46
−
болашақ
информатика
мұғалімінің
бұлттық
технологиялар
саласындағы құзыретінің қалыптасуы мониторингінің өлшемдері мен
көрсеткіштерін әзірлеу.
Оқу материалын іріктеу және құрылымдау маманның іс-әрекеттері мен
операциялары арқылы нақтыланатын кәсіби қызмет түрлерін
талдау негізінде
жүргізіледі. Теориялық білімнің жиынтығы қызметтің барлық компоненттерін
егжей-тегжейлі сипаттағаннан кейін және мамандық бойынша, кәсіптік цикл
пәндері бойынша, студенттердің практикалық
іс-әрекетінің мазмұны мен
ұйымдастырылуы бойынша білімнің, дағдылардың негізгі компоненттерін
анықтағаннан кейін құрылады. Содан кейін модульдік технологияға негізделген
оқу және жұмыс жоспарлары, бағдарламалар нақтыланады және түзетіледі.
Психограммаларда көрсетілген мамандардың
кәсіби маңызды қасиеттерін
қалыптастыру мәселелері студенттердің оқу-практикалық қызметі шеңберіндегі
тәрбие үдерісінің аспектілерін құрайды.
Бұлттық технология құзыреттілігін тұтас ұсыну және қалыптастыру
үдерісі принциптерді, жағдайларды, технологияларды, факторларды, тәсілдерді
анықтауды қамтиды. Негізгі тәсілдерге жеке тұлғаға бағытталған; іс-әрекетке
бағытталған,
технологиялық;
профессиографиялық;
кәсіби
маңызды
қасиеттерді анықтау тәсілі, деңгейлік және құзыреттілік тәсіл жатады. Аталған
тәсілдерді қолдану
біліктілік сипаттамасына, жоғары оқу орындарында білім
берудің кәсіби білім берудің жаңа стандарттарына, кәсіптік қызметтің
компоненттеріне,
кәсіптік құзыреттілікке, қойылатын талаптарды анықтауға,
нақтылауға, негізгі қызмет түрлерін, кәсіби маңызды қасиеттерді, педагогтың
жеке
қасиеттерін, мұғалімдердің қызығушылықтарын, бейімділіктерін,
қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: