«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы» пәнінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. 9-сыныптағы «Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық гео-
графиясы» пәнiнен «Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы»
тарауын iрi блокпен оқыту тиімді. Тарау бойынша сабақтың жос-
парын төмендегiдей құрдық.
№ Өтiлетiн сабақтың тақырыбы
Сағат саны
1
Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының табиғат
жағдайлары мен табиғат байлықтары.
1
2
Оңтүстiк жырлары – география сабағында (саяхат)
1
3
Шаруашылық географиясы
1
4 Оңтүстiк Қазақстанның қалалары
1
5 Қорытынды-қайталау сабағы
1
87
Тарау бойынша өтiлетін дәстүрлi сабақтардың бiрi –
«Оң- түстiк жырлары-география сабағында » атты саяхат сабағы.
«Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағ-
дайлары мен табиғат байлықтары» тақырыбында өткiзiлген жаңа
бiлiмдi меңгерту сабағында туған өлке табиғатына, атамекенiне
деген ыстық ықыласынан шыққан жырлар арқау етiлдi.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Оңтүстiк Қазақстан эконо-
ми калық ауданының табиғаты мен байлықтары, оның қазiргi таң-
дағы дамуы туралы бiлiм беру. Табиғатты, атамекендi қорғауға,
аялауға тәрбиелеу, карта, бұқаралық ақпарат материалдарымен
жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру. Өлең-жырлар арқылы са-
бақты өрнектеп отырдық.
Мақсатымыз: оқушыларды өлең-жыр ларды жатқа айтуға дағ-
ды ландыру және өлеңдер арқылы атамекенге сүйiспеншiлiгiн
қалып тастыру.
Ұйымдастыру кезеңiнен кейiн үй тапсырмасын сұрау мақса-
тында Солтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы бойынша тө-
мендегiдей сұрақтар қойылды:
1. Солтүстiк Қазақстан экономикалық ауданына қарасты об-
лыстарды атап, картадан көрсетiңiздер.
2. Табиғат жағдайларында қазiргi таңда қандай өзгерiстер бо-
луда?
3. Табиғат байлықтарының өндiрiлуi мен өңделуi қандай
дәре жеде?
4. Өнеркәсiбiнiң басты салаларын атаңыздар.
5. Ауылшаруашылығының басты салалары қандай?
6. Халқының қоныстануы мен қазiргi құрамы туралы не ай-
ту ға болады?
7. Ауданның сыртқы экономикалық байланысы қандай жағ-
дайда?
8. Қазiргi таңда қандай экологиялық мәселелер туындауда?
9. Iрi кәсiпорындарымыздың шетелдiк алпауыттардың қолы-
на берiлуi дұрыс па?
10. Солтүстiк Қазақстан ауданының климатының өзгеру себе-
бi неде?
Сұрақтарға жауаптар алынып, оқушылар бiлiмдерi саралан-
ды.