Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет159/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Hopi
) туралы мифті салыстырсақ, онда
оның терминдерінің мынадай құрылымын шығарып аламыз:
(
Масауву:х

≃ 
(
Миуңуи:Масауву

≃ 
(
Шалако: Миуңуи


(
Масауву:х
)
Мұндағы х пен у екі «шеткі» нұсқалардағы Масауву құдайдың екінші
нұсқадағыдай басқа құдаймен байланысы бар немесе үшінші нұсқадағыдай
өзге құдаймен байланысы жоқ жағдайларға ұқсамай, бұрынғыдай ішкі
салыстырмалы мəнін сақтай отырып, жалғыз болу жағдайына сəйкес
келетін еркін мағынасын білдіреді. Бірінші нұсқада Масауву (жалғыз)
адамзатқа пайдалы (бəлкім, олар ойлағандай пайдалы болмауы да мүмкін),
төртінші нұсқада адамзат үшін зиянды (бəлкім, соншалықты зиянды
болмауы да мүмкін) түрде бейнеленген. Оның рөлі мұнда х жəне у-пен
белгіленген, басқа рөлдерден мүмкін болатын, бірақ көрсетілмеген
айырмашылығы 
арқылы 
анықталады. 
Екінші 
нұсқада, 
Миуңуи
салыстырмалы түрде Масаувуге қарағанда, ал төртінші нұсқада Шалако
Миуңуиге қарағанда əлдеқайда пайдалы. Кересс тілдеріндегі нұсқаларды
қарастырсақ, біз бірдей қатарларды көреміз:
(
Пошайанки:х

≃ 
(
Ли:Пошайанки) 
≃ 
(
Пошайанки:Тиамони


(
у:Пошайанки
)
Мұндай логикалық сызба өте қызықты. Өйткені антропология олармен
басқа екі деңгейде таныс: біріншіден, тауықтар арасындағы шоқу
деңгейіндегі мəселеге қатысты; екіншіден, жазушының туыстық ортада
нені 
жалпыланған айырбас
деп атауына қатысты. Оны мифологиялық ой
деңгейінде 
мойындауға 
мəжбүрміз. 
Біз 
оның 
антропологиялық
зерттеулердегі негізгі мəнін анықтаған соң, оған бəрін толық қамтитын
теориялық түсіндірме беретін жақсы жағдайға тап боламыз.
Ақырында, ауыстыру тобы сияқты нұсқалардың бүтін бір сериясын жасап
алғаннан кейін, біз осы топтың заңын жасай аламыз. Бұл кезеңде
болашақта толықтыруды қажет ететін жуық формулаға жақындау мүмкін
болмағанымен, əр миф (оның барлық нұсқаларының жиынтығы ретінде


қарастырылған) мынадай формулаға сəйкес келетін сияқты:
F
x
(a): F

(b) 

F
x
(b): F
a-1 
(y)
Мұндағы берілген екі 
a
жəне 
b
мүшелері, сондай-ақ осы мүшелердің х
жəне у функциялары екі жағдайдың арасында екі шарт бойынша 
мəндер
мен 
қатынастардың
инверсиясына сəйкес анықталатын эквиваленттілік
бар екенін көрсетеді. Ол екі шарт: (1) бір мүшені қарама-қарсы (жоғарғы
формулада келтірілген 
a
жəне 
a − 1
) екінші мүшемен алмастыру; (2) екі
элементтің функцияларының мəні мен мүшелерінің мəні арасында
инверсия жасалуы керек (жоғарғы формуладағы 
у
пен 
а
).
Фрейдтің 
екі жарақат 
(əдетте айтып жүргендей біреу емес) неврозды
қалыптастыратын дербес мифті жасау үшін керек деп есептейтінін еске
түсірсек, бұл формуланың маңызы арта түседі. Формуланы осы
жарақаттарды талдауға (жəне оларды сəйкесінше 1–2-шарттарға сəйкес
келеді деп есептеп) қолдануға тырыса отырып, біз мифтің генетикалық
заңын барынша нақты əрі дəлме-дəл тұжырымдап қана қоймай, теорияның
антропологиялық һəм психологиялық аспектілерін қатар дамытуды
қалаймыз. Тіпті оны зертханалық жағдайда тəжірибе арқылы тексеруімізге
де болады.
Бұл көзқарас бойынша, яғни француз антропологиялық зерттеулерінің
еншісіндегі шектеулі құралдармен мұны əрі қарай дамыту сəтсіздікке
ұшырататын сияқты. Өте ауқымды мифологиялық əдебиетті талдау һəм
оны құраушы бөліктерге жіктеу ұжымдық жұмыс пен техникалық көмекті
қажет ететінін атап өту керек. Орташа ұзындықтағы (мұнда мифтерді жеке-
жеке картаға жазып, талдауды айтып отыр) бірнеше жүздеген карталарды
дұрыс талдауды талап етеді. Осы карталарға сəйкес келетін қатарлар мен
бағандардың құрылымын анықтау үшін бізге ұзындығы алты футқа (1,8
метр) жуық, ені төрт жарым (1,4 метр) футқа жуық карталарды бөлек-бөлек
орналастыруға жəне қалауымызша жылжытып отыруға мүмкіндік беретін,
тік тақтайлардан жасалған арнайы құрылғы керек. Нұсқаларды
салыстыруға мүмкіндік беретін үшөлшемді үлгі құру үшін осындай
тақтайлардың бірнешеуі қажет. Ал ол үшін жеке шеберхана қажет. Ондай
шеберхана қазіргі уақытта тек Батыс Еуропада ғана бар. Сонымен қатар
санақ жүйесі көпөлшемді болған сəтте (жоғарыда көрсетілгендей, бастапқы
кезеңде болады), тақтайлар IBM құрылғыларын т.б. қажет ететін
перфорацияланған карточкалармен алмастырылуы керек.
Алынған соңғы үш ескертпе талдаудың аяқталғанын білдіреді.


Біріншіден, неліктен мифтер, жалпы ауыз əдебиеті бір жүйемен
қосарлануға, үш немесе төрт еселенуге бейім деген мəселе туындайды.
Егер біздің гипотезалар қабылданса, оның жауабы айқын болады:
қайталаудың қызметі мифтің құрылымын көрсетуден тұрады. Мифтің
синхронды-диахронды құрылымы оны синхронды (бағандар) оқылуы тиіс
диахронды ретпен (кестелердегі қатарлар) ұйымдастыруға мүмкіндік
беретінін көрдік. Миф қайталау процесі арқылы сыртқа шығатын «жобалы»
(
slated
) құрылымды көрсетеді.
Алайда жобалардың барлығы бірдей емес. Мифтің мақсаты қарама-
қайшылықты (қарама-қарсылық шынайы болған кезде мүмкін болмайтын
нəтиже) жоюға қабілетті логикалық модельдерді құру болғандықтан,
əрқайсысының бір-бірінен аздап айырмашылығы болатын жобалардың
(
slates
) теориялық шексіз саны шығады. Сөйтіп, миф өзі бастаған
интеллектуалды импульс аяқталғанша, шиыршықтанып өсе береді. Оның
өсуі –
үздіксіз процесс, 
құрылымы
болса үзік-үзік
.
Демек, біз оны ауызша
сөз саласында физикалық материямен тығыз байланысты деп болжам
жасауымызға болады. Мұндай ұқсастық мифтің, бір жағынан, 
тілмен
(
langue

де, 
екінші жағынан, 
сөйлеумен 
(
parole
)
 
де байланысын жақсы
түсінуге көмектеседі. Миф бөлшектердің (
molecules
)
 
статикалық агрегаты
мен бөлшек құрылымының арасындағы аралық мазмұн болып саналады.
Қарапайым 
ақыл 
мен 
ғылыми 
ой 
арасындағы 
болжамды
айырмашылықтарды түсіндіруге жасалған тұспалды талпыныстар, екі
жағдайда да, олардың зерттеген мазмұндары бірдей болып қалады деп
жобаланған 
ақылдың 
əрекет 
процестері 
арасындағы 
сапалы
айырмашылыққа сүйенеді. Егер біздің талдауымыз дұрыс болса, біз онда
мүлдем басқа ұстанымды, дəлірек айтсақ, «мифтік ойдың логикасы қазіргі
ғылым сияқты нақты һəм олардың айырмашылығы интеллектуалдық
процестің сапасына емес, оны пайдалану сипатына байланысты» деген
ұстанымды басшылыққа аламыз. Бұл техника саласында басымдық
танытатын, яғни құрыш балтаның тас балтаға қарағанда икемді болуы,
əйтсе де, оның тас балтадан артық жасалғанын білдірмейтін жағдайға
қатты ұқсайды. Олардың екеуі де жақсы жасалған, бірақ құрыштың тастан
айырмашылығы үлкен. Сөйтіп, біз мифте де ғылымдағы логикалық
процестердің əрекет ететінін, адамдардың барлығы бірдей жақсы ойда
болғанын көрсете аламыз. Кемелдену адам санасының болжамды
дамуында емес, сананың өзгермеген я болмаса өзгермейтін күшін
пайдалана алатын жаңа салалардың ашылуында жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет