Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет34/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Sunday Times
» басылымында Дж. Дональд Адамс мырза
шөліркеген қойлардың жоғары қарап, шөп жемей тұрғанын айтады. Ал,
Адамс мырзаға қарағанда, мораль мəселелерімен бастарын қатыра
бермейтіндер «құрғақ эстетизмге» мұрнын шүйіре қарайды. Оның үстіне,
егер біз еңбекті оқитын оқырманды, осы еңбек кімге арнап жазылғанын
есепке алмайтын болсақ, əдебиет тарихшысы айтқандай, Рим папасы
жазған поэзия түрлері секілді оның да оқырмандарына жағдай жасағанына,
яғни шығармасындағы күрделі тұстарды жұмсартқанына назар аудару
керек.
Мен ішкі дүниенің ақтарылуға бейім сол бір жай-күйіне жаным
ашығандықтан да бұл қарсылыққа қатысты ойымды, шамам келгенінше,
соншалықты өткір айтып бақтым. Адамның тəжірибесі əрбір жеке
бөліктері басқасынан бөліп алуға келмейтін тігулі киім іспеттес. Сөйте
тұра, біз бөліктердің бір-бірінен ажырамау фактісін салыстыру арқылы
айырмашылықтарды қарастыруға қарсы болсақ, онда жалпы сыншылдық
жөнінде сөз қозғаудың өзі қисынсыз. Мен мұндай айырмашылықтардың
қажеттігі əрі пайдалылығы дау тудырмайды деген ойға тұрақтадым.
Поэмаларды, сценарийлерді, романдарды адамдар жазатыны, олардың
жайдан-жай емес, белгілі бір себептерден, кейбір тұлғалардың қалауынан,
мысалы, пайда табу немесе өзінің шығармашылық қарым-қабілетін таныту
мақсатында туындайтыны формалистік сыншыға да, өзге зерттеушілерге де
аян. Сонымен бірге формалист сыншы, кез келген басқа адам сияқты, əдеби
шығарма оқылғанға дейін құр мүмкіндік қана екенін түсінеді. Олар


өздерінің қабілеттері, қызығушылықтары арқылы ерекшеленетін нақтылы
оқырман санасында қайта жаңғырады. Формалистік сыншыны, негізінен,
тек жұмыстың өзі ғана қызықтырады. Автордың ой қызметі туралы
болжамдары сыншының назарын еңбектен өмірбаян мен психологияға
бұрып жібереді. Əрине, оның жеке пайдасына бола өмірбаян мен
психологиядан бас тартуына себеп жоқ. Мұндай зерттеулер өте маңызды.
Солай бола тұрса да, оларды жұмыстың баяндалуымен шатастырмау қажет.
Мұндай зерттеулерде белгілі бір заттардың құрылымы емес, құрылу үрдісі
суреттеледі жəне сапасы нашар жұмыс үшін де, сапалы жұмыс үшін де
əділдікті ұстанады. Олар кез келген əдеби жəне əдеби емес пікір білдіру
үшін де жарамды бола алады.
Екінші жағынан, еңбекте қамтылған əр алуан ой-пікірлерді пайымдау
сыншыны психология мен талғам тарихын зерделеуден де алшақтатып
жібереді. Бұл еңбектен алар мағлұматымыз мол болғандықтан, оқуға əбден
тұрарлық. И.A. Ричардс оқырмандардың гомогендік тобынан түрлі
тəжірибелердің шығатынын тамаша дəлелдеп берді. Барлық ғалымдар
XVIII ғасырдың оқырманымен салыстырғанда, XIX ғасыр оқырманының
мүлде басқа қырынан көрінгенін атап айтады. Осы сөзін тірілту үшін Джон
Донның лирикасын бағалау бір тарихи кезеңнен екінші тарихи кезеңге өту
барысында күрт өзгеріске ұшырап отырғанын тілге тиек етеді. Осының
бəрін саралай келе, мұндай еңбектің қаншалықты құнды екенін немесе
қажет болған жағдайда, оны аталмыш туынды хақында жазылған сыннан
ажырата білу қажеттігі туындайды. Формалист сыншы еңбектің өзін сынау
мақсатын көздегендіктен, екі түрлі негізгі болжамға иек артады: 1) автор
ойының қисынды бөлігі оның еңбегіне енген деп тұспалдайды; яғни, оның
пікірінше, автордың ниеті саналы мəні бар «талап» ретінде қарастырылады,
оның белгілі бір əрекетті орындау ниетін түсінуі немесе оны жүзеге
асыруға қашан кірісетінін қазір есіне алуы маңызды емес; 2) формалист
сыншы мінсіз оқырманды қарастырады. Белгілі бір оқулардың түрлі
қырларына назар аударудың орнына, ол негізгі қайнаркөзді нысана етіп
алып, сол арқылы поэманың немесе романның жалпы құрылымына назар
аударуды көздейді.
Осылай деп тұжырым жасағанымызбен, идеалды оқырман болмайды.
Өйткені кейбіреулер сыншының бұл көзқарасын оның жеке соқыр наным,
ой-пікірлері дей келе, өзін идеалды оқырман орнына қойған кəдімгі
тəкаппарлық деп санар еді. Əрине, мінсіз оқырман жоқ. Менің ойымша,
тəжірибелі сыншы өзінің оқуы мен поэманы «шынайы» оқу арасында


үлкен бос кеңістіктің (
gap
) бар екенін жиі есіне алып отырады. Бірақ бұл –
өзінің поэмаға қатысты жеке əсерінен гөрі поэманың өзіне көбірек назар
аудару мақсатында жасалған уəжді стратегия. Сөйтіп, сыншының қандай да
бір ұстанымына қарамастан, бұл стратегияға барлық сыншылар арқа
сүйеуге мəжбүр болады. Ал аталмыш стратегияға балама болатын
əрекеттер оң нəтиже бермеді. Біз бір адамның оқуы екінші біреудің
оқығанынан жақсы екен деп, екі оқуды абсолютті теңдік қағидасы негізінде
теңдестіріп, кез келген жалпы үлгідегі оқылым мүмкіндігін теріске
шығарамыз 
немесе 
түрлі 
оқылымдардың 
ең 
төменгі 
ортақ
қорытындыларын қабылдаймыз. Олай дейтініміз, шындығын айтқанда, біз
əдеби сыннан əлеуметтік психологияға қарай бет бұрамыз. «Білікті»
оқырмандар пікірлерінің ортақ келісімі бойынша, идеалды оқырманды жай
ғана идеалды оқырмандар тобына бөлуді ұсыну өзара топтар қалыптастыру
дегенді білдіреді. Осындай бөліністің нəтижелері көрсеткендей, формалист
сыншы əдеби құндылықты сынайтын екі танымал əдісті теріске шығарады.
Біріншісі еңбектің құндылығын автордың «шыншылдығы» арқылы
көрсетеді (немесе автордың шығарма жазудағы сезім толғаныстарының
шынайылығын дəлелдейді). Егер Гуест мырза өлең жазуға жан-тəнімен
құштар болғанын айғақтамаса, бізді əсерлендіре алмаған болар еді.
Дегенмен Гуест мырзаның бұл сөзіне күмəн келтірерлік ешқандай себепті
көріп тұрған жоқпын. Бұл сыни көзқарас тұрғысынан тіпті орынсыз болар
еді. 
Time
журналының жуырдағы бір санында Эрнест Хэмингуэй өзінің
соңғы романын таңдаулы деп санайтынын мəлімдеді: бұл жазушының
өмірбаяны үшін маңызды болуы мүмкін. Десек те, «Өзенді кешіп, тоғайға
жеткендені» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет