Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет180/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

экзегетика 
тұрғысынан мүлдем
көңіл толмайтын өлшемдер), іс жүзінде, заманауи сын саласы автор
мəселесіне қатысты қолданып отырған төрт тəсілді анықтайды.
Бірақ автор бейнесі – тек əрекетсіз материал ретінде берілген мəтіннен
келетін жай ғана арзанқол реконструкция емес. Мəтінде əрқашан авторға
тиесілі белгілі бір таңбалар шоғыры болады. Тілші ғалымдарға (грамматик)
жақсы таныс бұл белгілер жіктеу есімдігі, мезгіл мен мекен үстеулері жəне
етістіктердің жіктелуі түрінде беріледі. Айтылған элементтер автор бейнесі
бар дискурстар мен авторы жоқ дискурстарда бірдей рөл ойнамайды.
Соңғы жағдайда мұндай «қозғалтқыштар» шынайы баяндаушыға жəне
оның дискурсының мезгілдік-мекендік шамасына жатады (бірінші жаққа
қатысты дискурстар əрекетіндегі сияқты айқын өзгерістер орын алуы
мүмкін екеніне қарамастан).
Дегенмен бірінші жағдайда олардың рөлі əлдеқайда күрделі əрі
құбылмалы. Романда бірінші жақтан баяндалған есімдіктің де, осы шақтың
да романның авторы мен оның жұмыс сəтіне қатысы жоқ екені бəріне
белгілі, оған қарағанда, автордың өзгермелі «Меніне» (
Alter ego
) көп жайт
қатысты. Ол автордан əртүрлі арақашықтықта тұруы мүмкін жəне жұмыс
үдерісінде жиі өзгеріп отырады. Алайда автор бейнесін биографиялық
авторға да, ойдан шығарылған баяндаушыға да телу жаңсақ болар еді.
Автор функциясы осы екеуінің арасында, яғни оларды бір-бірінен бөліп
тұратындай қашықтықта орналасады.
Бұл қасиет тек романдық немесе поэтикалық дискурсқа, яғни тек «квази-
дискурстарға», жоғарғы дəрежелі дискурстарға тəн деп қарсы шығуға да
болады. Іс жүзінде, автор функциясымен ерекшеленетін барлық дискурстар
осы көпқырлы 
«менге»
ие. Математикалық еңбектің кіріспесіндегі 
«мен»
шығарма құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді. Ол өзінің жағдайын яки
қызметін сипаттамайды, «мен тұжырымдаймын» немесе «мен ұйғарамын»
деген тіркесте көрінеді. Бірінші жағдайда 
«мен»
белгілі бір уақыт пен
кеңістікте, белгілі бір қызмет атқарған дербес адамға қатысты. Екінші
жағдайда 
«мен»
кез келген адам орындай алатын жағдай мен дəлел
деңгейін көрсетеді. Өзінің бірдей символдар жүйесін, аксиома ережесін əрі
көптеген бұрынғы тұжырымдарды қабылдағанын білдіреді. Осы ғылыми
еңбекте біз үшінші «менді» де байқай аламыз. Ол еңбектің мəні –
ұшырасқан қиындықтар, алынған нəтижелер мен шешімін таппаған
есептер жайлы əңгімеде көрінетін 
«мен»
. Бұл 
«мен»
қолданыстағы жүйеде


жəне болашақ математикалық дискурстар саласында орналасқан. Осы үш
«меннің» 
біріншісінде автор функциясы болмайды, ал мұндай жағдайда
қалған 
екеуінің 
«жалған» 
болып 
қалуына, 
алғашқы 
«меннің»
құлдырауының нəтижесіне айналуына жол ашылады. Керісінше, осы
дискурстарда автор функциясы бір мезеттегі осы үш 
«меннің»
тарауына
əсер етуге тырысады.
Талдау барысында автор қызметінің басқа да сипаттамаларын байқай
алатынымыз анық. Мен тек төртеуіне ғана тоқталамын, өйткені олар көзге
бірден түседі əрі ең маңызды сипаттамалар. Оларды төмендегіше
тұжырымдауға болады: (1) автор ұғымы құқықтық жүйемен жəне
институттық жүйесімен байланысты, ол дискурстар əлемін қамтиды,
анықтайды жəне түйіндейді; (2) ол барша дискурсқа əр мезетте, кез келген
өркениет түрінде əсер етпейді; (3) ол дискурстың өзін жасаушыға кездейсоқ
телінуімен анықталмайды, бірақ нақты жəне күрделі əрекеттер желісі
арқылы анықталады; (4) ол жай ғана шынайы тұлғаға тиесілі емес, өйткені
ол бір мезетте бірнеше 
«мен»
, бірнеше субъектіні тудыра алады. Бұлар –
əртүрлі тұлғалар позициясы орналасуы мүмкін жағдайлар.
Осы сəтке дейін мен өз тақырыбымды негізсіз шектеп келдім.
Бейнелеудегі, музыкадағы һəм басқа да өнер түрлеріндегі автор функциясы
талқылануы тиіс. Бірақ дискурс шеңберінен шықпай-ақ (ал мен осында
қала беру туралы байламға келдім), «автор» ұғымының мəнін қатты
шектеген тəріздімін. Мен авторды шектеулі мəнінде, яғни тек мəтін, кітап,
шығарма тудыра алатын адам ретінде ғана талдадым. Дискурс шеңберінде
кітап авторынан əлдеқайда жоғары тұрған авторлардың бар екені белгілі.
Мəселен, теория авторы, дəстүр немесе пəн авторы бар. Басқа кітаптар мен
авторлар да кезегімен осының ішінен өз орнын табады. Бұл авторлардың
орналасқан орнын мен «трансдискурстық» деп атаймын. Бұл құбылыс
өркениетіміздің ерте кезеңінен бері қайталанып келеді. Гомер, Аристотель,
шіркеу əшекейлері, алғашқы математиктер мен Гиппократ дəстүрін
жасаушылар – бұлардың бəрі осы рөлді ойнады. Əрі қарай, ХІХ ғасырдың
өн бойында, Еуропада əдеттен тыс, өзгеше бір автор түрі пайда болды. Оны
əдеби туындылардың «ұлы» авторларымен де, діни мəтіндердің
авторларымен де, ғылымның негізін салушылармен де шатастыруға
болмайды. Осы соңғы топтың мүшелерін біршама еркіндеу түрде
«дискурстықтың негізін салушылар» деп атайық.
Олардың даралығы тек өздерінің мəтіндерін жасаумен ғана шектелмей,
біршама жаңа нəрселер, яғни басқа мəтіндер жасауға арналған


мүмкіндіктер мен ережелер тудырды. Мəселен, олар өзінің төл мəтінінің
авторы ретінде ғана танылған романшыдан, шын мəнінде, мүлдем ерекше.
Фрейд тек «Түс жору»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет