– Ред .) Эдмунд Спарклердің «Əуреге түсушілер
департаментіне» мүше болғанынан бүкіл қала құлағдар болды.
Ал шүбəсіз сенушілердің бəріне оның тамаша орынға тағайындалғанын кең пейілді, бекзат Децимустың коммерциялық ұлы елде əрқашан да... (
арғы жағын керней үні көмкеріп кетті )
коммерциялық мүддеге көрсеткен құрметі ретінде қабылдау керектігі айтылды. Ресми түрде ерекше құрметке осылайша бөленгендіктен,
керемет банк пен өзге де керемет кəсіпорындардың тасы өрге домалады. Ал ашықауыздар Гарли
көшесіндегі Кавендиш алаңына тек бай-батша тұратын үйді көру үшін ғана келді» (2-кітап, 12-б.).
Бұл үзіндіде (ресми-салтанатты) бөтен тілдегі бөгде сөз жанама сөз ретінде ашық түрде
енгізілген. Оның ашық түрде енгізілуіне жағдай жасап, айтқызып тұрған – (əлгі ресми-салтанатты
тілдегі) шашыраңқы бөтен сөздің жасырын түрі. Көлегейленіп тұрса да, оның бөгде сөз екенін
Спарклер есіміне жалғанған, ресми тілге тəн «эcквайрден» басталып, «керемет» деген эпитетпен
аяқталғанынан білеміз. Бұл эпитет, əрине, автордікі емес, Мердлдің желбуаз кəсіпорны
төңірегінде даңғаза тудырған «ортақ пікір».
(3) «Ол татып алмағанымен, түскі ас тəбет ашарлықтай еді. Баппен дайындалған, шебер
аспаздың бал бармағынан шыққан жеңсік тағамдар; таңдаулы жемістер; ең үздік шараптар;
алтынмен апталып, күміспен күптелген фарфор мен хрусталь зерлі бұйымдары; иісі мен дəмі тіл
үйіріп, көздің жауын алатын есепсіз тəттілер тағы бар.
Мына Мердл дегенің неткен ғажап адам, неткен ұлы адам, неткен кемеңгер адам, бір сөзбен айтқанда,
басына бақ қонған неткен ауқатты
адам еді!
» (2-кітап, 12-тарау)
Алғашында биік эпикалық стильде басталған əңгіме пародиялық стильге ауысады. Одан əрі
(үзіндіде көрсетілген), қадір тұтушылар хормен, астары қалың мүттəйім сөзбен Мердлді сүйсіне
мадақтай жөнеледі. Мұндағы басты мақсат – хорды осыншама сүйсіндірген екіжүзділікті
əшкерелеу; «ғажап», «ұлы», «кемеңгер» деген мақтау-мадақты «ауқатты» деген бір-ақ ауыз сөз
ауыстыра салады. Автордың бір ғана қарапайым сөйлем ішінде осылай əшкерелеуі əйгілі болған
бөгде сөзбен бірігіп кетеді. Салтанатты мадақтау кезіндегі екпіннің орнын екінші ызалы-
ирониялық əшкерелеуші екпін басқан.
Сөйтіп, алдымыздан екі акцентті, екі стильді
гибридтік құрылым шығады.
Гибридтік құрылым деп, өзіндік грамматикалық (cинтаксистік), композициялық тұрғыдан бір
адамның сөзіне тиесілі болғанымен, шын мəнінде, екі түрлі сөйлеу мəнері, екі түрлі стиль, екі
түрлі «тіл», екі түрлі мағына мен құндылық танымы араласып кеткен екі адамның сөзін айтамыз.
Бұл сөздерде, яғни стильдер, тілдер, танымдар арасында ешқандай да формалды, былайша
айтқанда, құрылымдық, синтаксистік шекара жоқ. Дауыстар мен тілдердің бөлінуі бір ғана
синтаксистік тұтастық аясында өрбиді. Көбінесе қарапайым сөйлем ішінде, тіпті бір сөз бір
мезгілде гибридтік құрылымда қиысатын екі түрлі тілге, екі түрлі танымға жиі тиесілі боп
шығады. Сондықтан да екі түрлі кереғар мағына, екі түрлі акцент береді (мысалы, төменде).
Роман стилінде гибридтік құрылымның маңызы орасан зор.
(4) «Бірақ Тит Барнакл мырза қымтана түймеленіп алатын, сонысымен
аса салмақты адам еді»
(2-кітап, 12-тарау).
Астарлы мəндегі бөтен сөздің бір түріне жататын
псевдообъективті уəждің мұндай мысалы
бұл жерде «қолданыстағы пікір» болмақ. Формалдық тұрғыдан қарасақ, уəж авторға тиесілі, яғни
автордың ниеттестігін білдіретін сөз. Бірақ, шындығына келсек, уəж кейіпкерлердің яки жалпы
пікірдің субъективті танымында жатыр.
Псевдообъективті уəж астарлы бөтен сөз түріндегі гибрид құрылымның бір түрі болғандықтан,
негізінен, роман стиліне
2
тəн. Бағыныңқы жалғаулықтар мен жалғаулық сөздер («болғандықтан»,
«себебі», «себепті», «қарамастан» т.б.), барша логикалық кіріспе сөздер («осылайша», «осыған
орай» т.б.) авторлық тура интенцияны жоғалтып, бөтен тілге өңін айналдырады. Олар
ыңғайлануға бейім келеді немесе мүлде объективті болып қалады.
Негізінен, мұндай уəж (нақты кейіпкерлер не көбіне ұжымдық) бөтен тілдің формасы басым
болатын юморлық стильге тəн болады.
3
(5) «Алапат өрттің гүрілі шартарапты жаңғыртып жіберетініндей, құдіретті Барнаклдар жаққан
қасиетті от та Мердл есімінің дақпыртын ауаға шарпылған жалындай үдете берді, үдете берді. Ол
ауыздан-ауызға таралып, құлақтан-құлаққа жетті. Мердл мырзадай адам ешқайда жоқ, ешқашан
болған емес, бұдан соң да болмайды. Айтып өткеніміздей, оның соншалықты не тындырғанын
ешкім білген емес,