Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет183/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

illocutionary status
) бұйрық деп
ескерсек, бұл алдағы оқиғалар үшін нобайды, мақсаттың орындалуына
қатысты сатылай нұсқау сипатына ие əрекет сұлбасының жоспарын
кескіндейді (яғни алтын-қоңыр түсті пицца). Сондықтан оқиға желісі бір
нəрсенің қалай өткенін əңгіме түрінде баяндамайды, бір нəрсені қалай
(жақсы) жасау керек екеніне нұсқау береді. Мұздатылған пиццаның
нұсқаулығы келесі желіден ерекшеленеді. Оның құрамдас желілері тікелей
əрекетті білдіреді. 6-мысал, жекелей алғанда, ақпаратты əрекеттер мен
оқиғаларды біртұтас құрылым ішіне біріктіреді. Мен оны əңгіменің (бөлігі)
деп танимын:
6. «Мэри тырнақтарымен оның (Ұзынтұра Томастың) қолдарын осып-осып жіберді жəне ол
жастықты жұлып алып, қыздың бетіне жапсыра, бар күшімен басты. Мэри бар денесімен аласұра
жұлқынды, оған ырық бермеген жігіт жастықты бар салмағымен жанши түсті... Оның көз алды
қарауытып, бөлменің бұрыш-бұрышынан оған қарай дөңгеленген шар тəрізді бірдеңелер ағылып


келе жатқандай болды» (
Wright,
97–98).
4-мысал мен 6-мысалды 1, 2, 3 жəне 5-мысалдардан айырып тұрған не?
Неліктен адамдардың көбісі 4-мысал мен 6-мысалды нарратив желілері, ал
басқаларын сипаттау, силлогизм, кезекпен сəлемдесу һəм рецепт ретінде
қабылдайды. Əңгімеде 4-мысал мен 6-мысалда бар, бірақ 1, 2, 3 пен 5-
мысалдарда жоқ айқындауыш, яғни сыни қасиет бар ма?
Бұл мақалада нарратив желілері жайлы кейбір классикалық əңгімелерді
қарастырамын. Соған орай, нарративті анықтайтын мəселеге қозғау салып,
егжей-тегжейлі көрсете алатын, құрылымдық (
structuralist
) нарратив
поэтикасы ерекше дамыған кезеңнен кейін пайда болған тіл теориясы мен
когнитивті ғылымның дамуы жайлы баяндаймын. 
Схемалар

сценарийлер
мен 
фреймдер 
ретінде сипатталатын білім құрылымы жайлы жасанды
зерде саласындағы зерттеулер айрықша маңызға ие. Денис Меркадаль үшін
сценарий – «оқиғалар желісі қалай өрбуі керек деген жорамалды
сипаттау… Əу баста сценарий өзін болжамдар жиынтығы ретінде
көрсететін дүниенің (сценарий) нобайына (
frame
) ұқсайды... Нобайлар
сценарийден көздеген мақсатты уақытында көрсету үшін қолданылуымен
ерекшеленеді. Сценарийлер уақыт желісінде орын алатын оқиғалар желісі
ретінде көрінеді» (255). «Схема – психологиялық əдебиеттерде адамдардың
сол сəттегі сезім күйлерін бейнелеу үшін ес, жады үлгілеріне қатысты
қолданылатын термин. Олар «нобай тəрізді құрылымдардың баламасы»
ретінде анықталуы мүмкін» (254).
3
Бұл зерттеу ақылдың «тəжірибелік
репертуарларына» (
«experiential repertoires»
), статикалық (схема жəне
нобай түріндегі) жəне динамикалық (шағын сценарий тəрізді) типтерге
сүйенетінін көрсетеді. Жадыда жиналған мағлұмат қазіргі жəне алдағы
оқиғалар жайлы болжамдар шоғырын түзеді. Статикалық репертуарлар
маған орындықты үстелден немесе мысықты нан салғыш қораптан
ажыратуға мүмкіндік береді. Динамикалық репертуарлар туған күн кештері
сияқты жалпы мереке кезінде оқиғалардың қалай өрбитінін білуге əрі туған
күн 
кештерін 
бардағы 
төбелеспен 
немесе 
шаштаразға 
барумен
шатастырмауға көмектеседі.
Когнитивті сала ғалымдары стереотиптік білімнің қабылдау, түйіндеу т.б.
байланысты 
өңдеу 
тапсырмаларының 
күрделілігі 
мен 
ұзақтығын
төмендететін əсерін зерттеді (
Bobrow and Norman; Charniak and McDermott
393–415; 
Grishman 
140–58; 
Mercadal,
109, 255; 
Minsky,
«Framework» and
Society 244–72). Зерттеу дəстүріндегі ұғыну «бұл – сана үдерісі, осының
арқасында адамдар бұған дейін бастан кешірген бастапқы əрекеттер


тобында көретін əрі еститін нəрсемен үйлеседі» деп сипатталуы мүмкін
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет