы толық
дифференциалданған һəм болымсыз болса да, егер оларды жеке-жеке
қарастырса, олардың жиынтығы болымды дерек ретінде қалыптасады. Бұл
тілдің жалғыз дерегі болған күннің өзінде, айырмашылықтардың екі
класының арасындағы параллельдікті сақтау үшін лингвистикалық
институттың ең жақсы функциясы деуге əбден лайық.
Бұл кейбір диахронды деректерге де тəн. Таңбалаушының өзгерісі


тұжырымдамалық өзгеріске алып келетін жəне қағидадағы бөлінген
идеялар саны ерекше таңбалардың санына сəйкес келетін сансыз көп
мысалдарды алып қарайық. Екі сөз фонетикалық өзгерістер арқылы
араласып кетсе (мысалы, француздың «
décrépit»t
сөзі 
de&c.macr; crepitus
décrépi
сөзі «
crispus» 
сөздерінің өзгеруінен пайда болған), олардың
идеялары да, егер олардың ортақ бір нəрселері болса, олар бір-бірімен
араласып кетеді немесе сөздер əртүрлі формаға ие болады (салыстырыңыз:
chaise 
(
орындық
)
 
жəне 
chaire
(
үстел
). Пайда болған кез келген
айырмашылық мағыналы болуға тырысады, бірақ бірінші сынақтан үнемі
сəтті өте бермейді. Керісінше, ақылмен қабылданған кез келген
тұжырымдамалық айырмашылық бөлек таңбалаушы арқылы сөйлем құруға
тырысады немесе санамызда ешқандай айырмашылығы қалмаған екі идея
əдетте бір таңбалаушыға бірігіп кетеді.
Біз таңбаларды, яғни болымды терминдерді бір-бірімен салыстырған
кезде айырмашылық туралы айта алмаймыз. Оны екі дыбыс бейнесін
салыстыруға ғана пайдаланатын болғандықтан, сөйлемдер сəйкес келмей
қалады. Мысалы, 
father
(
əке
)
 
мен 
mother 
(
ана
) немесе екі түрлі идея.
«Father» идеясы мен «mother» идеясының əрқайсысы – əртүрлі емес, бірақ
жеке-жеке анықталған өз таңбалаушысы мен таңбаланушысы бар екі түрлі
таңба. Екеуінің арасында тек 
қарама-қарсылық
бар. Кейінірек айтылатын
тілдің барлық механизмі осындай қарама-қарсылықтар мен өздері
тұспалдаған 
дыбыстық 
һəм 
тұжырымдамалық 
айырмашылықтарға
негізделеді.
Мəн үшін дұрыс нəрсе – бірлік үшін де дұрыс. Бірлік – белгілі бір
тұжырымдамаға сəйкес келетін сөйлесу тізбегінің бөлігі; екеуі де
табиғатынан толық дифференциалданған.
Бірліктерге пайдаланылатын дифференциалдау қағидасы мынадай түрде
көрсетілуі мүмкін: 
бірліктің өзімен сипаты біте қайнасып араласып
кетеді.
Кез келген семиологиялық жүйедегі сияқты, тілде де бір таңбаны
келесі таңбадан ажырататын нəрсенің бəрі соның өзін құрайды.
Айырмашылық мəн мен бірлікке де сипат береді.
Дəл осы қағиданың тағы бір парадоксті салдары төмендегідей:
«грамматикалық дерек» деп аталатын соңғы сараптама бірлікті анықтауға
сəйкес келеді. Өйткені ол қашанда болымсыз терминдерді бейнелейді,
алайда ол болымсыз терминнің мағынасы болғандықтан ғана өзгеше
болады (мысалы, неміс тіліндегі 
Nacht: Nächte
көпше түрінің пайда болуы).
Грамматикалық деректегі əрбір термин (умлаутсыз жекеше түр немесе


умлаутты жəне ‐

жалғауы бар көпше түрге қарама-қарсы соңғы 
e
дыбысы)
жүйенің ішіндегі бірнеше қарама-қарсылықтың өзара байланысуынан
тұрады. Оқшауланған кезде «
Nacht»
сөзі де, «
Nächte»
сөзі де еш маңызға ие
емес, сондықтан оларға бəрі қарама-қарсы тұр. Басқаша айтқанда, 
Nacht:
Nächte
байланысын 
а
жəне 

жай мүшелер емес, қатынас жиынтықтарының
нəтижесі болатын алгебралық 
a/b
өрнегімен сипаттауға қолайлы. Тіл
сөйлеу түрінде тек қана күрделі мүшелерден тұратын алгебраның түріне
ұқсап кетеді. Олардың кейбір қарсы мəндері басқаларына қарағанда
мағыналы болады. Бірақ бірліктер мен лингвистикалық деректер жалпы бір
деректің, лингвистикалық қарама-қарсылықты іске қосудың түрлі
аспектілерінің əртүрлі атауы ғана. Бұл – өте дұрыс түсінік. Сол себепті, біз
грамматикалық деректерден бірлік мəселесіне тез ауыса аламыз. Мысалы,
Nacht: Nächte
қарама-қарсылықты алып қарайық. Біз мұнда қандай
бірліктер қатысқан деп сұрай аламыз. Олар екі сөз бе, əлде ұқсас сөздер
қатары ма? 
А
дыбысы ма, əлде 
ä
дыбысы ма, олардың бəрі көпше түрде ме,
əлде жекеше түрде ме? т.с.с.
Егер тілдік таңбалар айырмашылықтан басқа нəрседен тұратын болса,
онда бірліктер мен грамматикалық деректер араласпайды. Бірақ біз тілді
сол күйінде қабылдаймыз. Қанша тырыссақ та, оны зерттеуге қарапайым
қадам жасай алмаймыз. Қай жерде болсын, қай кезде болсын, бір-біріне
негізделетін терминдердің осындай күрделі тепе-теңдігі айдан анық.
Басқаша айтқанда, тіл – 
субстанция емес, форма. 
Мұндай шындықты
қарастыруда да артық кетпеу керек. Өйткені терминологиядағы біздің тілге
қатысты барлық қателіктеріміз, заттарға атау беруде дұрыс əдіс қолдана
алмауымыз лингвистикалық құбылыстардың субстанциясы болу керек
деген еріксіз болжамнан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет