Мысал дейсіз бе? Олар, міне, сол баяғы көрмеде тұр емес пе?! Туу, өлу?
Табиғаттың өзі де тұнып тұрған дəйектер ғой. Ал егер одан тарихты алып
тастайтын болсақ, онда айтатын сөз де қалмайды.
Олар жайлы айтылған
кез келген комментарий жай ғана таптаурын сөзге айналады. Менің
ойымша, осы жағдайда, суреттер аса сəтсіз шыққаны анық, туу мен өлім
бізге ешқандай мағлұмат бермейді. Осы табиғат фактілері нағыз əңгіменің
өзегіне айналу үшін білім деңгейіне көтерілуі керек. Олай деуге себеп –
олар өзгере алады жəне олардың табиғилығы адам баласы тарапынан сынға
ұшырайтын нысанға айнала алады деген тұжырымды негіздейді. Өзінің
əмбебаптығына
қарамастан, олардың барлығы тарихи жазбаның белгілері
еді. Əрине, балалар əрдайым дүниеге келеді, алайда адамзат баласы қат-
қабат қиындықтарын ішіне бүккен, оның таза тарихи сипатқа ие
модусымен салыстырғанда, осы үдерістің шынайы «болмысы» нені
білдіреді? Бала дүниеге жеңіл немесе ауыр жолмен келді ме? Оның өмірге
келуі анасын қинады ма, жоқ па? Оған өлім-жітімнің жоғары көрсеткіші
қауіп төндіріп тұрған жоқ па? Оны қандай болашақ күтіп тұр? Міне,
дүниеге келудің мəңгілік лиризмінің орнына көрмелер адамдарға осы
жайттарды жеткізу керек еді ғой. Бұл мəселе өлімге де қатысты. Неліктен
оның болмысын қайта-қайта мадақтауымыз керек... Осы арқылы,
онымен
күресу жолында қыруар шаруа атқарылуы қажеттігін ұмыт қалдыру қаупі
де қылтиып тұр емес пе? «Табиғи» өлімнің нəтижесіз сəйкестігін емес,
міне, дəл осы тың, өте қажетті ықпалды жайттарды дəріптеуіміз керек еді.
Көрмеде қолайлы фактілер арасынан орын алып, тағдыр шешімі қатарына
жатқызылған, дүниеге келу һəм өліммен бірге бір қатарға қойылған, үлкен
еңбек жайлы не айтуға болады? Бұл еңбектің ғасырлар қойнауынан
жеткеніне əрі оның таза тарихи дəйек болып қалуына ешқандай дау жоқ.
Біріншіден, олардың пайда табу есебінен жасалған мақсатты тəсілі арқылы
отар елдің жəне Батыс елдері жұмысшыларының ишарат (
gestural
)
сəйкестігін шатастыру əділеттікке ешқашан жатпайды (Париждің Гутт д’Ор
ауданында тұратын Солтүстік Африка жұмысшысынан
«Адамның үлкен
отбасы»
жайлы не ойлайтынын сұрап көрейік). Екіншіден, оның
шарасыздықтан (
inevitability
) атқаратын еңбегі қаншалықты «пайдалы»
болса, соншалықты «табиғи». Сол себепті пайдадан қашып құтыла алмауды
түрлендіру
арқылы,
бəлкім,
күндердің
күнінде
шарасыздықтан
атқарылатын еңбекті де өзгертуге болатын шығар.
Көрмеде еңбек
ишаратының мəңгілік эстетикасының орнына, дəл осындай толықтай
тарихи сипат алған еңбек жайлы айтылуы əлдеқайда дұрыс болар еді деп
ойлаймын.
Сондықтан да адамилықтың ақтық мақсаты əлемнің тұрақтылығын
«даналықпен» жəне «лиризммен» алдарқатып
жасыру ма деп сескенемін,
ал, шынымен солай болса, адам əрекетін зиянсыз ету үшін оған мəңгілік
сипат берген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: