Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет165/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Көк
анықтамалық
» үшін адамдар тек пойызға отырғанда, төменгі класты
үшінші тапқа арналған вагондарды сықай толтырған кезде ғана əлеуметтік
болмыс ретінде тіршілік етеді. Бұдан бөлек, олар үшін адамдар қарапайым
құрал тəрізді: ескерткіштердің топтамасын құрап тұрған, ел өмірінің
маңызды бөлшегін қамтып тұрушы көз тартарлық жəне сəнді декорация


ғана.
Моральдық ұлықтауға лайық тұмса табиғат аясындағы өткелдерін есепке
алмағанда, 
«Көк анықтамалық
»
 
Испанияның сипаттау мүмкін емес
аймақтар арқылы жалғанып жатқан шіркеу торабын, шіркеу қоймасын,
крест пен алтарь перделері, тіреуіш колонналар (əрқашан сегіз бұрышты),
мүсіндер топтамасы (отбасы жəне еңбекті бейнелейтін), романдық дəліз,
белағаш (неф) пен үлкен көлемді айқыш ағаштар əлемінен тұратын кеңістік
түрін ғана біледі. Көріп отырғанымыздай, аталған ескерткіштердің барлығы
діни сипатқа ие. Өнер тарихын буржуазиялық көзқарас тұрғысынан алып
қарағанда, оны христиандық жəне католиктік сипаттан бөлек елестету
мүмкін емес. Христиан дінінің туризмге қажетті негізгі ескерткіштері
көрікті жерлерде орналасқан. Адамдар тек шіркеулерді көру үшін ғана
сапарға аттанады. Бұл жердегі католицизм, көп жағдайда, алдыңғы
мұсылман өркениеті қол жеткізген жетістікті ессіздікпен бүлдірген жабайы
күш сипатына ие. Кордова мешітінің керемет бағаналар «орманы» əр
бұрыштағы үлкен екі колоннаға доғаша иіп орнатылған сəнді
михрабтармен əрленген. Төңірекке сұстана асқақ қарап тұрған Құдай
ананың үлкен мүсіні (Франко туындысы) көріністің сұрын қашырып-ақ
тұр. Осының барлығы француз буржуасына өмірінде бір рет болса да
христиандықтың, тарихи тұрғыдан алғанда, теріс жағы болғаны туралы ой
салады.
Түйіндеп 
айтар 
болсақ, 
«
Көк 
анықтамалық
» 
түсіндірме 
мен
феноменологиядан бас тартатын барлық сараптамалық сипаттамалардың
пайдасыздығын көрсетеді. Ол шынайы һəм өткен уақыт шеңберінде қалған
мекенді кезіп, сапар шеккен қазіргі заман саяхатшысының өзіне қойған
сұрақтарының біріне де, шын мəнінде, жауап бере алмайды. Тек
ескерткіштерді ғана іріктеп алып, солар жайлы ғана əңгімелеу жер мен
оның халқы жайлы шындықты бүркемелейді. Олардың қатарына бүгінгі
тарихи дүниелерден еш нəрсе кірмей қалған. Соның нəтижесінде,
ескерткіштердің өзі танып-білуге келмейтіндей, еш мəні жоқ нысанға
айналады. Оған қоса, айқын көзге көрініп тұрған дүниелердің бəрі де –
біртіндеп жойылып бара жатқан ескерткіштер – кез келген алдамшы
дүниеге (мистификацияға) сай. Анықтамалық мəлімдеген мəселеге қарсы
келетін соқыр сенім құралына айналады. Географияны адам мекендемейтін
ескерткіштер əлемінің сипаттамасы деңгейіне түсіру арқылы «
Көк
анықтамалық
» 
сол 
буржуазияның 
басым 
бөлігі 
үшін 
ескірген
мифологияны алға тартады. Саяхаттың «мəдениеттен» гөрі адамдардың


шынайы өміріне жақындау тəсіліне айналғаны (немесе қайта айналғаны)
ешқандай дау тудырмайды. Сапар барысындағы негізгі əңгіме өзегі
күнделікті өмір екенін тағы бір рет атап өтеміз. Сонымен қатар бүгінгі
таңда саяхаттан мүлдем хабары жоқ адамдардың өзі сұрақ қойып,
қызығатын əлеуметтік география, қала құрылысы, əлеуметтану, экономика
да қамтылады. Ал «
Көк анықтамалыққа
» келсек, ол əлі де жартылай
ығыстырылған буржуазиялық мифологияны ұстанады. Соған сай,
мəдениеттің іргелі құндылығы өнерде (діни) жатыр, ал оның «байлығы»
мен «қазынасы» заттардың жиналуынан көрінеді (мұражайлардың
қалыптасуы). Мұндай əрекеттің екі түрлі ықпалы бар: кез келген уақытта
сипаттауға келмейтін дүниені қоса қамту үшін сол жердегі өмірден алшақ,
əлемдегі соған барынша ұқсас, өзіне қатысы жоқ мəдениет үлгілеріне қол
жеткізу һəм осыны санаулы жəне меншікті (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет