Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет200/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Alias

АСВ телеарнасы, 
2001) сериалында Джек пен Ирина
Сиднейдің ата-анасы екенін үнемі еске түсіріп отырады; Джайлс əрқашан
Баффидің бақылаушы екенін жадынан шығармайды (
«Вампирлерді қырушы
Баффи»,
ДБ телеарнасында 1997–2001; УПН телеарнасында 2001–2003
аралығында көрсетілген); солтүстік аймақтан алыста жүрсе де, Жоэлді
(CBS, 1990–1995) (Американың Си-Би-Эс телерадиоторабы) жиі-жиі
«Дəрігер Флейшман» деп атайды; оның сүйікті ісі, яғни өз рөлінде үнемі
гольф ойнауы өзіне ғана тəн ерекшелікті айқындап тұр.
Еске түсірудің күрделі формасының бірі – эпизодтағы шоудың негізгі
ойын көрініс аяқталғанда қайталау. «Вероника Марс» (
Veronica Mars
) (UPN
телеарнасында 2004 жылдан бері көрсетіледі) сериалының бірінші
маусымында танымал Лили Кейннің өліміне байланысты тергеу мен
Верониканың атақты «Нептун Хай» тобынан қуылуын қайталап,
дыбыстайды. Баффи кейіпкер бізге Санидейлдің «тозақ қақпасында»


(
нellmouth
) отыратынын еске салады. «Солтүстік аймақ»
 
(
Northern
Exposure
) сериалында эпизодтар өткен сайын, Джоэл өзінің туған қаласы
Нью-Йорктен жырақта жұмыс істейді. Көптеген адамдар Джоэлдің Аляска
штатымен жасасқан мəмілесін қайталайды. Мəміле шарты бойынша, егер
Аляска штаты медицина саласында білім алуын қаржыландырса, борышын
дəрігер ретінде сол аймақта қызмет атқару арқылы өтейді.
Сондай-ақ диалогтер жақында ғана болған оқиғаларды еске түсіреді.
Көптеген шоу сериалдары басталғанда кездесетін «өткен бөлімде»
бөлігіндегі қайталау арқылы, алдыңғы сериалда айтылған ақпараттың
қазіргі жағдай үшін өзектілігі түсіндіріледі. Оқиғалар қайталанып отыруы
тиіс. Бұл – ПТС-ның баяндау нормасы. Осы шектеуді ескере отырып,
авторлар аудиторияны баурап алатын жолдарды қарастыруы керек.
Шынында да, бұл норманың көрермендерді экран алдына байлап қоятын
əсері бар сияқты. Бұл қайталаулар қысқа түрде, жоғары деңгейдегі
талғампаздықпен жиі жасалатыны соншалық – тіпті ұғымсыздау түсіндірме
секілді көрінуі де мүмкін. Мұндай артық түсіндірме, ақпарат ретінде
диалог жасаушыларға мотивация болуға тиіс.
Бұл мақсатқа жетудің бір жолы – бір кейіпкердің құпиясын екіншісіне
айту арқылы баяндаудың құрылымын жасау. Бұл – оқиғадағы
қозғалыстарды аса қажет ете бермейтін мелодрамалық киноларда,
телевизияда жиі кездесетін кейіпкерлердің реакциясы мен өзара қарым-
қатынасқа байланған стандартты баяндау стратегиясы.
16 
«Гилмор қыздары»
(
Gilmore Girls
)
 
(WB телеарнасында 2000 жылдан бері көрсетіледі)
сериалының бесінші маусымының мамыр айындағы эпизодтарында,
Роридің ақсүйек тұқымынан (
blue‐blooded
) шыққан Йельдік жігіт Логан
Ханцбергердің отбасымен кездесетін сериясы бар.
17
 
Ханцбергерлер кешкі
ас үстінде Рориді ашықтан-ашық күстаналайды. Логанға лайықты жұп
емессің дегенді айтады. Кейін Рори Логанның əкесінің газетінде өзін
сынақтан өткізуді өтінеді. Кəсіби журналист болсам деп армандайтын Рори
газетте біраз уақыт жұмыс та істейді. Алайда Ханцбергерлердің үлкені
жазу қабілетінің нашарлығын бетіне басқанда, есеңгіреп қалған еді. Бұл
оқиғалар Роридің анасы Лорелай екеуінің арасындағы əңгімеде, тағы бірде
Лорелайдың ата-анасы Ричард пен Эмили арасындағы диалогтерде
қайталанады.
Бірақ диалогтің бұл бөліктері біз білетін ақпаратты қайталап қана
қоймайды; қайталау сəттері өте маңызды, өйткені мұнда кейіпкерлер өз
құпияларын 
ақтаратын 
болғандықтан, 
көрермен 
ретінде


əңгімелесушілердің жүзіндегі əсерді байқауға дайын боламыз. Қысым
артқан сəттегі мəселені шешетін сериялық баяндаудың моделінен көп
көрермендер лəззат алады. Себебі өздері білетін құпияларды басқа
кейіпкерлер алғаш естігенде, əңгімені қалай қабылдайтынын көру оларға
қызықты. Логанды Лорелай аса жақтыра бермейтінін білгендіктен, Рори
анасына сынақ жайында айтуды хош көрмейді. Рори жаңалықтардан
көрінгенде, бұл оқиға анасы мен қызының арасындағы жақындықтан гөрі
ең жақсы достардың қарым-қатынасына ұқсап кететіні де рас. Біздің
көкейімізде 
Роридің 
жаңалықтарына 
жауап 
ретінде 
Лорелайдың
сыпайылық танытуы шынайы ма деген сұрақ туындайды. Логанның
əкесінің газетінде сынақтан өткенін Рори қайталап айтқан кезде, анасы мен
қызы арасындағы сюжеттік желідегі түрткіден кейіпкерлердің эмоцияларын
бақылай аласыз. Бұл – бұлай болмайды деп күткен біздің үмітіміз бен
Логан арасындағы айырмашылықты көрсетуге арналған айла. Оны Гилмор
қыздарының алдындағы қорқынышымызды арттырып, біздің эмоциямызды
тудыруға арналған əдіс десе де болады.
Роридің Ханцбергер мырзамен болған əңгімесінен кейінгі күйзелісі –
маусым аяғында болған өте маңызды сюжеттік сəт. Кикілжіңнің мəн-жайы
түсінікті болуы үшін Лорелай ата-анасына Роридің журналист ретінде
жұмыс істей алмайтынын, кешкі ас үстінде Ханцбергерлердің Рориді
қорлағанын, басқа да бірнеше эпизод бұрын өткен оқиғаларды қайталайды.
Бұл ақпаратты бұрын естімеген Ричард пен Эмили Логанның отбасына
қатты ашуланады. Алып-ұшып үйленуге дайындалып жүрген екі жастың
көңілін су сепкендей басқан олардың бұл сөзіне қорланған Рориге жандары
ашиды. Қайталау тағы да эмоция тудырады. Тұрақты көрермендер
Ханцбергерлерге ашуланып, көңілі қалып қоюы мүмкін. Бірақ дəл осы
көріністе біз Ричард пен Эмилидің ашу-ызасы мен аяушылық сезімін
көреміз. Тіпті біз Логанның отбасына қатысты оңбай қателескенін түсінген
Лорелайға 
қарап, 
қанағаттану 
сезімін 
бастан 
кешіре 
аламыз.
Кейіпкерлердің арасындағы қарым-қатынас шиеленісті əрі күрделі
болғандықтан, ескі ақпаратты жаңа контексте көрген кезде, сөз жоқ, жаңа
эмоциялар тудырады.
ПТС-дағы қайталаулар сериалдардың басталуын арагідік қана көретін,
үнемі қадағалап отырмайтын, телефон шырылдағанда яки бала жылағанда
эпизодтың кейбір бөлігін өткізіп алатын көрермендердің түсінуіне жеңіл
болатындай баяндауды қолданатын коммерциялық мақсатта жасалған.
Көбік сериалдарда, жаңалықтарда, реалити-шоу мен сит-комға дейінгі


телевизиялық баяндаулардың көптеген түрлерінде осындай контекске
байланысты қайталаулар жиі кездеседі. Мысалы, 
«Соңғы жанкешті»
шоуындағы 
эпизодта 
қатысушылардың 
есімдері 
бірнеше 
мəрте
қайталанады: 
сериялық 
шоудың 
титрінда, 
қатысушылар 
шоуды
ұйымдастырушыларға жүгінгенде жəне басқа қатысушылар сұхбат
барысында 
есімін 
атағанда, 
бөлінген 
команда 
қатысушыларын
жариялағанда һəм өзі сұхбат берген кезде экран астына аты-жөні
(мамандығы) көрсетілгенде, көрермен олардың тегіне қанығып отырады.
Қайталау – телевизияның көптеген формасында ақпараттың барынша
қолжетімді болу мақсатынан туған тəсіл. Бірақ бұл бейімделудің қосымша
артықшылықтары бар. Телевизияда қайталаудың өзіндік себептері
жетерлік. Бұл баяндауды түсінікті ету үшін керек. Дегенмен оқиғалардағы
кейіпкерлердің кім екені, олар не істеп жүр, не үшін бұлай істеді, қандай
тəуекелге бел буды деген сияқты оқиғаларды үнемі еске салып отыратын
ұсақ-түйек ақпараттың өзі тұрақты көрермендерге үлкен қуаныш сыйлайды
екен. Біз уайымдап, назар аударуымыз керек болған маңызды элементтер
құйтырқы əдіспен айрықша баяндалғанда, қызығушылығымыз артып,
көңіліміз біржола сол эпизодқа аууы мүмкін. Қайталау функциясы
оқиғаларды бізге түсінікті қылып қана қоймайды, ең маңыздысы, оқиға
желісін қызықты етіп, ерекше əсерге бөлеу арқылы көру тəжірибемізді
байыта түседі.
Кристиан Мецтің сөзімен айтқанда, телевизия полициясы жоқ. Бізді
ешкім 
апта 
сайын 
болатын 
драмаларды 
көруге 
мəжбүрлемейді.
Телевизиядағы баяндаудың микродеңгейінде оқиғалар түрткілерге бөлініп,
əр түрткі көрермен назарын аударту мақсатында қызмет атқарады.
Телевизия 
баяндаушылары 
əдебиетші, 
драматург, 
кинорежиссер
əріптестеріне қарағанда, біздің қызығушылығымызды оятып, ынта-
ықыласымызды үнемі арттырып отырулары тиіс. Оқиғаларды түрткілерге
бөлу кейіпкерлер жайына алаңдап, енді не болар екен деп еліктіретіндей
қуатты риторикалық күшке ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет