King Lear
)
«Кемелдену –
зерделіліктің шырқау шыңы» (
Ripeness is all
) деген жолдарға қарсы қойып,
салыстыруды одан ары жалғастырады. Китстің өлең шумақтары оған
жалған сияқты көрінеді. Екінші жағынан, Шекспирдің сөз оралымдары
нанымдырақ, тіпті ол ақиқат болуы да мүмкін деп есептейді. Басқаша
айтқанда, қорытындысында Шекспир ақиқат туралы мəселе қоюдан аулақ
болуға ерік береді. Түптеп келгенде, бұл ақиқат пен жалғандық мəселесі
ме?
Осы
жерде
Элиоттың
нəтиже
айырмашылығы
жөніндегі
қызығушылықтан туындаған пайымдарына жүгінеміз: «Кемелдену –
зерделіліктің шырқау шыңы». Бұл драмалық кейіпкердің аузымен айтылып,
пьесаның өн бойындағы контексте реттеліп, айқындалып отырады,
дегенмен ақиқатты зерттеуге тікелей қауіп төндірмейді, өйткені оның
маңыздылығы көрсетіліп, драмалық контекст арқылы өзгеріп отырады.
Китс шумақтарының дəл осындай жолмен, белгілі бір кейіпкердің
аузымен əдейі бұрмалануын, поэманың жалпы контексі арқылы түрленуін
көрсетуге болады делік. Егер бұл сөздің «кейіпкер мінезіне сəйкес»
қолданылғанын, драмалық орындылығын жəне əрекетке лайықты
дайындалғанын дəлелдей алатын болсақ, онда ол шумақтардың
«Кемелдену – зерделіліктің шырқау шыңы» деген жолдарды ақтайтынын
білдірмей ме? Олай болса, біз неліктен драмалық тұрақтылық тəрізді
ұстанымның пайдасы үшін ғылыми һəм философиялық ақиқат мəселесінен
бас тартуға тиіспіз? Мен кез келген жағдайда сүйенуге болатындай
осындай бір ұстаным болуы керек деп ойлаймын. Қалай болғанда да,
«Грек
құмырасына ода»
осындай əрекеттің салдарын сынауда соншалықты
тиянақты үлгі бола алады.
Бұл əрекет туралы ашық айтқан жөн сияқты. Поэманың соңғы
шумақтарының драмалық түйіні дайын болғанына көз жеткізу үшін толық
оқып шығу қажет. Сондықтан оқырманға да қатысты бірқатар талаптар бар,
ол өз тарапынан бұл талаптармен келісуі тиіс. Ол құмыраның ертеректегі
айтылған сипаттарын жай ғана бұлыңғыр сипаттама ретінде теріске
шығармауы керек. Егер «қарапайым декорация» мағыналы символизмге
айналса немесе ирония тек миығыңа мысқыл ұялайтын жерден табылса аса
таңғалмау керек. Өзін қызықтырған құмыраның жұмбағы таңдандырмаса,
онда поэмада жасырылған, парадокспен байланыстыратын бірде-бір ұшқыр
энергетикалық қуаты жоқ бөліктерден парадоксті табамын деп аса
əуреленудің де қажеті бола қоймас. Бұл, əрине, оқырманға тым көп талап
қою емес, нақтырақ айтсақ, Китстің бұл сөзбен не айтқысы келгенін жəне
оның бұл сөздерді қаншалықты аса мұқият таңдағанын шамалау ғана.
Ақырында, поэма баяу болса да парадокс нотасынан басталады, себебі біз
құмыраның сөйлеуі мүмкін деп ойламаймыз, дегенмен Китс бұдан да көп
нəрсеге қол жеткізді. Ол өзінің поэмасын парадоксті нақты көрсетуден
бастады.
Құмыраның тіл қатпауы баса айтылады: бұл – «тыныштықтың сүйіктісі»;
«тыныштықтың асыранды баласы»; сонымен бірге құмыра «тарихшы» да
болып кетеді. Тарихшылар шындықты айтады; болмағанда, олардан
нақтылықты дəметуге болады. «Орман тарихшысы» деген кім? Ағашты,
орманды, жерді ұнататын тарихшы ма? Əлде ормандардың тарихын
жазатын адам ба? Сірə, құмыра осындай екіжақты мəні бар орманшы
болар. Шынында, соңғы мағына үстіртін: ол құмыра /гүлдер ертегісін
біздің ұйқасқа қарағанда əлдеқайда жақсы жеткізе алады, ал құмыра «Темп
немесе Аркадия алқаптарының» (
Thempe or the dales of Arcady
)
«жапырақтар аңызын» баяндайын деп отыр. Алайда құмыра өзінің
əңгімесіне арқау болып отырған «жапырақ аңызындағыдай» тамаша ағаш
жапырақтары жəне шіріген құрақтар көмкерген алқаптар мен орманға
оранған. Біз құмыра тарихының баяндалу əдісін қарастырсақ, онда оның
неліктен екіжақты мағынасы бар орманшы екенін айқын аңғарамыз.
Бəлкім, оның ауыл тарихшысы, орманшы, шаруа тарихшысы болуы біздің
санамызда оның дəрежесін көтеріп, айтып отырған хикаясының
«растығын» білдіретін шығар. Китстің өзі мойындағандай, бұл хикаялар
жалпы формалды хикая емес «ертегілер» ретінде сипатталады.
Орман тарихшысы белгілі бір атауларды немесе уақытқа қатысты
деректерді ұсынбайды. «Бұл қандай адамдар? Əлде Құдайлар ма?» – деп
сұрайды ақын. Оның жеткізетіні адамдар мен құдайлардың, яки құдай
іспеттес адамдардың немесе адамнан жоғары тіршілік иелерінің
(сайтанның емес) – барлығының бейне бір сұп-суық мəрмəр құмырадай
тас-түйін іс-əрекеттері. «Ессіз» жəне «таңданыс» сөздері кездескенімен,
бұл көрініске қозғалыссыз һəм жансыз құмыра ғана серпін беріп тұр.
Парадокс одан ары жалғасады: ол – күштеу-зорлау, жүгенсіз махаббат
көрінісінің бірі, алайда құмыраның өзі «əлі пəк қалыңдық» немесе
«тыныштық пен баяу уақыттың» перзенті күйінде қалды десе де болады.
Бұл жай қарапайым балаға ұқсамайды, «асыранды бала» сияқты.
Ойымызды одан əрі нақтылай түсуге болады. «Тыныштық пен баяу уақыт»
шынайы ата-ана емес, өгей ата-ана болар деп болжадық. Өздері перзентті
болу жасынан асып кеткен де сияқты. Сондықтан «балаға» ата-əжесі
есебінде. Құмыра əлі жаңа жəне бұзылмаған қалпында; өзінің көнелігіне
қарамастан əлі де жап-жас. Оның осындай болуына барлығын да аяусыз
жалмайтын уақыттың да үлесі бар.
Екінші шумақ бізді құмыра арқылы суреттелген, бірақ белгілі бір пішіні
бар тұтас болмыс ретіндегі құмыраға емес, оған жапсырылған
бөлшектермен бейнеленген басқа əлемге жетелейді. Сөйте тұра, біз бұл
əлемге енген кезде құмырада бейнеленген нысандар тұрғысынан тосын
үнсіздік жалғасады.
Шумақтың алғашқы жолдары біршама батыл тосындықты (парадоксті)
айғақтады, қанша оқылса да əсері басылмады. Біз оның өткірлігін қайтадан
оңай жаңғырта аламыз. Ілтипатпен, сақтықпен айтылса да, бұл тұжырым
қисынсыз, дегенмен ол – сөйлейтін құмыраның о бастағы ақиқат
метафорасының деңгейіндегі шыншыл оқиға. Бұрын естіп көрмеген əуен,
кез келген құлаққа таныс əуенге қарағанда, əсерлірек сезіледі. Ақын тіпті
өзінің менмендігін əжептəуір қулықпен бүркемелеп, «сендер жұмсақ
кернейсіңдер» деген сөздермен өрнектейді. Шындығында, біз «жұмсақ»
деген сын есімді мəжбүрлі түрде құптамай-ақ, ақынның метафорасын
қабылдауымызға болар еді. Кернейдің үні «естілмесе» де, одан шыққан
дауыстары ащы, дəл бірінші шумақтағы, құмырада қатып қалған
фигуралардың іс-əрекеттері тəрізді қатаң жəне салтанатты, төртінші
шумақтағы тəрізді баяу əрі еңсеңді езіп жіберетіндей жаназа жыры бола
алады. Одан басқа, кернейді «жұмсақ» деп сипаттаумен қатар, ақын өзінің
метафорасы үшін шынайы негіз ұсынды: керней үндесе, үйлесе өте жұмсақ
ойнайды;егер біз құлақ қойып тыңдайтын болсақ, оны ести аламыз; оның
əуені бір қалыпты қарапайым дыбыстың шегінен төменірек тұрады.
Осы жалпы парадокс шумақтың арқауына айналған: актерлер қозғалмаса
да, іс-əрекет жалғасады, əн толастамайды; ғашығы əнді қиып кете алмайды;
əрқашан сүюге лайықты, шындығында, ешқашан ғашық болып көрмеген
сұлу сол өзгермеген ару кейпінде қалады. Бойжеткен, расында да,
«тыныштығы бұзылмаған» құмыраның өзі сияқты: он екіде бір гүлі
ашылмаған пəк қалыңдық тіпті өзін сүйгенде де таңданбауының ақиқаты,
бəлкім, оның əу бастағы кір шалмаған тазалығында болар.
Ақын оқиға орнына, əдеттен тыс жастығы мен сұлулығына басты назар
аударған, оның өзі уақытқа кереғар, мəңгілік сипатқа ие болып тұр.
Сонымен қатар ақын өзінің метафорасына əділдікпен қарайды. Суреттелген
сұлулық жансыз болғандықтан, ол – мəңгілік. Сонымен бірге бірқатар
сөздерге ерекше басымдық бере отырып, сарынды біраз өзгертіп, сөздердің
астарлы мəндерінің мағынасын қоюландырып беруге де болар еді.
Сондықтан «сен тастап кете алмайсың /əніңді» деген сөздерді былайша
түсіндіруге болады: музыкант əуенді тастағысы келсе де, тастай алмайды,
ол оған тұтқын сияқты басыбүтін байланған. Дəл осындай тұспалдау
жолымен «ғашық жан толық қанағаттанбады жəне ол риза емес» дегенді
«ешқашан сүйе алмайсың/дегенмен қамықпа» деп нақтылап күшейтсе де
болар еді. Бұл жолдар ақынның өткір ажуаға берілгенін көрсету үшін
келтіріліп отырған жоқ, бірақ біз үшін парадокстің өте орынды
қолданылып отырғанын көрсетудің маңызы зор. Əсіресе ол келесі шумақта
көрінетін сарынның өзгеруі тұрғысынан құнды.
Осы үшінші шумақ, көптеген сыншылар атап өткеніндей, бұрынғы
мотивтердің (сарынның) қайталануын айғақтайды. Сахна төрінен
жапырақтарын төге алмаған бұтақтар, сергек сазгер һəм үнемі жалындаған
ғашық жан көрінеді. Шынында, мен «бұл шумақ алдыңғы нəзік те берік
негізгі шумақтардан алшақ кетті» деген айыптауға қарсы тұра алатыныма
соншалықты сенімді емеспін. Сахнада кешігіп тұрып қалу əсерлі деген де
түсінік бар. «Бақытты» деген сөздің қайталануы, сірə, басынан кешкен
оқиғаның көрінісі болуы мүмкін. Менің пікірімше, соңғы екі жолда емес,
дəл осы тұста мадақтаудың қателігін табуға болады. Дегенмен біз əлі де
үшінші шумақты қорғауға тырыссақ, онда біз қайталанған ойлардың тосын
мағыналарына баса көңіл аударып, діттеген ойымыздың үдесіне
жақынырақ келеміз. Себебі бұл шумақта, қандай да бір даму болмасын,
тосын элементке баса назар аударылады. Мəселен, «бұтақтар көктеммен
қоштаса алмауда» деген жолдар «ағаштар ешқашан жалаңаштана алмайды»
деген ойды қайталайды, алайда жаңа желі сөйлемнің салдарын күшейтіп
отыр. Төгілген жапырақтар – ишарат, көктем қуанышымен қоштасу сөздері.
2-шумақ сазгер естімеген əуен болғандықтан, ол оны əсерлірек орындайды.
Алайда үшінші шумақта өз махаббатынан бас тартпаған ғашық жандай,
оның да өз өлеңінен мезі болмағаны меңзеледі. Өлең де, махаббат та
аяқталмайды. Өлеңдер «ұдайы жаңалана береді, жаңалана береді», себебі
олардың шегі жоқ.
Парадокс «үнемі жылы сезімге бөленген əрі əлі күнге қуанышты» деген
ғашық жанның жағдайында одан əрі қарай жалғаса түседі. Тап осы жерде
екіұштылыққа тап боламыз. Себебі «əлі де қуанышты» деген сын есімді
«жылы» деген сын есім деңгейінде қолдануға болады, яғни «əлі таза һəм
жылы». Алайда жалпы поэманың мазмұны, махаббаттың жылуы əлі де
бойына тарамағанына байланысты деген мағынаны меңзеп тұр; «жылу мен
рахатты жалғастыруға негіз бар» деген тіркес, сонымен қатар «жылы,
себебі əлі де рақатын көруге болады» деген мағынаны білдіруі мүмкін.
Ақын өз метафорасын осы үшінші шумақта одан əрі дамытып, кеңейте
түскен сайын, ирониялық тепе-теңдік те əрі қарай дами түседі. Алғашқы
шумақтардағы «жылы» жəне «ынтызар» махаббат кейінгі шумақтарда
кенеттен «Сонау «жоғарыда» – жаратушы əлемде – адами құштарлықпен
тыныстаған» (ынтыққан) болып шығады. Бірақ бұл əу баста ынтығу
құштарлығы болса, соңында үздігу шегінен шығып, мүлде адами
құштарлықтан алыстап кетеді.
Кейінгі шумақтардағы ирониялық астарлы мағынаны баса көрсетудің
мақсаты – Китсті кемсіту емес, автордың өзі түсінбеген салдарын ашып
беру. Ақын өзінің не істегенін анық біліп отыр. Бұл – оның не
«бүлдіргенін» біздің толықтай түсініп отырғанымызға сенімді болу үшін
ғана жасалған ишара. Гэррод осы ирониялық астарлы ағысты сезіне
отырып, мұны Китстің өзі толық игере алмайтын элемент ретінде
түсіндіретін сияқты. Ол былай дейді: «Өзінің басты тақырыбына (өмірде
тұрақсыз, бірақ өнердің формасы ретінде тұрақты) шыншыл болу Китстің
өзі ойлағанынан да асып кетті».
Бұл – «
Достарыңызбен бөлісу: |