Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет347/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Капитал, капитализм
(capital, capitalism) – иррационал тұлғалық мүддені адамзат ісінде бірінші
орынға шығарып, қоғам ресурстарын шағын топтың қолына жинақтауға мүмкіндік туғызатын жəне
көпшіліктің еңбегін азшылықтың байлығын арттыруға ықпалдастыратын экономиканы енгізу əдісі.
Капитализм жұмысшыларды байлардың еркіне бағындыру ұстанымына арқа сүйейді. Бұл
бағынушылық идеология (нарықтың бейберекет иррационалдығына ерік беретін «бостандық»
сөзімен бүркемеленген идеология) сатылық айырмашылықты күшейту үшін кəсіби білім, формалды
теңдік түріндегі теңсіздікті қалыптастыратын құқықтық режим жəне полиция күші арқылы жүзеге
асады. Капитализм «жеке меншік», «бостандық», «жеке тұлға» сияқты əпсаналарға құрылған жəне
ақша, жол, тіл т.б. сияқты жеке экономикалық қызметтердің қоғамдық, əлеуметтік, коммуналдық
құрылымдарын жоюға мүдделі болады. Ал антикапиталистік социалистер бақуатты өмірді
қамтамасыз ету үшін бағаны жүйелі жолға қою, еңбекақыны жеткілікті, жоғары деңгейге көтеру,
экономикалық қарым-қатынас жария түрде реттелетін жəне басқарылатын экономиканың өзгерісіне
қол жеткізуге ұмтылады. Тұтастай алғанда, экономиканың мақсаты – ат төбеліндей топты ғана
байыту емес, көпшіліктің игілігі үшін еңбек ету.
Карнавал, карнавалдық 
(carnival, carnivalesque). Əйгілі «Рабле жəне оның əлемі» атты еңбегінде
Михаил Бахтин Франсуа Рабленің шығармаларындағы ортағасырлық мəдениетті жан-жақты
зерделей отырып, оның аяусыз ажуа мен ащы мысқылға толы «Гаргантюа жəне Пантагрюэль»
сияқты шығармаларының стиліне «карнавалдық» мəнерде жазылған деген айдар тақты. Ол
ортағасырлық карнавалдардың ажуалық формалары мен троптарын имитациялайды. Ол дəуір
мəдениетінде ақыреттік өмірдің рақатына бөлену үшін тəн лəззатынан бас тартуға үндейтін католик
шіркеуінің идеологиясы үстем болатын. Арғы дүниедегі аспан патшалығында лəззатқа бөлену үшін
сексуалды тəн қажеттіліктері тұсаулануы тиіс болды. Бірақ карнавал маусымында мұндай ресми
қатаң тыйымдар алынып тасталды. Адамдарға ойын түрінде болса да, тəндік қалауларына шек
қойылмады, шіркеу мəртебесін мазақ етуге жəне билік құрып тұрған иерархияның бұғауын уақытша
«сыпырып» тастауға мүмкіндік берді. Рабле новеллаларында адам тəнінің материалды қыры
дəріптеліп, сол дəуірдегі билік өкілдерін аяусыз ажуаға айналдырды. Сондықтан егер үстемдік
құрып тұрған иерархияны ажуаласа, дене мен тəнге салынған тыйымдарды жоққа шығарса жəне
табиғаттағы физикалық өмірдің циклды сипатын мерекелейтін болса, ондай əдеби шығармалар
«карнавалдық» элементтерден құралған болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет