жүзі англо-саксон заңгеріне келетін, триллерлер мен комедияларда
мыңдаған эпизодтық рөлдер арқылы жұртшылыққа жүзі таныс болып
қалған шаштараздар барын сала, үлкен шеберлікпен кекіл қойғанмен,
Юлий Цезардің бейнесі ешкімді сендіре алмайды.
Шаш қою түсінігіне қатысты категорияның ішінде субтаңбалар да бар.
Түн ішінде тосыннан оянған Портия мен Калпурния шаштарын тарайды.
Жастау келген біріншісінің шашы дұрыс таралмаған, қобырап тұрғаны
бірден байқалады. Оның дайындығының нашарлығы айқын көзге ұрып тұр.
Орта
жастағы
екіншісінің
аяқастынан
жаны
жаралана
қалады.
Ассимметрияның, яғни бейберекетсіздіктің дəстүрлі таңбасын таныту үшін
бұрымын мойнын орай, оң иығына бос тастайды. Бірақ бұл таңбалар тым
артық əрі тиімсіз боп шыққан. Бұл олардың толық мойындауға батылы
жетпейтін «табиғатын» көрсетеді, «адал əрі əділетті» емес дегенді
білдіреді.
Осы
«Юлий Цезарде»
бұдан да басқа тағы бір таңба бар: адамдардың
жүзін əрдайым тер басып тұрады. Жұмысшылар, сарбаздар, қаскөйлер –
барлығының қатулы əрі абыржулы (вазелин жағылған) бет-əлпеттерінің
жіпсігені көзге ұрады. Оларды жиі-жиі жақыннан түсіріп, ірі планда
алғандықтан, тердің белгілі мақсатты көздейтін атрибут екені де түсінікті.
Ендеше, римдік кекіл немесе түнгі бұрым тəрізді осы арадағы тер де таңба.
Ненің таңбасы? Моральдық сезімнің. Əркімнің ішкі əлемінде талас-тартыс
жүріп жатыр. Олар сондықтан да терледі. Біз мұнда адам айтқысыз сұмдық
трагедияға куə болуымыз керек. Ал тердің мақсаты – осыны жеткізу.
Цезардің қазасына, кейіннен Марк Антонидың уəжіне қапаланған халық
қара терге малшынады. Осы бір ғана таңбада ұқыптылық жəне кейіпкер
эмоциясы барша бояуымен көзге ұрады. Брут, Кассий, Каска тəрізді ізгі
ерлер де əрдайым терлеп жүреді. Ол да тегін емес, қылмысқа жол берілгелі
тұрған сəттегі күрделі ахуал көрсетіледі. Терлеу – ойлану деген сөз.
Мұндағы ой қатал, сұрапыл əрекетке кіріскен адамдардың ісіне тəн
постулатқа негізделген. Ал тер болса соның салмақты симптомы. Фильмнің
өн бойында тек бір адам ғана терлемейді. Тек бір адам ғана қырынып, таза
қалпында, тер баспай, сабырлы кейіпте жүреді. Ол – Цезарь. Əрине,
қылмыс
Достарыңызбен бөлісу: