əлеуметтік тұрғыдан анықталуы төменірек экономикалық кластағы рөлінің айқындалу
ықтималдығын азайтады. Жеке тұлға кедей болса да, өзін еркін əрі бақытты сезінуі мүмкін.
Сондықтан «жаңылыс танылған» біреу капитализмнің құрсауында толымсыз жеке тұлға əрі даралық
рөлінде қала береді. Адам тіршілігіндегі материалдық жағдайының шынайы орнын байқамайды
жəне оның орнына құлдықты жаңылыс түсініп, еркіндікке балайды.
Канон
(canon)
– белгілі бір саланы таныту үшін көпшілік арасында мойындалған əдеби
туындылардың жиынтығы. Канон ұғымы айналасындағы пікірталас əлі толастамағанмен,
«Керемет
Гэтсби»
немесе
Нелла Ларсеннің «Жүріс»
сияқты бүгінде көп оқыла бермейтін сол дəуірдің құнды
кітаптары мен жоғары техникалық шеберлікпен əлеуметтік мəселелерді көтеріп,
философиялық
өткір ойлар айта білген Джон Дос Пассостың «Манхэттен трансфері» тəрізді қазір көп оқылатын
жəне кеңінен зерттелетін шығармалар арасындағы
айырмашылық осы ұғым аясында
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: