Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет182/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Ескертпе
1. John Searle, Essay in the philosophy of language (Cambridge, Eng.: Cambridge University Press,
1969) pp. 162–74.
Бұл мақала – Француз философиясы қоғамында 1969 жылы 22 ақпанда (Фуко өз
лекцияларының формасын 1970 жылы Құрама Штаттарда өзгерткен) оқылған дəрістің мəтіні.
Жосе В. Хараридің аталмыш аудармасы аздап өзгеріске ұшыраған.


СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Сценарийлер, желілер мен әңгімелер: постклассикалық
нарратология элементтері
Дэвид Херман
Дэвид Херман – Солтүстік Каролина штаты университетінің профессоры; лингвистика, әдебиет
теориясы мен ХХ ғасыр әдебиетінен дәріс береді. Ол – «Әмбебап грамматика және нарративтік
формалар» (
Universal Grammar and Narrative Form
) еңбегінің авторы. Аталмыш мақалада автор
когнитивті ғылымға, әсіресе нарратив теориясын қайта тұжырымдау үшін сезімнің жаңа
көрінісін санамызда бар «сценарийлермен» салыстырып, күрделі нәрсені жеңілдетеміз деген
идеяға сүйенеді. Нарративтер ұғынықты әрі нарратив деп есептелуі үшін бірқатар шарттарға
лайық болуы тиіс.
Шамамен отыз жыл бұрын Клауд Бремонд пен Ролан Барт сияқты
нарратологтер Владимир Пропптың «Ертегі морфологиясы»
 
(
Morphology of
the Folktale,
1928) кітабынан əсерленіп, 
нарратив желісі
(
narrative
sequence
) идеясын əзірлей бастады. Өздері де нарративтің жалпы немесе
əмбебап бөлшегі деп санайтын бірқатар желілерін топтастыруға көшті. Бұл
еңбек бірқатар мəселелерді қарастырады. Əңгіме сюжетінің айқын желісін
– сипаттамалар, түйіндер немесе, Бремондтың тілімен айтқанда,
«лирикалық сырлар» (
«lyrical effusions»
) («Логика» 390)
1
 
емес – нарратив
түрінде ұйымдастырылған оқиғалар тізбегін не құрайды? Кейбір 
нарратив
желілері
əңгіме ретінде өңдеуге келе ме? Ондай əңгіме түрлері нарративтің
төменгі өлшемдерімен үйлесе ме? Үйлесе қалса, əңгімелер нарративтер
ретінде құнды, қызықты немесе «əсерлі» (
Lаbov,
370) болу үшін қандай
сипаттамалар қажет? (
қараңыз:
Bruce; Labov and Waletzky

Genette, Essa
y 25
and Revisited
18–19)?
Төмендегі сөйлемдер тобын қарастырайық:
1. Маймыл бақырды. Күн сəулесі теңіз бетін қыздырды. Шаруа бизонына мақтанышпен қарады.
Бұл сөйлем жолдары мені сюрреалистік сипаттауға жасалған нашар
пародиядай таңғалдыруы мүмкін, бірақ сөйлемдерде нарратив желісі жоқ.
2-жолға қарасақ, мұндағы силлогизм ұғымға жеңіл. Сондықтан кімге болса
да, түсінуге қиындық келтіре қоймасы анық:
2. Сьюзан – нарратолог. Барлық нарратологтер – структуралистер. Сондықтан Сьюзан –
структуралист.


Бұдан бөлек, кейбір сұхбат бастаулары жиі қолданылатыны сонша –
сұхбаттас адамды пікірлердің заңды желісін қайта құрастыруға жетелейді:
3. А: Қалай жағдайың?
Б: Өте жақсы. Өзің ше?
А: Ой, өте жақсы!
Мұндай қос бөлімді желілер тұрақты сипатымен, кез келген ақпаратты
ашық беруден жалтаратын қасиетімен (бұл да қызықты, нарратив
байланысы əңгімелеуге тұрарлық болуы мүмкін) ерекшеленеді. Əдетте
мұндай бейақпараттық тіпті кері ақпараттық желілер сұхбаттас екі жақ та
əңгімелесуді қаламайтыны байқалып тұратын контекстерде болады.
Алайда келесі желі менің қиялымда готикалық ертегі немесе, бəлкім,
аллегориялық мысалға жан бітіре бастайды:
4. Үйлердің арасынан қара киімді сұлба қылаң берді. Үкі уілдеді. Түн ішінде үш бала ұрланды.
4-мысалда қара киімді адамның айналаны тіміскілеп жүріп, не істегені
жайлы нақты мəлімет жоқ, бірақ оқиға желісі менің қолыма бұл сұлбаның
арам ниетінен хабар берерліктей жеткілікті айғақ ұстатады. Кезбе үш
баланы ұрлап кеткен кезде, үкі ішін тартып уілдеді деп байлам жасауға
шақырады. Тағы бір мысал. Мұның жоғарыда келтірген мысалдан
ерекшелігі – тамақ əзірлеу нұсқаулығы болғандықтан, бұл жинақ белгілі бір
мерзімдік желіге тəуелді. Сондықтан түрлі əрекеттер мен жағдайлар
туғызуы мүмкін болса да, оны баяндалған əңгіме желісіне жатқыза
алмаймыз:
5. «Қорап пен ішкі орама қағазды ашып, пиццаны алыңыз... Алдын ала қуырылған тəтті
тоқаштың бетіне [қ]ойыңыз. 16–18 минут бойы немесе ортадағы ірімшік əбден еріп, жиектері
алтын-қоңыр түске енгенше қуырыңыз».
2
5-мысалдағы сөйлемдердің қаратпа мəнін (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет