Curt
Ducasse
) пікіріне сəйкес, «эстетикалық» өнер – сыни сəттің ажырамайтын
бір бөлігі, сезімдерді саналы объектілендіру. Суретші белгілі бір
құбылысты объектілендіруге қатысты кемшілікті түзете алады. Бірақ бұл
өзін-өзі объектілендірудің алдыңғы əрекеттері сəтсіз болғанын немесе
«оның өзін-өзі объектілендіруді сəтті орындағанын ғана білдіреді. Соны
ашық көрсеткен кезде, басқаның мүддесіне бола біздің бас тартқанымызды
айғақтайды».
11
Сонда қалай болғаны? Өз-өзімізден бас тартудың немесе
қабылдаудың стандарты қандай? Ол туралы профессор Дюкасс еш нəрсе
айтпайды. Дегенмен, қалай болғанда да, бұл қалыптасқан пайым өнердің
анықтамасындағы объектілендіру шарттарымен шектелмейді. Өнер
туындысын бағалау ашық күйінде қалады, шығарма автордан тыс əлдебір
нəрсемен бағамдалады.
IV
Ақын шығармасын сынау бар һəм автор психологиясы бар, соңғысын осы
немесе келер шаққа қатысты қолданған жағдайда ол шабыттандыру
формасына енеді. Сондықтан автор психологиясының да тарихи мəні
болғандықтан, əдеби ғұмырнамаға ие боламыз. Тильярд мырзаның
пайымдауынша, заңды толыққанды зерттеу тұлғаға қатысты өздігінен
қолданылатын бір тəсіл болса, поэма – тек қосарлы (жарыспалы) тəсіл.
Əрине, дербес зерттеулердің поэтикалық зерттеулерден айырмашылығын
əдебиеттану ғылымы саласына қатыстылығы тұрғысынан кемсітуге
болмайды. Дегенмен дербес зерттеулердің поэтикалық сипатта болғандығы
себепті, оларды поэтикалық зерттеулермен шатастыру қаупі де бар. Бұл
алаңдаушылық пайымның мəні өлеңге баса-көктеп енуде жатқандай, ол
одан өніп те шықпайды жəне онымен үйлесім де таппайды.
Өлеңнің ішкі жəне сыртқы мағынасын айғақтайтын айырмашылық бар.
Парадокс тек сөз түрінде ауызша əрі үстіртін ұшырасады, ішкі түрінде (1)
де қоғамдық сипатқа ие. Өлеңнің мағынасы мен синтаксисі біздің тіл
туралы əдеттегі біліміміз арқылы, грамматика, сөздіктер, осы сөздіктер
негіз болып саналатын бүкіл əдебиеттер арқылы, жалпы осы мəдениет пен
тілді құрайтын құрамдас бөліктердің көмегі арқылы ашылады. Ал сыртқы
(2) мағынасы дегеніміз – ол жекеше немесе ерекше сипаты. Бұл тілдік мəн
(факт) ретінде жұмыстың бөлігі болып саналмайды. Ақын поэманы қалай
жəне неліктен, қай əйелге арнап жазды, қай көгалда отырды немесе қай
досының я болмаса бауырының қазасына арнап жазды деген сұрақтардың
(мəселен, журналдарда, хаттарда, жазылған əңгімелерді зерттей отырып)
мəнін ашады. Автордың өзінің яки ол мүше болған ұйымның бір мүшесінің
сөздерімен немесе тақырыптарымен байланысты жеке немесе ішінара
пікірлер туралы мəліметтердің өзіндік мəні болады. (3) Сөздің мағынасы –
сөздердің тарихы һəм автордың өмірбаяны, оның сөзді қолдануы. Автормен
байланысты сөздер сөз тарихы мен оның мағынасының бір бөлігі болып
есептеледі.
12
Десек те, дəлелдің үш түрі, əсіресе (2) мен (3) бір-біріне ұқсас
болғандықтан, олардың арасындағы айырмашылықты аңғару тұрғысынан
да, сыншылдық тұрғысынан да айтарлықтай қиындық туындауы əбден
мүмкін. Өмірбаяндық деректерді қолданғанда міндетті түрде интенция
қажет емес. Себебі бұл – автордың ойындағы дəлелі. Сонымен қатар оның
айтқан сөздерінің айғағы мен драмалық сипатын да анықтаушы. Екінші
жағынан, бұлай болмауы да мүмкін. Дəлелдің (1) жəне (3) түрімен
байланысы бар сыншы, ақырында, дəлелдің (2) яки (3) түрімен
айналысатын сыншыға қарағанда, мүлде басқа түсінік береді.
Мəселен, профессор Лоуестің «Ксанадаға жол»
(
Road to Xanadu
)
атты
жарқын туындысы (2) жəне (3) түрдің ортасында келеді. Кейде (2) түрдің
романтикалық талаптарынан асып кетіп отыратын сияқты. «Құбылай хан»
(
Достарыңызбен бөлісу: |