Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет201/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Орта деңгей: эпизодтар
Оқиғалары үздіксіз жалғасатын табиғатын ескерcек, ПТС-ға эпизодтық
деңгейдегі аяқталу жетіспейтіндей көрінеді. Əлдебір сыншының пікірінше,
күндізгі сериалдардың «бітіп болмас, ұзын сонар ортасы» себебінен
басталу мен түйінделуі шалағай келеді.
18
Ғалымдар сериалдарды «ашық»
формаға жатқызады
19
һəм кейбіреулері сериалды көруден алатын лəззаттың


өзі осы деңгейдегі «ашықтықта» (
openness
) көрініс табады деп
топшылайды. Джон Фискенің пікірінше, көбік сериалдардың көрермендері
шарықтау шегі мен соңы жоқ, үздіксіз əрі циклді түрде жалғасатын лəззатқа
бөленеді.
20
 
Бірақ мен осы бөлімде «ашықтыққа» баса назар аудару
телевизияның кешкі сериалдарындағы қызықты нəрселерді назардан тыс
жіберіп алады дегім келеді. ПТС-ның əрбір эпизоды кейбір себеп-салдарлы
тізбектерді орта жолда қалдырады. Бірақ резолюциядан жəне тұтастықты
сарп етуден, мəтіндік тұрақсыздықты немесе радикал, модернистік
апертураны жетілдіру мақсатынан туындауы өте сирек. Менің ұғымымда,
сериалдардың сюжеттік желісінде тұжырым ғана емес, көбік сериалдарға
да қатысты эпизод деңгейіндегі формалды (
formal
)
 
бірлік бар. Мұндай сапа
күндізгі драмаларда сирек кездеседі.
21
Сонымен, біз қарастырғалы отырған
тұжырым мен апертураның екі түрі бар: біріншісі – некедегі сыйластықтың
шарықтау 
шыңы 
секілді 
оқиғаны 
баяндаушы 
тізбектің 
шешімі
(резолюциясы), екіншісі – тақырып пен мотивті реттелген, біртұтас дүниеге
біріктіру. Формалды бірліктің осы екі түрі де баяндау негізіндегі лəззатты
бере алады.
Кейбір апертуралар ПТС-мен айлар бойы үздіксіз жалғасып жатса да, көз
алдымыздағы кез келген эпизодтың басты əрекеті өз шешімін тауып
кетеді.
22
Келесі эпизодқа қатысты кейбір сұрақтар жауапсыз қалады. Бірақ
олар баяндаудың жалпы сарынына кедергі келтіретін сұрақтар емес. Нақты
бір эпизодтағы негізгі оқиғалардың шешімін анықтайтын өткір сұрақтар
сериалдың ашық шиеленіскен сəті арқылы кейінге шегеріліп, келесі
эпизодтың басында оған бірден жауап беріледі. Мысалы, мұндай тəсіл
«Тыңшы қыз»
сияқты триллерде қолданылған. Бірақ жеңіл-желпі
сұрақтарды кейінге қалдыруға болады. Эпизодтық қорытынды мен
сериялық шегініс арасындағы үйлесімнің бұл түрі Виктория кезеңіндегі
əдебиеттен бастап, «Жұлдыздар шайқасы» (
Star Wars
) секілді қазіргі
заманғы Голливуд циклдарына дейінгі сериялық баяндаудың бірқатар
формасының стандарты болып есептеледі. Эпизодтық бірліктің алапат күші
сериялық апертурадан туындаған кез келген мəтіндік тұрақсыздықты
бəсеңдетеді. Мұндай бірлік болмаса, кездейсоқ көрермендердің көруі
екіталай. Тұрақты көрермен көз алдында өтіп жатқан сюжет желісіне жіпсіз
байланып, рақаттанып, эпизодтың соңы өзі күткендей аяқталмаса, көңілі
құлазуы да мүмкін. Осы мақаламда қарастыратын барлық формалды амал
тəрізді, телехикаяның аяқталған кездегі əсері аудитория көңілінен шығуы
қажет, бұл жағдайда көрермен жаны шешімді ғана емес, үйлесімділікті де


қалайды.
Телевизиялық желі мен бағдарлама продюсерінің мəнді оқиғаны
баяндауының астарында коммерциялық мүдде бар. Прайм-тайм шоу
бағдарламалары күндізгі хабарлармен салыстырғанда, пайда табу үшін
желіден тыс синдикациялық келісімшарттарға тəуелді. ПТС продюсерлері
өз бағдарламаларын қайталап көрсеткенде де өтімді болғанын қалайды.
Өнеркəсіптің 
қарапайым 
түсінігіне 
сəйкес, 
баяндау 
сарынындағы
шұбырған серияларды қайталап көрсетудің көрерменді тарту мүмкіндігі
аз.
23
1990 жəне 2000 жылдардың басында «Заң жəне тəртіп» (
Law & Order
)
телесериалының A & E жəне TNT телеарналарында қайталап көрсетуден
жоғары рейтингтерге қол жеткізуі бір сағаттық эпизодтық баяндаулар
синдикациясының өзі таңдай қақтырарлық нəтиже көрсете алатындығын
дəлелдеді. Мұндай жағдайда, түпнұсқа эпизодтарды тамашалайтын
аудиторияның саны бұдан да артуы мүмкін.
24
«Заң жəне тəртіп» 
сериалы
телевизиядағы ең табысты əрі сыртқы нарықта да елеулі жетістікке жеткен
драма ретінде танымал.
25
Демек, эпизодтық түйін өндірістік контекстегі
өнім болып саналады. Өйткені кездейсоқ көріп қалған көрермен көзі
шалған эпизодтың өзінен лəззат алады. Сонымен қатар тұрақты көрерменге
сериядан серияға ұласқан қосымша лəззат сыйлауы керек болғандықтан,
сериалдар үнемі артып отыратын қысым аясында болады. Эпизод бірлігі
кездейсоқ немесе тұрақты көрермен үшін де, продюсер мен желі үшін де
жұмсалған шығынды ақтайды.
ПТС апталық эпизодтарды мəселе мен шешім құрылымы бойынша
кескіндейді. Эпизодтың басында назарға ұсынылған негізгі қақтығыс
эпизодтың аяғына қарай шешімін табады. Стандарт бойынша ПТС-ның
құрылымы бір сағатқа созылған, өзара ұзақтығы бірдей, арасында
жарнамалық үзілісі бар төрт актіден тұрады.
26
Мəселен, төрт актілі
эпизодтың алғашқы жəне соңғы актілері үш актілі Голливуд фильмінің
бірінші жəне соңғы актісімен сəйкес. Екі медиада да бірінші акт – орнату
(
set-up
) жəне соңғы акт – шешім
 
(
resolution
). Телевизиялық шоудың
ортадағы екі актісі киноның екінші актісіне, яғни шиеленісу мен даму
кезеңіне үйлеседі.
27
Телевизиялық драмалар бірінші актіде мəселе
тудырады һəм тосын жайтпен аяқталады. Кейіпкерлер тосын жайттан туған
шиеленіске екінші актіде жауап қатады, үшінші актіде шым-шытырықты
байқайды, ал төртінші актіде мəселелерді шешеді.
Телевизиялық актілердің кинодан айырмашылығы мынада: олар көбінесе
нақты бір сұрақтың аясындағы соңғы шешіммен, кейде жіпсіз байлайтын


ашық шиеленіспен, тұғңиыққа бойлаумен немесе жарнама үзілісімен
аяқталады.
28
Жазушылар мұндай көркемдік тəсілді түрліше атайды; театр
тілімен айтқанда, мен оларды «перде» деп атаймын.
29
Жазушылар көбінесе
керісінше жасайды, олар оқиғаны эпизодты аяқтайтын төртінші акт
пердесінен 
бастайды.
30
«Фуга» 
(
The 
Fugue

(WB, 
1998–2002)
телехикаясындағы «Фелисити» (
Felicity
) эпизодының (2 наурыз, 1999 жыл)
төртінші акт пердесі – эпизодтағы ең маңызды драмалық сəт. Ол Фелисити
өзінің өнер сыныбындағы танысы Элимен бірге болуды ұйғаруынан
басталады. Бұл «Фелисити жəне оның жігіті Ноэль жұп болып қала ма, не
екі жаққа айырылысып кете ме?» деген бірінші актідегі негізгі сұраққа
алдын ала жауап береді. Төртінші акт пердесінде олар тек ажырап қана
қоймайды, Фелиситидің көңілі басқа біреуге ауады. Əр пердеде түрлі
мəселелер қамтылады. Бас қатырған мəселенің (тизер) бірі – Ноэльдің
бұрынғы қызы Ханнаның Нью-Йоркте, шын мəнінде, не істеп жатқандығы.
Бірінші акт пердесінде Ноэль мен Ханна сүйіседі. Екінші акт пердесінде
Ноэль мен Фелисити арасында түсінбеушілік орын алады. Үшінші акт
пердесінде Ноэль Ханна үшін Фелиситиді тастап кетеді жəне актінің
соңында Фелисити көркемөнер студиясынан, кейбір сурет нобайларын алу
үшін, Элимен бірге кетеді. Бұдан Фелисити əлгі жігітпен бірге бола ма
деген сұрақ туындайды да, соңғы пердеде оған жауап беріледі.
Сахналық мелодрама сияқты, телевизиялық бағдарламаның перделері де
актінің драмалық жайттарын тəтті қиялмен əсерлейді. 1-актінің 
«Фуга»
пердесінде, Ноэль мен Ханна сүйісіп тұрған сəт секілді, тосын жайтқа я
болмаса түбегейлі өзгеріске əкеп тірейді. ПТС түрткі құрылымы сияқты;
оның перделері көрерменді экраннан көз алмай өзіне тарту үшін қызмет
атқарады.
31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет