Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет181/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
(
The Interpretation of Dreams
), «Тапқырлық жəне
оның бейсанаға қатысы»
 
(
Jokes and Their Relation to the Unconscious
)
еңбектерінің ғана авторы немесе Маркс «Коммунистік манифест»
 
пен
«Капиталдың»
 
ғана авторы болып шектеліп қалған жоқ, екеуі де
дискурстың шексіз мүмкіндігін қалыптастырды. Қарсымын десеңіз, еркіңіз
білсін. Роман авторы тек өз мəтінінің ғана авторы деу шындыққа
жанаспайды деп дауласуыңыз да мүмкін. Бұл жазушының да белгілі бір
«маңызы» бар, ол тек өз дискурсын ғана айқындап, өз дискурсын
меншіктеумен шектелмейді дерсіз де. Қарапайым ғана мысал: Анна
Радклиф «Этлин жəне Дюнбэйн қамалдары»
 
(
The Castles of Athlin and
Dunbayne
) мен басқа да бірнеше романын жазып қана қойған жоқ, ХІХ
ғасырдың бас кезіндегі готикалық үрей романының (
horror novel
) пайда
болуына да жол ашты. Осы тұрғыда, оның авторлық функциясы дербес
еңбегінің мəнін арттыра түседі. Бірақ менің бұл қарсылыққа да айтар
жауабым бар. Дискурстың негізін салушылар (мен Маркс пен Фрейдті
мысалға келтіріп отырмын, өйткені ол екеуі айрықша жəне өте маңызды
тұлғалар деп ойлаймын) қаламгердің жасағанынан мүлдем ерекше нəрсені
жүзеге асырады. Анна Радклифтің шығармаларындағы үлгілер мен
ұстанымдар бірқатар ұқсастықтар мен еліктеулерге жол ашты. Оның
романындағы белгілер, бейнелер, өзара байланыстар мен құрылымдарды
басқа авторлар қайтадан қолдана алады. Біз Анна Радклифті готикалық
үрей романының ізашары десек, онда ХІХ ғасырдағы готикалық
романдарда – Анна Радклиф романдарындағы сияқты – кейіпкерлердің өз
жан тазалығының торына түсуі, жасырын қамал, қара ниетті қарғыс атқан
кейіпкерлердің зұлым сезіммен əлемге кектенуі т.б. сарындардың
кездесетінін білеміз.
Екінші жағынан, Маркс пен Фрейдті дискурстың негізін салушылар деп
айтқан кезде, олар бірқатар ұқсастық түрлеріне жол салды деп емес,
(маңызы жоғары) бірқатар ерекшеліктерді де қалыптастырды дегім келген.
Олар тек өздерінің дербес дискурстары үшін ғана емес, өздері жасаған
дискурстармен байланысты басқа дискурстар үшін де мүмкіндіктер
жасады. Фрейд психоанализдің негізін қалады деу – «либидо» ұғымын
немесе түс жору тəсілін Карл Абрахам, Мелани Кляйн еңбектерінен де таба
аламыз деген сөз емес... Бұл Фрейдтің өзінің дербес мəтініне, ұғымдары
мен жорамалдары тұрғысынан көптеген ерекшеліктерге де жол бергенін


білдіреді. Айналып келгенде, мұның бəрі психоаналитикалық дискурстың
өзінен шығады.
Сайып келгенде, осының бəрі біз үшін жаңа қиындықтар, жоқ дегенде,
тың мəселелер тудырады. Осы айтылғандардың бəрі қандай да бір
ғылымның негізін салушыға, ғылымға маңызды үлес қосқан қандай да бір
авторға қатысты емес пе? Галилейден кейін оның тұжырымдаған заңдарын
қайталайтын 
дискурстар 
ғана 
емес, 
сонымен 
бірге 
Галилейдің
ережелерінен мүлдем ерекше дəлелдерді растайтын дискурстар да пайда
болған жоқ па? Егер Жорж Кювье биологияның немесе Фердинанд де
Соссюр лингвистиканың негізін салушы болса, бұл – оларды
қайталағаннан, не болмаса, оларға еліктегеннен емес, Кювьенің өзінің
көзқарасына тікелей қайшы келетін эволюция теориясын ойлап
тапқандығының арқасы. Ал Соссюрдің өзінің құрылымдық талдауынан
түбегейлі ерекшеленетін туындысы грамматиканың (
generative grammar
)
негізін қалағанының нəтижесінде жүзеге асты. Жалпы алғанда, дискурс
тəжірибелеріне еліктеу кез келген ғылыми серпілістің негізіне ұқсас болып
келеді.
Дегенмен елеулі ерекшеліктер де бар. Ғылымда оның туындау сəті
болашақ өзгерістермен тең дəрежеде. Өзгеше жаңалықтың пайда болуы
ғылымның дамуына жол ашады. Ондағы өзгерістер желісінің бір бөлігін
құрайды. Əрі қарай даму тізбегіне қосылу сəтінің ғылымда əртүрлі
пішіндері болуы мүмкін. Ғылымның негізін салушы əрекет болашақта даму
үдерісінде ашылатын ортақ құбылыстың нақты мысалы болып көрінуі
ықтимал немесе ол интуитивті жəне эмпирикалық болып көрінеді. Олай
болса, оны қайта тұжырымдау қажет; нақтылауға, барынша қатаң етуге
мүмкіндік беретін белгілі бір методологиялық амалдардан өткізу керек.
Ақырында, ол қайталауды қажет ететін асығыс түйіндеу болып көрінуі
мүмкін. Басқаша айтқанда, ғылымның негізін салушы əрекет əрқашан
өзінен шығатын өзгерістер тегершігіне қайта енгізілуі ғажап емес. Яғни бір
ғылым бастауын салған тұжырым ғылым дамыған соң қайтадан електен
өткізілуі əбден мүмкін.
Керісінше, дискурс тəжірибесінен кейін қандай өзгерістер болса да,
(дискурс тəжірибесінің) өзіне əсер етпейді. Дискурс тəжірибесін кеңейту,
мəселен, Фрейд жасаған психоанализ саласын кеңейту оған осы ғылым
пайда болған сəтте болмаған ортақ формалды сипатты дарытуды емес, одан
гөрі осы тəжірибені қолданудың əртүрлі мүмкіндіктерін ашуды білдіреді.
Психоанализді дискурс түрі ретінде шектеу – оның негізін қалаушы


əрекетті, шектеулі тұжырымдамалар жиынтығына əкелуге тырысу деген
сөз. Бұл бойынша, Фрейдтің дамытқан ұғымдары мен теориялары туынды,
қосалқы, қосымша деп саналуы тиіс. Бұдан бөлек, осы ізашарлардың
еңбегіндегі кейбір тұжырымдар жалған деп ешкім де мəлімдей алмайды.
Кейде біреулер «негізі қаланған» деген желеумен бəрін қамтуға ұмтылып,
жөнсіз мəлімдемелер таратады. Өйткені олар бұл ғылым саласын маңызсыз
деп есептейді, олар «тарихтан бұрынғы» жəне басқа дискурс түрінен тамыр
тартып жатыр деп санайды. Басқаша айтқанда, ғылымның əу бастағы
ерекшелігі, дискурсты тəжірибенің бастауы оның кейінгі өзгерістеріне
қатыспайды.
Сондықтан кез келген дискурс тəжірибесінің теориялық негіздемесі оның
іргетасын қалаған ғалымның еңбегімен байланысты анықталады. Галилей
мен Ньютон ұсынған қағидалардың негіздемесі олар қалыптастырған
ғылымның шынайылығымен расталады. Схема түрінде мұны былай
суреттеуге болады: дискурс ізашарларының еңбектері ғылым арқылы
анықталатын кеңістікте орналаспаған; керісінше, ғылым да, дискурс та
бастапқы координат жүйе ретінде дискурс ізашарларының еңбектеріне
сілтеме жасайды.
Сөйтіп, біз «тегіне оралу» үшін осы дискурс аймақтарына деген
қажеттілікті сезінеміз. Дискурс аймағының бір бөлігіне айналған осы оралу
ешқашан да оны өзгертуін тоқтатпайды. Оралу дискурсқа қосылатын
тарихи толықтауыш немесе жай ғана əшекей емес, керісінше, ол дискурс
тəжірибесінің өзін өзгертетін тиімді не қажетті міндеті ретінде көрінеді.
Галилейдің мəтіндерін қайта зерделеу біздің механика тарихы жайлы
түсінігімізді өзгертуі мүмкін, бірақ ол ешқашан да механиканың өзін
өзгерте алмайды. Екінші жағынан, Фрейдтің мəтіндерін қайта електен
өткізу психоанализдің өзін түрлендіреді, Марксті қайта талдау да
марксизмді өзгертуі мүмкін.
Менің осы «дискурсты қайта жаңғырту» желісінде тұжырымдаған
қағидамды, əрине, схемамен түсіндіруге келеді. Бұл, жекелей алғанда, мен
дискурс бастауы мен ғылыми негіздеме арасында жүргізуге тырысқан
оппозицияға жатады. Оларды айыру оңайға соға бермейді. Бұдан бөлек,
ешкім де олардың бір-бірін жоққа шығаратын амалдар екенін дəлелдей
алмайды. Мен бір себеппен ғана екеуін бір-бірінен бөлуге тырыстым. Бір
қолдан шыққан кітап я болмаса мəтіндер желісі саналатын, онсыз да
күрделі автор қызметі шығармалар тобына немесе тұтас пəндерге қатысты
тағы да анықтауыш факторларды қосып алады.


§
Қорыта келе, мен өзімді осында қозғалған нəрселерге мəн беруге
мəжбүрлеген себептерді тағы да баса айтқым келеді.
Бір жағынан, мен сипаттаған бағыттағы талдаулар дискурс типологиясы
тəсілін қамтамасыз етуі мүмкін. Меніңше, бір жағынан алғанда, мұндай
типология 
дискурстың 
грамматикалық 
ерекшеліктерінен, 
форма
құрылымдары мен зерттеу нысанынан тыс құралуы мүмкін емес сияқты.
Əдетте дискурсқа тəн қасиет немесе қарым-қатынас бар (грамматика мен
логика ережелерімен үйлеспейтін), сондықтан дискурстың негізгі
категорияларын ерекшелеу үшін осыларды қолдану керек. Автормен
байланыс (немесе байланыстың болмауы), одан өрбитін ерекше формалар,
толықтай алғанда, осы дискурс қасиеттерінің бірін құрайды.
Екінші жағынан, меніңше, мұны дискурстың тарихи талдауына кіріспе
деп есептеуге де болады. Дискурстарды олардың бейнелеу құндылықтары,
пішіндік өзгерістері тұрғысынан ғана емес, қолданылу тəсілдері бойынша
да зерттейтін уақыт жеткен сияқты. Дискурстардың байланысы, бағалау,
телу жəне меншіктеу тəсілдері əр мəдениетте, əр адамда өзгеріп отырады.
Мен олардың əлеуметтік байланыстармен сəйкестікте қалыптастырған
тəсілдерін, дискурстарды қозғалысқа келтіретін тақырыптар мен ұғымдарға
қарағанда, автор функциясының əрекеті мен оның түрленуі кезінде жеңіл
ұғынуға болады деп есептеймін.
Мұндай талдау субъектінің айрықша мəртебелі жағдайын қайта саралауға
қабілетті деген ой да тууы мүмкін. Мен шығарманың мазмұны мен
архитектоникасын (мейлі, ол əдеби мəтін, философиялық жүйе немесе
ғылыми трактат болсын) талдап, биографиялық һəм психологиялық
сілтемелерін алып тастаған кезде, субъектінің шексіз үстемдігі мен негізгі
рөліне күмəн келтіре бастайтынымызды білемін. Субъект-жасаушы
мəселесін қайта қою үшін ғана емес, субъектіні дискурсқа кіргізетін жерді,
оның қызмет ету тəсілдерін, тəуелділік жүйесін ұғыну үшін де бұл сұраққа
қайтып оралуға болады. Бұлай істеу – таптаурын дүниелерді айналып өту;
«еркін субъект заттар табиғатын қалай ұғынып, оған қалай мəн беруі
мүмкін? Тіл ережесін жүзеге асырудың жəне осы арқылы өзінің дербес
шындық моделін жасаудың сəті қалай түсті?» деген сұрақтардан бас тарту
деген сөз. Оның орнына «дискурстың қандай шартында жəне қандай
түрінде субъект пайда болады? Оның əртүрлі типтегі дискурстардағы орны
қандай, ол нендей қызметтерге жүгінді, ол қандай қағидаларды сақтауы


керек?» деген сұрақтар туындайды. Мəселе субъектіні жасаушы рөлінен
айырып, оны дискурстың өзгермелі күрделі функциясы ретінде талдау
керектігінде болып тұр.
Екіншіден, автордың «идеологиялық» мəртебесіне қатысты себептер де
бар. Олай болса, мынадай сұрақ туындайды: жалған дискурстың əлемге
төндіретін алапат қаупін қалай шектеуге болады? Жауап: автордың
көмегімен. Адамдар табиғи қорлар мен байлығын ғана емес, өз
дискурстары мен олардың мəнін де үнемдеп жарата алады. Əлемге қауіпті
мəндердің таралуын тек автор ғана шектеп, қадағалай алады. Автор
мəндердің таралуында үнемшілдік қағидасын ұстанады. Сөйтіп, бізде автор
жайлы дəстүрлі түсінікті түбегейлі өзгертуге деген қажеттілік туады.
«Қаламгер – ғажайып туынды жасаушы, сарқылмас мəн əлемін керемет
мəрттікпен шығармасына дарытатын жан» деуге дағдыланып алғанбыз.
Автор басқа адамдардан мүлдем ерекше, ол барлық тілдерге билігін
жүргізеді, аузын ашса болды, ғажайып дүниелер төгіліп, мəндер тарала
бастайды деп ойлауға да үйреніп кеттік.
Бірақ ақиқат мүлдем басқаша: автор – шығарма мəнінің қайнар көзі емес.
Қаламгер туындыдан жоғары тұрмайды, ол функциялық қағида іспетті,
біздің мəдениетімізде кейбір түсініктерге тосқауыл қояды: алып тастайды,
күзейді, түзейді. Қысқаша айтқанда, мəндердің бақылаусыз таралуына
кедергі қояды. Шығарманың жазылудағы, оның құрамдас бөліктерге
бөлінудегі, қайта жаңғырудағы еркіндігін шектейді. Егер біз авторды
шексіз өнертабыс ғұламасы деп танысақ, шындығында, онда біз керісінше
ойлап тұрмыз деген сөз. Автор – идеологиялық өнім деуге болады, өйткені
біз оны тарихи шынайы функцияның қайшылығы ретінде көреміз. Тарихи
функция бір тұлғаға берілген кезде оның идеологиялық сипаты пайда
болады. Сондықтан автор – идеологиялық тұлға, оның маңдайына
мəндердің жосықсыз таралуымен күресу жазылған.
Мен осыны айтқанда, көркем əдебиет аясы автор тұлғасымен
шектелмейтін мəдениет жасауға шақырып жатқандай көрінуім мүмкін.
Алайда əдебиет əлемі мүлдем еркіндікке жетіп, шығармалар жұрттың ортақ
игілігіне жарайтын, əрбір жанға бірдей қолжетімді болатын əрі бақылаусыз,
шектеусіз дамитын мəдениетті қиялдау таза романтизм болар еді. XVIII
ғасырдан бастап автор көркем қиялдан туған дүниені реттеуші рөлін
ойнаса, бүгінгі өнеркəсіптік буржуазиялық қоғам дəуірінде, индивидуализм
мен жекеменшік кезеңінде де осы қызмет оған əлі тиесілі. Тарихи
өзгерістерді ескерсек, автор функциясы жоғалу алдында тұр, өйткені


көркем əдебиет, қиял əдебиеті жаңа шектеу жүйесіне түседі. Бірақ енді оны
автор емес, басқа біреу шектейді; оның кім, əлде не екені əлі анықталған
жоқ.
Барлық дискурстар өздерінің мəртебесінен, формасынан, құндылығынан
тыс белгісіз автордың күмілжіген дауыстары астында дамитын болады.
«Мұны кім айтты? Шын мəнінде, ол ма, жоқ əлде басқа біреу ме? Бұл пікір
қаншалықты сенімді əрі шынайы? Оның ішкі «мені» дискурсында не
бейнеленді? Бұл дискурс қайда қолданылды, оны таратудың тəсілдері
қандай? Оны меншіктеген кім? Оның ықтимал субъектілері қайда
орналасуы мүмкін? Кім өзіне субъектінің əртүрлі функцияларын жүктеп
алады?» деген сұрақтар ұзақ уақыт естілмейтін болады. Бұл сұрақтардың
бəріне де «кім айтып тұрса да, бəрібір емес пе?» деген селқос жауап
беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет